Жануар физол



Pdf көрінісі
бет278/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Простагландиндер  -  алғаш  рет  шəует  құрамынан  бөлінген.  Олар  қуық  

алды  безде  (простатада)  түзіледі  деген  болжам  болған,  сондықтан  да 

простагландиндер  деп  аталған.  Кейінірек  олардың  басқа  ағзаларда  да 

түзілетіні  анықталды.  Простагландиндер  торша  мембранасында  түзіледі  де, 

сол  торшаның  ішінде  жүретін  процестерге  əсер  етеді.  Олар  қанға  сіңсе  тез 

бұзылады. Простагландиндер торша мембранасының липидтік қабатындағы 

қанықпаған  май  қышқылдарынан  -  линолен,  арахидон  жəне  эйкозапентатен 

қышқылдарынан түзіледі. 

Қазіргі  кезде  простагландиндердің  15  түрі  белгілі.  Олар  химиялық 

құрамына  қарай  төрт  топқа  бөлінеді:  ПГА,  ПГБ,  ПГЕ,  ПГФ.  А  жəне  Б 

топтары  бір-бірінен  молекуласындағы  қосарланған  байланыстар  санымен 

ерекшеленетін  екі  простагландиндерден  (ПГА

1

,  ПГА


жəне  ПГБ

1

,  ПГБ


2

тұрады.  Ал,  ПГЕ  жəне  ПГФ  үш  простагландиндерге  бөлінді  (  ПГЕ



1

,  ПГЕ


2

ПГЕ



3

 жəне ПГФ

1

, ПГФ


2

, ПГФ


3

). 


Простагландиндер  организмге  əртүрлі  əсер  етеді.  Мысалы,  ПГА  жəне 

ПГЕ қан тамырларын кеңейтіп, қысымды төмендетеді. Бүйректің боз затында 

түзілгендіктен  ол  ренин-ангиотензин  жүйесіне  қарсы  əрекет  етіп,  қан 



 

376


қысымын  төмендетеді.  ПГФ  қан  тамырларын  тарылтады.  Көптеген 

простагландиндер бірыңғай салалы еттердің жиырылуын күшейтеді. Олар ас 

қорыту  ағзаларының  қимылын,  жыныс  органдарының  қызметін  реттеуге 

қатысады.  ПГЕ  жəне  ПГФ  ексе,  мал организміне  еш  залал  келместен  ол  іш 

тастап, шуын бөледі. Жыныстық айналым соңында аналық жыныс жүйесінде 

простагландиндердің  концентрациясы  өсіп,  сары  дене  жойылады  да,  келесі 

айналым  басталады.  Аталық  безден  бөлінген  простагландиндер  шəуеттің 

өміршеңдік  қабылетін  ұзартуға  жағдай  тудырады.  Сонымен  қатар  олар 

аталық  жыныс  органдарының  қан  тамырларын  кеңейтіп,  жыныс  жолының  

бірыңғай  салалы  еттерінің  жиырылуын  күшейтеді.  Простагландиндер 

медиаторлардың бөлінуін өзгерте отырып, орталық жəне шеткей синанстарда 

нейро-гуморальдық əсерлердің берілуін реттеуге қатысады деген болжамдар 

да бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет