Жануар физол


Сүт көмірсуларының синтезделуі



Pdf көрінісі
бет331/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Сүт көмірсуларының синтезделуі. Сүт құрамындағы негізгі көмірсу — 

лактоза  деп  аталады.  Ол  глюкоза  мен  глактозадан  тұратын  дисахарид. 

Лактоза  альвеолалардың  без  торшаларында  желінге  қанмен  келген 

глюкозадан, пропион жəне сірке қышқылдарынан, глицериннен түзіледі. 

Лактоза  биосинтезі  екі  кезеңде  өтеді:  галактозаның  түзілуі  жəне  оның 

глюкозамен қосылуы. Оны схема түрінде былай бейнелеуге болады. Глюкоза   

глюкозалы - 6 - фосфат    глюкозалы - 1 – фосфат     УДФ - глюкоза    УДФ - 

галактоза. УДФ - галактоза + глюкоза     лактоза + УДФ (уридиндифосфат). 

Бірінші  кезең  реакциялары  гексокиназа,  фосфоглюкомутаза  т.б. 

ферменттермен  жанданады.  Ал  лактоза  биосинтезінің  соңғы  кезеңін 

лактатсинтетаза  өршітеді.  Сонымен,  лактоза  Гольджи  аппаратының 

құрылымдарында  лактатсинтетазаның  əсерімен  глюкозадан  түзіледі.  Бұл 

ферменттің  құрамында  түйіршікті  эндоплазмалық  торда  түзіліп,  Гольджи 

аппаратына 

өтетін 


альфа-лактоальбумин 

болады. 


Осы 

аппарат 


мембранасымен 

лактатсинтетазаның 

екінші 

компоненті 

— 

галактозилтрансфераза да байланысқан. Аталған екі құраманың қосылуымен 



лактозаның синтезі аяқталады да, түзілген қант белок түйіршіктерімен бірге 

альвеола қуысына бөлінеді. 

 



 

436


  

 

149-сурет. 

Альвеолалық 

жəне 


миоэпителийлік 

торшалардың 

ультрақұрылымы: 

1 — түйіршікті эндоплазмалық тор; 2 — ядро; 3 — Гольджи аппараты; 4 — 

май  тамшылары;  5  —  миоэпителий  торшасы;  6  —  миофиламенттер;  7  — 

дəнекер ұлпа; 8 — капилляр қабырғасы; 9 — базальдық мембрана. 

 

Секрециялық 



процестің 

цитофизиологиясы 

өте 

күрделі. 



Цитофизиологиялық  процесс  деп  жеке  субторшалық  құрылымдардың  сүт 

құрамаларын  түзу,  оларды  торша  ішінде  жылжыту  жəне  альвеолалар 

қуысына бөлу процесіне қатысуын қамтитын құбылыстарды айтады. 

Сүт  түзу  əрі  ұзақ,  əрі  күрделі  процесс.  Орта  есеппен  желін  безінің  əр 

грамы тəулігіне 1 мл сүт түзеді. 

Желін альвеолалары торшаларында түзілген белоктар, майлар, көмірсулар 

альвеолалар  қуысына  голокриндік,  апокриндік,  мерокриндік,  леммокриндік 

(секрет  тамшыларының  плазмалық  мембрана  жарқыншақтарымен  бөлінуі  - 

экстурзия)  жолдармен  бөлінеді.  Желінде  негізінен  мерокриндік  жəне 

леммокриндік секреция типтері басымырақ. 

Секрециялық  торшалардан  синтезделген  заттарды  бөлу  үшін  мол  қуат 

қажет. Оны торшалардың апикальдық бөлігінде көп мөлшерде жинақталатын 

митохондрий мен фосфатазалар қамтамасыз етеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет