атайды. Овогенез сперматогенезден өзгешелеу жүреді де, үш сатыда - көбею,
даму (өсу) жəне жетілу, өтеді (134-суретті қараңыз). Көбею сатысы
құрсақтық даму кезеңінде басталып, диплоидты алғашқы жыныс торшалары
- оогонийлердің екі-үш мəрте бөлінуі арқылы атқарылады. Туған кезде
ұрғашы төл жұмыртқалығында кейінірек жұмыртқа торшаға айналатын
оогонийлер саны толығымен қалыптасып үлгереді. Бір жұмыртқалықтағы
оогонийлердің жалпы саны сиырда 140 мыңға жуық, мегежінде 120, тауықта
60–150 мың шамасында. Кейінгі дара даму кезінде олардың жалпы санында
392
торшаларының бөлінуі тоқтап, олар майда фолликулалық торшалармен
қоршалған І-реттік ооцитке айналады.