Жануар физол


 Буаздық жəне əр түлік малдағы оның ұзақтығы



Pdf көрінісі
бет306/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

12.10 Буаздық жəне əр түлік малдағы оның ұзақтығы

 

Буаздық  деп  ұрғашы  малдың  төл  көтерумен  байланысты  қалыптасқан 

физиологиялық  күйін  айтады.  Ол  ұрықтанған  кезден  басталып,  төлдеумен 

аяқталады. Морула сатысында жатырға түскен зигота  екі қабат торшалардан 

(мөлдір  жəне  күңгірт)  тұрады.Мөлдір  торшалар  ұрықты  қоректендіруде 

маңызды рөл атқарады, сондықтан оларды трофобласт немесе нəрлендіргіш 

қабат  деп  атайды.  Ал  күңгірт  қабатты  эмбриобласт  деп  атайды,  одан  ұрық 

дамиды.  Торшалар  бөлінуі  кезінде  морулада  пайда    болған  қуысты 

бластоциста немесе ұрықтық көпіршік деп атайды (142-сурет). 

Малда алғашқы төрт күн бойына жатырдағы бластоциста мөлдір қабығын 

сақтайды.  Бластоциста  үлкейе  келе  мөлдір  қабық  жұқарады  да,  жарылып 

кетеді.  Осыдан  кейін  ұрық  сыртқы  қабатта  орналасқан  торшалар  - 

трофобластар  көмегімен  жатыр 

сұйығының 

(жатыр 

сүтінің) 

құрамындағы  белокты  компоненттермен  қоректенеді.  Трофобласт  ішінде 

орналасқан  торшалардан  ұрық  қатпаршағы  -  эмбриобласт  пайда  болады. 

Трофобласт  жəне  эмбриобласт  торшалары  арасында  сұйық    жиналып, 



сарыуызды қалта түзіледі. Ұрықтың бұл даму сатысын бластула деп атайды. 

 

142-сурет. Мөлдір кабық  ішіндегі бластоцист:  

1-ұрық массасы; 2 — мөлдір қабық; 

 3—трофобласт; 4—бластула қуысы

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет