356
жағынан
да
ерекшеленеді.
Салқын
қанды
жануарлар
эпифизі
фоторецепциялық аппарат болса, сүт қоректі жануарларда ол эндокриндік
без болып есептеледі. Мысалы, кесірткенің “төбелік көз” деп аталатын
органында көз бұршағы мен көздің торлы қабығының элементтеріне ұқсас
құрылымдар табылған. Бұл орган жарық деңгейінің өзгерістерін қабылдап,
оған байланысты жануардың реакциясын туындатып отырады.
Сүт қоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы
төмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасымен
арнаулы сабақша арқылы жалғасқан. Ол дəнекер ұлпалы қабықпен қапталып,
көмескі бөлікшелерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлікшелері екі түрлі
торшалардан - пинеальдық (пинеалоциттерден) жəне глиялық, құралған. Бұл
торшалар жарық сезгіштік (фоторецепциялық) қабілетін жоғалтып, безді
ұлпаға айналған. Сонымен қатар бұл без мимен жүйкелік қатынасын
жоғалтқан, симпатикалық жүйкемен автономды сипатта жүйкеленеді жəне
қан тамырларымен жақсы жабдықталған.
1959 жылы Лернер ірі қара эпифизі сығындысынан терінің пигменттік
торшаларына əсер ететін мелатонин деп аталған биологиялық белсенді зат
бөлген. Химиялық тұрғыдан ол индолдың туындысы болып табылады.
Мелатонин трифтофан қышқылынан түзіледі. Алдымен трифтофан
молекуласы трифтофан-гидроксилаза ферментінің əрекетімен гидроксил
тобын қосып, 5-гидрокситриптофан түзіледі. Ол карбоксилсіздену
реакциясының нəтижесінде серотонинге айналады. Серотонин N-
ацетилтрансфераза
əсерімен
N-ацетилсеротонин
түзеді
де,
одан
гидроксиндол-0-метилтрансфераза əсерімен мелатонин пайда болады.
Эпифизде күндіз серотониннің, ал түнде - мелатониннің мөлшері артады.
Бұл серотониннің мелатонинге айналуын реттеп отыратын ферменттің
белсенділігінің өзгеруімен байланысты. Аталған заттармен қатар эпифиз
əсерімен симпатикалық жүйке талшықтарының ұшында көп мөлшерде
норадреналин түзіледі. Түнде норадреналин мөлшері де көбейеді. Қараңғы
кезде норадреналин мен мелатониннің мөлшерінің өсуі эпифиздің
жүйкелену ерекшелігіне байланысты. Бұл без симпатикалық жүйкенің
алдыңғы мойындық түйінен басталатын жүйке талшықтарымен жүйкеленеді.
Қараңғы кезде алдыңғы мойындық түйін нейрондарының белсенділігі
күшейеді де, жүйке ұшында көп мөлшерде норадреналин түзіледі. Өз ретінде
норадреналин N-ацетилтрансфераза ферментінің əрекетін жандандындырып,
серотониннің ацетилдену процесін жылдамдатады да, оны мелатонинге
айналдырады.
Қазіргі кезде эпифиздің жыныс бездерінің қызметін төмендететін қабілеті
анықталды. Оның жыныс бездеріне əсері күннің ұзақтығына байланысты
өзгереді. Күннің ұзаруы гипоталамус-гипофиз-жыныс бездері жүйесінің
қызметін жақсартып, эпифиз жұмысын бəсеңдетеді. Ал жарықтың азаюымен
байланысты эпифиздің қызметі күшейіп, жыныс бездерінің əрекеті тежеледі.
357
Бұл ерекшелікті өндірістік құс шаруашылығында тауықтың жұмыртқалағыш
қабілетін өсіру үшін пайдаланады.
Күннің ұзақтығын жасанды түрде ұзарту күз-қыс маусымдарында жабайы
құстардың жыныстық қызметін күшейтіп, аңдарда (түлкі, ақ түлкі, жанат,
күзен, қара күзен) мауығу (шағылысу) кезеңінің басталуын тудырады. Дəл
осы жолмен саулықтардың жыныстық айналымын өзгертіп, оларды əрбір 7
ай сайын күйтке келтіруге, қоздау мерзімін жиілетуге болатыны ғылыми
түрде дəлелденген. Қой, теңіз мысығы т.б. жануарларда жүргізген
зерттеулер қыс мерзімінде эпифиздің қызметінің күшейетінін көрсеткен.
Солтүстік полюсте тіршілік ететін жануарлар эпифизі ірірек келеді.
Жыртқыш аңдар мен қоян тектестердің көбеюіндегі маусымдық
ерекшеліктер де эпифиздің қызметімен байланысты.
Жоғарыда баяндалған жайларды қорыта келіп, жарықтың күшіне
байланысты эпифиз қызметінің өзгеруін былай негіздеуге болады. Жарық
сəулесінің əсерінен көздің торлы қабығындағы таяқшалар мен сауытшаларда
пайда болған тітіркеніс төменгі көру жолы арқылы мойынның алдыңғы
симпатикалық түйініне беріліп, оның нейрондарының қызметін бəсеңдетеді.
Осымен байланысты эпифиздегі симпатикалық жүйке ұштарында
норадреналиннің түзілуі баяулайды. Ал, норадреналиннің серотониннің
мелатонинге айналуын шапшандататын N-ацетилтрансфераза ферментінің
жандандырушысы екенін баяндап өттік. Осымен байланысты тəуліктің
жарық кезінің ұзаруы мелатониннің түзілуін баяулатып, оның гипоталамус-
аденогипофиз-жыныс бездері жүйесіне тежеуші əсерін тоқтатады.
Нəтижесінде тиісті либериннің əсерімен гипофизден ФЖГ бөлінуі күшейеді.
Эпифиз жыныстық жетілуді реттеуде маңызды рөл атқарады. Балауса
(ювенильдік) кезеңде эпифиз мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды,
организмнің жалпы толысуы мен жыныстық жетілуінің арасындағы
үйлесімдікті қалыптастырады. Ұрпақтану (репродуктивтік) кезеңінде
эпифиздің физиологиялық мəні өзгереді де, ол көбею жүйесінің жарық
режиміне
бейімделіп,
өніп-өсу
процесінің
жануарларға
тəн
фотопериодикалық сипатын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: