Энергия алмасуын зерттеу əдістері. Жоғарыда қабылданған азық
құрамын анықтау арқылы организмге түсетін энергияны оңай табуға
болатынын атап өттік. Ал организм шығындайтын энергия мөлшерін табу
қиынырақ. Егер организм қабылдаған органикалық заттар толығымен
ақырғы өнімдерге дейін ыдырап кетсе, онда энергия шығынын энергия
кірісімен бірдей мөлшерде деп алуға болар еді. Бірақ белоктың ыдырауы
барысында шала тотыққан алмасу өнімдері көп мөлшерде түзіледі. Осы
себепті организмдегі энергия шығынын жеке зерттеп табу керек.
Зат алмасу процесі кезінде босанған энергия организмнен жылу түрінде
бөлінеді, сондықтан организмдегі жылу алмасуына қарап энергия алмасуын
анықтауға болады. Бұл үшін негізінен екі түрлі əдіс қолданылады: тікелей
калориметрия жəне жанама калориметрия.
Тікелей калориметрия - организмнен сыртқа бөлінетін жылуды өз бойына
сіңіріп алуға арналған күрделі аппарат - калориметриялық камера қолдануға
негізделген əдіс (112-сурет). Зерттелетін организм камераның ішіне
орналастырылады. Камераның қабырғасы жылу өткізбейтін материалдармен
қапталады да, оның төбесінде су жүретін калориферлік құбырлар өтеді. Осы
су жылу сіңіргіш рөлін атқарады. Тəжірибе кезінде камераға келген жəне
одан ағып шыққан судың температурасы мен жалпы массасы өлшенеді.
ĸë
îñû
æîëìåí
(ê-ëîðèìåтðèÿëûº
º½тû
ê¼ìåãiìåí) íåñåïтi», í¸æiñ
т
i» æ¸íå ì-ë ¼íiìäåðiíi»
ê-ëîðèÿëûº º½íäûëû¹ûí
-íûºт-ó¹-
áîë-äû.
͸æiñтå
ýíåðãèÿ
ºîðûтûëì-¹-í
-çûº
º-ëäû¹ûíä-, ýíäîãåí äi
ºîñûëûñт-ðä-,
ìèêðî-
îðã-íèçìäåðäå
ñ-ºт-ë-äû.
Íåñåïтå
ýíåðãèÿ -çîттû ç-тт-ð
(íåñåïí¸ð,
ãèïïóð
ºûøºûëû,
êðå-тèí,
-ëë-í- тîèí) ìåí -çîтñûç
ºîñû ëûñт-ð (ãëþêóðîí
ºûøºû- ëûíû» т½çä-ðû,
ëèìîí
ºûøºûëû)
304
Арнаулы термометр арқылы камераның ішкі бетінің температурасын
анықтап, оның сыртқы бетінің жылуын сол деңгейде ұстайды. Калориферлік
түтікшелерден
өткен
судың
массасын,
бастапқы
жəне
соңғы
температурасын, камера ішіндегі ортаның бастапқы жəне тəжірибе
соңындағы температурасын білу арқылы организмнен бөлінген жылу
мөлшерін есептеп табуға болады.
112-сурет. Этуотер-Бенедикт калориметрінің схемасы:
1,2 - термометрлер; 3 - суды жинап өлшеуге арналған бак; 4- азық беріп, мал
бөлген заттарды шығаратын терезе; 5 - малды бақылайтын терезе; 6 -
желдеткіш; 7,9 - суды сіңіру үшін күкірт қышқылы құйылған бактар; 8 -
көмір қышқыл газын сіңіретін қондырғы; 10 – камерадағы қысымды тұрақты
деңгейде ұстауға арналған құрал; 11 - газ сағаты; 12 - оттегімен толтырылған
баллон.
Аппаратта камерадағы ауаны сорып алып, көмір қышқыл газы мен
ылғалдықтардан тазартып, оттегін өлшеп, қажетті мөлшерде камераға айдап
отыратын қондырғы болады. Мұндай аппаратты алғаш рет 1890-1893
жылдары Ресейде В.В.Пашутин мен А. Лихачев жасады, ал осыдан алты жыл
өткен соң 1899 жылы АҚШ-та У.Этуотер мен Ф.Бенедикт қолданды.
Тікелей калориметриялық жолмен энергия алмасуын зерттеу мақсатында
теңгергіш (компенсациялық) камералар да қолданылады. Бұл аппарат
құрылысы мен мөлшері жағынан бірдей екі камерадан тұрады. Бір камераға
зерттелетін жануарды орналастырып, екіншісіне – жылытқыш аспап
қойылады. Арнаулы термоэлектрлік құрылымның көмегімен екінші камера
автоматты түрде бірінші (мал орналасқан) камерадағы жылу деңгейіне дейін
305
қыздырылып отырады. Екінші камераны жылытуға жұмсалған энергия
мөлшеріне қарап мал организмінен бөлінген жылуды анықтауға болады.
Соңғы жылдары бұл мақсатта градиентті калориметрлер қолданылып
жүр. Бұл жүйедегі калориметриялық камераның ішкі беті арнаулы жылу
өткізбейтін материалдармен (жұқа мыс қаңылтырмен, целлофанмен, шыны
матамен) қапталады. Мыс- константан термоэлементтерінің жəрдемімен
жылу өткізбейтін материалдың ішкі жəне сыртқы беткейіндегі температура
айырмасы өлшенеді. Бұл аппарат мал бөлген жылудың аз ғана
ауытқуларының өзін тіркеп отыруға мүмкіндік береді.
Аталған калориметриялық камералардың көптеген кемшіліктері бар жəне
бұл əдіс өте күрделі. Сол себепті практика жағдайында көбінесе басқа -
жанама калориметрия əдісі қолданылады.
Жанама калориметрия əдісі бойынша организмнің энергия шығыны ол
қабылдаған оттегі мен бөлген көмір қышқылы газы мөлшеріне қарай
анықталады. Оның себебі организмдегі энергия көзі - онда жүретін тотығу
процестері. Тотығу кезінде органикалық заттардың құрамындағы оттегін
пайдаланып, көмір қышқыл газы босап шығады. Демек, газ алмасуды зерттеу
арқылы организмнің энергия шығынын табуға болады. Ол үшін белгілі бір
уақыт ішінде организм сіңірген оттегі мен бөліп шығарған көмір қышқыл
газдың мөлшерін білу керек. Организм 1 л оттегі қабылдағанда, немесе 1 л
көмір қышқыл газын бөлгенде белгілі мөлшерде жылу түзіледі, оны
оттегінің немесе көмір қышқыл газының калориялық коэффициенті деп
атайды. Ал организм сіңірген оттегі мен ол бөлген көмір қышқыл газының
мөлшерін анықтау үшін арнаулы респирациялық камералар қолданылады.
Олардың алғашқы модельдерін 1886 жылы орыс оқымыстылары
В.В.Пашутин мен М. Н. Шатерников жасаған (113-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |