Жануар физол


 Ішек сөлі ферменттерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет174/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

22. Ішек сөлі ферменттерінің сипаттамасы 


 

226


Ферменттер  

 

рН  


оптимум

ы 

Əсер 

ететін 


субстраты 

Түзілетін  ыдырау 

өнімдері 

Пептидазалар 

 

Рибонуклеаза  



 

Дезоксирибнуклеаза 

 

Мальтаза,лактаза,сахара



за 

 

Сілтілік фосфатаза 



 

 

Энтерокиназа 



7,0- 8,0 

 

6,5-7,0 



 

6,5-7,0 


 

6,5-7,0 


 

 

7,5-8,0 



Олигопептидтер 

 

РНК  



 

ДНК 


 

Дисахаридтер 

 

 

Фосфорлы 



эфирлер 

 

Трипсиноген 



Амин қышқыл дар 

Мононуклеотидтер 

Мононуклеотидтер 

Глюкоза, 

галак 

тоза,фруктоза 



 

Фосфорсыз 

қосылыстар  

 

Трипсин 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ішек  сөлі  жалпы  бездерге  тəн  секрециялық  процесс  негізінде  бөлінеді. 



Сонымен  қатар  ішекте  сөл  бөлудің  голокриндік  түрі  де  кеңінен  байқалады. 

Сөл  бөлу  барысында  кілегейлі  қабықтан  көп  мөлшерде  эпителиоциттер 

сыдырылып,  олар  шырышты  түйіршіктер  түзеді.  Осы  түйіршіктерде  ішек 

сөліндегі  ферменттердің  көп  бөлігі  шоғырланады,  ал  сыдырылған 

торшалардың  орнына  жаңа  торшалар  өсіп  отырады.  Олардың  жаңару 

қарқыны  қарынның  кілегей  қабығымен  салыстырғанда  екі  есе  шапшаң 

жүреді. 

 Ішек сөлінің бөліну ерекшеліктері ішек қиындысын оқшаулау əдістерімен 

зерттеледі.  Тири  əдісі  бойынша  ұзындығы  20-30  см  ішек  қиындысының  бас 

жағы тұйықтала тігіледі де, артқы ұшы сыртқа шығарылып, теріге бекітіледі. 

Кесілген  ішекті  хирургиялық  жолмен  жалғастырады  (94-сурет).  Тири–Велла 

əдісінде  оқшауланған  ішек  қиындысының  екі  ұшы  да  сыртқа  шығарылып, 

теріге тігіледі. Ішекті И.П.Павлов принциптерін ескере отырып, жүйке мен ет 

талшықтарының  байланысын  үзбей  оқшаулау  əдістері  де  кеңінен 

қолданылады. 

Ішек  сөлінің  жалпы  мөлшерін  шамамен  есептеп  шығаруға  болады.  Ол 

үшін  ішектің  оқшауланған  қиындысының  ұзындығын  білу  керек.  Тəулігіне 

шамамен қоян 0,04-0,05 л, ит - 0,4-0,6, қой - 2-4, шошқа - 4-6, жылқы- 10-15, 

ірі қара - 25 - 30 л ішек сөлін бөледі. 




 

227


 

 

94-сурет. Ішек қиындысын оқшаулау: А -Тири, Б - Тири-Велла, В -Синеще-

ковтың айналым жолын (анастомоз) жасау əдістері: 

1- ішектің теріге тігілген ұшы; 2- кесілген ішекті жалғастыратын түтік 

 

Ішек  сөлі  толассыз  бөлінеді.  Кезеген  жүйкені  тітіркендіргенде  оның 



бөлінуі күшейеді. Ішек қуысындағы химустың механикалық əсерінен де сөл 

бөлу  күшейеді.  Ішек  сөлінің  бөлінуін  асқазан  сөлі,  белоктардың  ыдырау 

өнімдері,  сүт  қышқылы  жəне  химус  құрамындағы  басқа  химиялық  заттар 

шапшаңдатады.  Ішек  бездерінің  қызметіне  ішектің  өзінде  пайда  болған 

гормондар да əсер етеді. Дуокринин гормоны бруннер бездерінің қызметін, ал 

энтерокринин гормоны либеркюн бездерінің қызметін жандандырады. 

    Ұйқы  безі  сөлінің  құрамы  мен  маңызы.  Ішек  қуысындағы  ас  қорыту 

процесінде  ұйқы  безінің  маңызы  өте  зор.  Ұйқы  безінің  сөлі  түссіз,  мөлдір, 

сілтілік ортасы бар (рН - 7,2-8,50) сұйық зат. Оның құрамында 98-99 пайыз 

су,  1-2  пайыз  құрамына  натрий,  калий,  кальций,  магний,  темір  элементтері, 

хлоридтер,  карбонаттар  жəне  муцин  енетін  құрғақ  зат  болады.  Сөл 

құрамындағы  трипсиноген,  химотрипсиноген,  карбооксиполипептидаза, 

пептидаза, 

амилаза, 

мальтаза, 

лактаза, 

липаза, 

фосфолипаза, 

дезоксирибонуклеаза  ферменттерінің  əсерімен  белоктар,  көмірсулар  жəне 

майлар  қорытылады.  Бұл  аталған  ферменттермен  қатар  сөл  құрамында 

нуклеин  қышқылдарын  нуклеотидтер  мен  фосфор  қышқылына  ыдырататын 

рибонуклеаза ферменті болады. 

    Ұйқы  безі  құрамындағы  бұйығы  трипсиноген  молекуласының  N  ұшынан 

ішек  сөлінің  құрамындағы  энтерокиназа  ферментінің  əсерімен  алты  амин 



 

228


қышқылынан  құралған  фрагмент  бөлінеді  де,  ол  белоктарды  ыдырататын 

белсенді  трипсинге  айналады.  Трипсин  сілтілік  ортада  əрекет  етеді,  оның 

əсерін  бауырда  түзілетін  өт  жандандырады.  Өз  кезегінде  трипсин 

химотрипсиногенді химотрипсинге айналдырады. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет