Жануар физол


 Желіннің өсіп-дамуы (маммогенез)



Pdf көрінісі
бет315/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

13.2. Желіннің өсіп-дамуы (маммогенез) 

 

Желін-денеде  симметриялы  орналасқан  орган.  Ол  тері  туындысы  болып 



саналады.  Мегежінде,  итте,  мысық  пен  қоянда  сүт  бездері  үйектің  (реу 

сызығының)  екі  жағында,  құрсақтың  астыңғы  бетінде орын  тебеді.  Сиырда, 

биеде,  түйеде,  қой-ешкіде,  қодаста  желін  құрсақтың    астыңғы  жағында, 

шаптың арасында орналасады. 

Сүт  безінің  алғашқы  нышандары  ұрықтық  даму  кезеңінде  пайда  болады. 

Без  екі  жыныс  өкілдерінде  де  эктодермадан  (ұрықтың  сыртқы 

қатпаршағынан)  дамиды.  Алдымен  бездің  орындары  білініп,  соңынан  сүт 

төмпегі, 

болашақ 


бездің 

алғашқы 


құрылымдарының 

нышандары 

(бөлімшелер,  өзекшелер  жүйесі,  байламдар  мен  ем)  қалыптаса  бастайды. 

Осыдан  кейін  еркек  дарақты  ұрықтарда  бездің  дамуы  тоқтап,  ұрғашы 

іштөлдерде  кейінірек  өзектерге  айналатын  бастапқы  сүт  желісі  пайда 

болады. Баяндалған құбылыстар құрсақтық (антенатальдық) маммогенезді 

сипаттайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет