Жануар физол


 Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың



Pdf көрінісі
бет279/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   504
 

11.15. Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың 

физиологиялық негіздері 

Гормондар торшалардағы зат алмасу процесін бағыттай отырып, олардың 

өсіп-дамуын,  жіктелуін  қамтамасыз  етеді,  көбею,  қоршаған  орта 

жағдайларына  бейімделу  процестерін  реттейді,  гомеостазды  сақтауға 

мүмкіндік  туғызады.  Гормондар  медиаторларға  торшалық,  молекулалық, 

гендік  деңгейде  ықпал  етеді.  Осымен  байланысты  организмнің  гормондық 

статусы  мен  оның    өнімділігінің  арасында  тығыз  байланыс  қалыптасады. 

Əртүрлі  гормондарды  қолдану  арқылы  организмдегі  зат  алмасу  процесін 

белгілі  бағытта  өзгерте  отырып,  малдың  өнімділігін:  салмақ  қосуын, 

сүттілігін,  жүнділігін,  өнімталдығын,  жұмыртқалағыштығын  т.б.  арттыруға 

болады. 

Қазіргі  кезде  эндокринология,  биохимия,  биотехнология  жетістіктері 

гормондарды  мал  шаруашылығы  мен  мал  дəрігерлік  жұмыстарда  тиімді 

пайдалануға  шексіз  мүмкіндіктер  беріп  отыр.  Көптеген  гормондардың 

химиялық құрылымы анықталып, гипофиздің троптық гормондарының (СТГ, 

ГТГ,  АКТГ  т.б.)  алыну  жəне  тазартылу  жолдары  жетілдірілді,  кейбір 

релизинг-гормондар  таза  күйінде  бөлініп,  синтезделді,  біраз  гормондар 

аналогтары 

(стероидтар) 

химиялық 

жолмен 

алынып, 


практикаға 

гормондарды анықтаудың өте сезімтал радиоиммундық  əдісі енгізілді. 

Гормондардың  практикада  қолданылуы  биотехнология  жетістіктеріне 

байланысты. Гендік инженерия əдісімен ”рекомбинантты” (қайта реттелген) 

белоктық  жəне  пептидтік  гормондар  алу  жолдарын  табудың  болашақта 

пайдасы  зор.  Əрине,  гормон  препараттарын  малдың  өнімділігін, 

өсімталдығын  арттыру  мақсатында  қолданғанда  олардың  əрекетінің  түлік 

түріне,  малдың  жасына,  физиологиялық  күйіне  байланысты  өзгеретінін, 

экзогендік  гормондардың  қайтарымды  байланыс  принципімен  эндокриндік 



 

377


бездер  қызметіне  тежеуші  əсер  ету  мүмкіндігін  ескерген  жөн.  Олардың 

нысана ағзаларға қосалқы əсерінің сипатын жан-жақты зертеу де қажет.  

Эндокринология  саласындағы  ғылыми  жетістіктер  мал  шаруашылығы 

мен  мал  дəрігерлік  жұмыста  гормондарды  мына  бағыттарда  пайдалануға 

болатынын көрсетті. 

1.  Бордақы  жас  малдың  (бұзаулар  мен  торайлардың)  өсіп-жетілуін 

анаболизмдік немесе гипогликемиялық əсері бар гормондық препараттармен 

(андрогендер,  эстрогендер,  инсулин,  соматотропин)  жандандыру.  Бұл 

мақсатта  ұлпаларда  белоктардың  түзілуін  арттырып,  олардың  ыдырауын 

бəсеңдететін  аноболизмдік  əсері  басымырақ  стероидты  препараттарды 

пайдаланған  тиімді.  Анаболиктерді  емдік  мақсатта  пневмония  мен 

диспепсиядан жазылған бұзауларға қолданған да жөн. 

2.  Ұрғашы  малдың  ұрпақтану  (репродуктивтік)  қызметін  реттеу.  Бұл 

мақсатта  прогестиндер,  гонадотропиндер,  ГТ  релизинг-гормон,  СЖК, 

простагландиндер қолданылады. 

3.  Сиырдың  сүттілігін  арттыру.  Бұл  бағытта  желіннің  секрециялық 

элементтеріне тікелей əсер етіп, қоректік заттардың желін мен басқа ұлпалар 

арасында  таралуын  реттейтін  соматотропин,  соматолиберин  сияқты 

гормондар қолданылады. Гормондар жиынтығын қолдана отырып таналарда 

сүттену процесін тудыруға болады. 

4.  Қойдың  жүнін,  ешкінің,  қоянның  жəне  қолда  өсірілетін  басқа 

аңдардың  түбітін  өсіру  үшін  тиреоидтық,  немесе  антитиреоидтық 

гормондарды, соматотропинді, стероид-анаболиктерді пайдалану тиімді. 

5.  Малдың  табиғи  төзімділігін  арттыру,  төл  басын  аман  сақтау 

мақсатында эстрогендер мен кортикостероидтарды пайдалануға болады. 

Пайдаланылатын  гормондық  препараттың  сипатына  жəне  көзделген 

мақсатқа қарай оларды не ас қорыту жолы арқылы береді, не егеді, не тері 

астына қондырады. Кейбір жағдайда экзогендік гормондар немесе релизинг-

факторлардың  орнына  қажетті  бездердің  функционалдық  белсенділігінің 

күшейген  кезіндегі  əсерін  қайталайтын  биологиялық  белсенді  заттарды 

егеді.  Мұндай  заттарға  амин  қышқылдары,  биогендік  аминдер,  ”өсу 

факторлары” т.б. жатады.  

Практикада  экзогендік  гормондарды  егумен  қатар  организмнің 

гормондық статусын зеттеу əдісі де кеңінен қолданылады. Бұл əдіс малдың 

өнімділігін  болжауға,  белгілі  бір  технологиялық  тəсілдердің  (мысалы,  жаңа 

сауын  аппаратының)  əсер  сипатын,  малдың  физиологиялық  күйін  (буаздық 

т.б.) анықтауға мүмкіндік береді. 

Гормондарды  малдың  саулығына  жəне  өнімдер  арқылы  адам 

денсаулығына  зиян  келтірмейтін  болған  жағдайда  ғана  қолданады.  Бұл 

мəселе қатал санитарлық - гигиеналық  бақылауда болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет