Жануар физол



Pdf көрінісі
бет292/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Жыныстық рефлекстер дара даму кезінде шартсыз рефлекстер негізінде 

қалыптасқан  шартты  рефлекстер  жиынтығы.  Олар  өте  оңай  қалыптасады. 

Шағылысуға  немесе  жасанды  қынаппен  шəует  беруге  бір  реттен  соң-ақ 

шартты  рефлекстер  пайда  болады.  Шағылысу  манежінің  іш  көрінісі, 

шағылыстыруға  дайындалған  ұрғашы  мал  жыныстық  қоздырғыш  болып 

табылады. 

Еркек  малдың  жыныстық  рефлексі  өзара  тығыз  байланысты  бірнеше 

реакциялардан  құралған  тізбектелген  күрделі  əрекет.  Оның  бір 

реакциясының  соңы  екінші  реакцияның  басталуын  тудырады.  Бұл 

тізбектелген  жыныстық  рефлекс  үш  кезеңде  атқарылады.  Олар  эрекция, 

жыныстық  қатынас  жəне  шəует  бөлу  (эякуляция).  Аталған  рефлекстер 

135-ñóðåт

Åðêåê 



ì-ë 

æûíûñ 


-¹ç-ë-ðû 

ºûçìåтiíi» 

ðåттåëó: 

1-ìè  ºûðтûñû;  2-

ãèïîт-ë-ìóñ;  3-4 

— 

ãèïîôèçäi» 



-ëäû»¹û 

æ¸íå 


-ðтºû 

á¼ëiêтåði; 

5- 

ãèïîт-ë-ìóñтû» 



ôîë- 

æ¸íå 


ëþëèáåðèíäåði;  6-

åí;  7-  ºîñ-ëºû 

æûíûñ  áåçäåði;  8-

æûíûñ  ì¾øåñi;  9-

æûíûñ 

ì¾øåñiíå 



êåëåтií 

æ¾éêå 


èìïóëüтåði; 

10-


æûíûñ  ì¾øåñiíåí 

êåтåтií 


æ¾éêå 

èìïóëüñтåði. 




 

390


шағылысу  процесін  -  еркек  мал  мен  ұрғашы  мал  арасындағы  үйлесімді 

жыныстық əрекеттерді, қамтамасыз етеді. Шағылысу нəтижесінде еркек мал 

ұрғашы малдың жыныс ағзаларына шəует бөледі.  

Эрекция  деп  аталық  жыныс  мүшесінің  үлкейіп,  қатайып,  ұрғашы  мал 

жыныс  ағзаларына  ене  алатындай  жағдайға  келуін  айтады.  Бұл  құбылыс 

жыныс  мүшесіне  артерия  қанының  келуінің  күшейіп,  кеуек  денелердің 

қанмен  толуымен  байланысты.  Эрекция  кезінде  шонданай-кеуектік  жəне 

бадана-кеуектік  еттер  жиырылып,  жыныстық    мүше  түбірін  шонданай 

сүйегінің  доғасына қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады. 



Жұптасу  (шағылысу,  жыныстық  қатынас)  деп  ұрғашы  мал  қынабына 

еркек  мал  жыныс  мүшесінің  енуін  жəне  шəуеттің  бөлінуін  қамтамасыз 

ететін  қимылдар  жиынтығын  айтады.  Бұқа  мен  қошқарда  жыныстық 

қатынас жылдам аяқталады да, айғыр мен қабанда ұзағырақ  созылады.  



Эякуляция  деп  шəуеттің    несеп-жыныс  өзегіне  бөлінуін  айтады.  Бұл 

күрделі  рефлекторлық  процесс  аталық  жыныс  мүшесі  рецепторларының 

қынаптың  температуралық  жəне  механикалық  əсерлерінен  тітіркенуінен 

басталады.  Одан  əрі  тітіркеніс  орталыққа  тепкіш  жыныстық  жүйке 

талшықтары  арқылы  жұлынның  құйымшақ  бөлігіндегі  эякуляция 

орталығына  беріледі.  Тітіркеніске  жауап  ретінде  окситоцин  гормонының 

əсерімен  ен  қосалқысының,  шəуеттік  жолдың,  қосалқы  жыныс  бездерінің 

жəне  несеп-жыныс  өзегінің  еттері  үйлесімді  жиырылады.  Осының 

нəтижесінде  спермийлер  мен  қосалқы  жыныс  бездерінің  секреттері  несеп-

жыныс  өзегіне  шығарылады  да,  одан  ырғақты  толқын  тектес  жиырылулар 

арқылы аналық жыныс ағзасына (қынапқа немесе жатырға) бөлінеді. Шəует 

қынапқа  бөлінетін  жануарлар  (қоян,  ірі  қара,  қой,  ешкі)  ұрықтанудың 



қынаптық типіне, ал шəует тікелей жатырға құйылатын жануарлар (жылқы, 

шошқа, ит, кемірушілер класы) ұрықтанудың жатырлық типіне жатады. 

Шəует  белгілі  бір  ретпен  бөлінеді.  Алдымен  бадана  жəне  уретралық 

бездердің  секреті  бөлініп,  несеп-жыныс  өзегі  зəр  қалдығы  мен  түлеген 

эпителийлерден  тазарады.  Осыдан  кейін  қуық  алды  жəне  көпіршік  тəрізді 

бездер  секретімен  сұйытылған  шəует  бөлінеді.  Қабан  мен  көптеген  жабайы 

жануарларда  эякуляция  процесі  бадана  (купер)  безінің    көп    мөлшерде  

секрет  бөлуімен  аяқталады.   Бұл  секрет көпіршік  тəрізді  бездер  бөлген 

өнімдердің    əсерімен    желімденіп,  шəуеттің  қынаптан  кері  ағып  шығуына 

тосқауыл болатын желатин тəрізді түйіршікті масса құрайды. 

Эякуляция  бұқа  мен  қошқарда  жылдам  өтеді,  себебі  оларда  процесс 

шəуеттік  өзектің  ампула  тəрізді  кеңіген  жеріне  жинақталған  спермийлерді 

бөлумен  аяқталады.  Қабанда  бұл  процесс  ұзаққа  (20  минутқа  дейін) 

созылады  жəне  спермийлердің  негізгі  бөлігі  эякуляцияның  соңғы  кезінде 

шығарылады.  Бұл  физиологиялық  ерекшеліктерді  ұрықтандыру  мақсатында 

жасанды тəсілмен шəует аларда ескерген жөн. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет