Шəуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып
табылады. Плазма жыныс торшаларын тұрақтандыратын, сұйылтатын,
белсендіретін жəне қоректендіретін орта құрайды. Ол жыныстық
торшалардың плазмалық мембранасын тұрақтандырады. Плазма құрамында
простагландиндер,
андрогендер,
акросоманы
ерітетін
ферменттер,
антиагглютининдер (қуық безі секретінде), инозит, фруктоза, аскорбин жəне
лимон қышқылдары болады. Қосалқы бездер секреті аталық жыныс
торшаларының қимылдағыш қасиетін арттырады. Қабанның баданалық
бездерінен бөлінген секрет құрамындағы желатин фракциясы жыныс
жолдарын тығындап, шəуеттің кері ағып кетуіне мүмкіндік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |