Жануар физол


БӨЛУ ЖҮЙЕСІНІ³ ФИЗИОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет232/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

БӨЛУ ЖҮЙЕСІНІ³ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

               10.1. Бөлу (экскреция) процесінің маңызы  

Зат  алмасу  процесі  барысында  бір  жағынан  организмге  қажетті  жаңа 

қосылыстар түзілсе, екінші жағынан организм пайдалана алмайтын қажетсіз 

ыдырау  өнімдері  пайда  болады.  Олардың  арасында  белок  пен  нуклеин 

қышқылдарының  ыдырау  өнімдері  -  несепнəр,  несеп  қышқылы,  креатинин, 

аммиак  сияқты  уытты  өнімдер  организмде  көп  жиналса,  тіршілікке  қауып 

төніп,  организм  уланады.  Қалыпты  жағдайда  бөлу  жүйесіне  жататын 

органдар  қызметінің  нəтижесінде  уытты  ыдырау  өнімдерінің  мөлшері  бір 

деңгейде сақталады. Организмнің зат алмасу процесінің уытты өнімдерінен, 

түрлі  бөгде  заттардан,  су,  тұз  жəне  органикалық  заттардың  шамадан  тыс 

артық  мөлшерінен  арылуын  қамтамасыз  ететін  процесті  бөлу  немесе 

экскреция деп атайды. 

Малда бөлу қызметін бүйрек, өкпе, тері, ас қорыту жолы атқарады. Өкпе 

арқылы организмнен көмір қышқыл газы, су буы, наркоздан кейін эфир мен 

хлороформ,  алкоголь  буы  бөлінеді.  Ішек  арқылы  ауыр  металл  тұздары,  өт 

бояуларының өнімдері бөлінеді. 



 

318


Жоғары сатыдағы жануарларда негізгі бөлу органы бүйрек. Бүйректе зəр 

(несеп) түзіледі. Оның құрамында организмнен зат алмасу процесінің ақырғы 

өнімдері,  негізінен  азотты  заттар  –  несепнəр,  несеп  қышқылы,  аммиак, 

креатинин, креатин бөлінеді. 

Бүйрек көпқырлы қызмет ақаратын орган. Организмнен азотты заттардың 

ыдырау өнімдері мен əр түрлі бөгде заттарды шығарумен қатар, ол денедегі 

сұйықтың мөлшерін, осмостық қысым деңгейін, қанның иондық құрамы мен 

қышқыл-сілтілік  тепе-теңдігін,  белоктардың,  көмірсулардың,  липидтердің, 

дəрмендəрілердің алмасуын реттеуде маңызды рөл атқарады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет