Иммуноглублиндер (JgG, JgM, JgA) желіннің плазмалық торшаларында
түзіледі. Сүт құрамында олар аз, ал уыз құрамында өте көп мөлшерде
кездеседі. Уыз иммуноглобулиндері жас төлдерде енжар (пассивті)
иммунитет қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Альфа-лактоальбумин құрамында күкірті бар белок. Ол лактоза түзу
үшін қажет екі белоктың бірі. Желіннің секрециялық торшаларында
галактозилтрансферазамен əрекеттесіп ол лактоза түзу процесін
катализдейтін лактатсинтетазаны түзеді. Сүт құрамында бұл белоктың
мөлшері 0,62%, ал уызда 10–12%.
Достарыңызбен бөлісу: |