11.9. Қалқанша серік бездер
Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған жабыса
орналасқан кішкентай құрылымдар. Олар 3 жəне 4- желбезек
қапшықтарынан дамиды да, балықтан басқа омыртқалы жануарлардың
барлығында кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкіде, ит пен қоянда қалқанша
серік бездер қос, ал шошқада - жалғыз жұп.
Қалқанша серік бездер симпатикалық жəне парасимпатикалық (оралымды
жəне көмекейлік) жүйкелермен жүйкеленеді, қанмен мол жабдықталады.
Бездер жақсы қапшықталғандықтан қалқанша безден бөлектене жатады.
Без негізгі жəне оксифильдік торшалардан құралған. Негізгі торшалар
секрециялық қызмет атқарып, гликоген жинақтайды, ал оксифильдік
торшалар маңызы əлі толық анықталмаған.
1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысынан қан
құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, оны паратгормон
деп атаған. 1962 жылы Копп без сығындысынан екінші гормон -
кальцитонинді бөлген.
Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең полипептид. Оның
құрамында 84 аминқышқылдық қалдық болады. Расмуссен зеттеулері
нəтижесінде паратгормонның А, В, С деп аталатын үш фракциясының
болатыны анықталған. Олар молекулалық массасымен (3778, 6512, 8582)
жəне амин қышқылдық қалдықтар санымен ерекшеленеді. Паратгормон
сүйекте кальцийдің жиналуын реттейді, кальцийдің белоктармен,
фосфаттармен қосылыстар түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың
сүйектен шайылуын жеңілдетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін
жоғарылатады. Сонымен қатар паратгормон бүйректе кальцийдің кері
сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын жеңілдетеді.
Кальцитонин табиғаты жағынан жалғыз тізбекті полипептидке жатады.
Оның құрамында 32 амин қышқылдық қалдық болады. Бұл гормонның
молекулалық массасы 3600.
Кальцитонин қан құрамындағы кальций деңгейін төмендетеді. Ол
остеоциттерден (сүйек торшаларынан) қанға кальцийдің шайылуын
бəсеңдетеді, демек оның əсері паратгормонға қарсы бағытталған.
Қалқанша серік безінің гипофункциясы жағдайында, немесе оларды
сылып тастағанда мал тынышсызданып, жүйке жүйесінің қозғыштығы
жоғарылайды, ет тонусы күшейіп, денеде діріл байқалады. Бездерді сылып
тастағаннан соң малдың тəбеті жойылып, шөл пайда болады, жүрек қағысы
мен тыныс жиілеп, ішек қимылы нашарлайды, күн санап еттің тартылуы
жиілеп, осындай бір қайталау кезінде тыныс еттерінің қарыса жиырылуының
салдарынан мал тұншығып өледі (131-сурет). Қалқанша серік бездерін сылып
тастағаннан соң организмде аминсіздеу процесі бұзылып, бауырдың
аммиакты несепнəрге айналдыру қабілеті нашарлайды. Осының салдарынан
362
ет қоректі жануарлар организмінде қандағы кальций деңгейінің төмендеуіне
байланысты белоктың ыдырау өнімі - гуанидин мен оның туындылары
көбейіп, олардың алмасуы бұзылады да, организм уланады.
Бездердің бір жұбын алып тастаса, еттердің тартылып, қарысуы
сезілмейді, бірақ мал арықтап, оның жүні түсе бастайды, теріні жара басады,
тіс үгітіліп, малдың жұмыс қабілеті нашарлайды, бүйрек жұмысы бұзылып,
қандағы кальций мөлшері төмендейді.
Малға
паратгормон
егу
арқылы
жасанды
түрде
бездердің
гиперфункциясын тудырса, қандағы кальций деңгейі жоғарылап, фосфор
деңгейі төмендейді, бұл элементтер организмнен көп мөлшерде шығарыла
бастайды. Осының салдарынан сүйек борып, онда кеуектер пайда болады да,
майыса бастайды, малдың тəбеті жойылып, жүйке жүйесінің қозғыштығы
төмендейді, ет болбырап, ішекке қан құйылады, бүйрек түтікшелеріне
кальций шөгеді. Одан əрі мал əлсіреп, өліп кетеді.
Қалқанша серік бездер қызметінің реттелу тетіктері əлі толық
зерттелмеген. Безді жүйкесіздендіргеннен кейін оның қызметі айтарлықтай
бұзылмайды. Без қызметінің гуморальды жолмен реттелуі жайлы деректер
əлдеқайда молырақ. Паратгормон мен кальцитониннің бөлінуі қайтарымды
байланыс принципімен қандағы кальций мөлшерінің ауытқуларына қарай
өзгеріп
отырады.
Қан
құрамында
кальций
мөлшері
төмендесе,
паратгормонның бөлінуі күшейеді, жоғарыласа - керісінше гормонның
бөлінуі баяулайды. Қанда кальций деңгейі жоғарыласа, кальцитониннің
бөлінуі күшейеді.
Қалқанша серік бездердің қызметіне гипофиз де əсер етеді. Гипофизді
алып тастаса, қалқанша серік бездер семіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |