Жануар физол


ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет27/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

ҚАН ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ 

4.1. Қанның маңызы 

Қан - құрамы мен физика - химиялық қасиеттері салыстырмалы тұрақты 

биологиялық  сұйық.  Қан,  лимфа  жəне  ұлпа  аралық  сұйық  бүкіл  дене 

торшаларын,  ұлпаларын    шаймалап  жататындықтан  олар  организмнің  ішкі 



сұйық  ортасы  деп  аталады.  Бір  торшалы  қарапайым  организмдер  сыртқы 

ортадан  қажетті  заттарды  бүкіл  денесі  арқылы  қабылдап,  керексіз  ыдырау 

өнімдерін  сол  арқылы  бөліп  отырады.  Ал  жоғары  сатыдағы  жануарларда 

мұндай  мүмкіндік  жоқ.  Олардың  сыртқы  қабығының  рөлін  орындайтын 

терісі  қоршаған  ортадан  қажетті  заттарды  сіңіре  алмайды.  Сондықтан 

жануарлар  организмінің  торшалары  сыртқы  ортамен  қан  арқылы 

байланысады.  Бірақ  қан  тамырлардан  шықпайды  да,  торшалармен  тікелей 

жанаспайды.  Организм  торшалары  қан  кұрамынан  пайда  болатын 

торшааралық сұйықпен, немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті лимфа 

мен  ұлпа    аралық  сұйық  шын  мəнісіндегі  организмнің  ішкі  ортасы  болып 

саналады, ал қан тек шартты түрде ішкі ортаға жатқызылады. 

Қан  арқылы  торшалар  мен ұлпаларға қажетті  қоректік  заттар  мен  оттегі 

жеткізіліп,  олардан  зат  алмасу  нəтижесінде  пайда  болған  қажетсіз  ыдырау 

өнімдері  шығарылып  отырады.  Бұл  тұрғыда  қан  тасымалдаушы  қызмет 

атқарады.  Мысалы,  қан  торшаларға  глюкоза,  амин  қышқылдары,  май, 

минералды  заттар, дəрмендəрілер,  су  жəне оттегі  сияқты заттарды  жеткізіп, 

одан несепнəр (мочевина), несеп қышқылы, аммиак, көмір қышқылы сияқты 

ыдырау  өнімдерін  алып  шығады  да,  оларды  бөлу  мүшелеріне  (бүйрек,  тер 

безі, өкпе, т.б.) жеткізеді. 

Тоқтаусыз айналымда болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі 

таралуына мүмкіндік  береді де, жылу реттеуші  қызмет атқарады.  Қанның 

жəрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. 

Əр түрлі мүшелер мен торшалардың əрекеті кезінде түзілген өнімдерді, 

ішкі  секреция  бездерінде  пайда  болған  биологиялық  белсенді  заттарды 

(гормондарды)  тасымалдап,  қан  организм  торшаларын,  ұлпаларын, 

мүшелерін 

өзара 

байланыстырады, 



демек 

байланыстырушы 



коррелятивтік қызмет атқарады. 

Қанға қорғаныстық қызмет те тəн. Ол қан құрамында лейкоциттер (ақ 

түйіршіктер)  мен  əр  түрлі  қорғағыш  денелердің  болуына  байланысты. 

Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді де, қорғағыш (антиденелер) 

денелер  (агглютинин,  преципитин,  антитоксин,  гемолизин  т.б.)  организмге 

өткен  микробтарды,  олар  бөлетін  уытты  заттарды  (токсиндерді) 

залалсыздандырып,  бөгде  белоктарды  ыдыратады,  сөйтіп  организмге  түрлі 

ауруларға қарсы тұра алатын қабілет - иммунитет береді. 

 



 

36



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет