Жануар физол



Pdf көрінісі
бет304/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   504
 

37.

 

Аналық жыныс жолдарында жыныс торшаларының өміршеңдік 

қабілетінің сақгалу мерзімі 

 

Жануарлар 



 

Тіршілік қабілетінің сақталу мерзімі, сағ. 

Жұмыртқа         

Спермий 


Ірі қара  

Қой  


Жылқы  

Шошқа  


Қоян 

 Құс 


 

10-12 


10-15 

8-10 


8-12 

8-10 


 

24-48 



24-48 

120-144 


24-42 

16-20 


21-25 күн 

 

 



Ен қосалқысынан бөлініп шыққан спермийлер жұмыртқа қабығынан өте 

алатын  жəне  ұрықтандыратын  қабілетке  біраз  уақыт  аналық  жыныс 

жолдарында  болғаннан  соң  ғана  ие  болады.  Бұл  құбылысты  капацитация 

(латын  тілінен  аударғанда  capacіtus  –  қабілеттілік  алу  деген  мағына  береді) 

деп атайды. 

Капацитация  жатыр  мен  жұмыртқалық  жолдан  бөлінген  секреттердің 

əсерімен жүреді. Оның мерзімі ірі қарада 5–6, қойда 1,0–1,5, шошқада  2–3, 

қоянда  5–6, мысықта  3–4, егеу құйрықта  2–3 сағат. 

Капацитацияның  биологиялық  мəні  спермийлер  беткейін  акросомалық 

реакцияны  бөгейтін  заттардан  тазалауда.  Бұл  процестің  нəтижесінде 

спермийлер  басының  алдыңғы  бөлігінде  құрылымдық  өзгерістер  жүріп, 

спермий  акросомасынан  гиалуронидаза  жəне  акросин  ферменттері  бөлінеді. 

Капацитация  спермийлер  қимылын  күшейтіп,  олардың  жұмыртқаның 

жылтыр  қабығынан  өтуін  жеңілдетеді.  Сонымен  қатар  капацитация 

спермийлердің төзімділігін, беріктігін төмендетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет