Жануар физол


Уыздың  құрамы  мен  қасиеттері



Pdf көрінісі
бет325/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Уыздың  құрамы  мен  қасиеттері.  Желінде  туар  алдында  пайда  болып, 

мал  төлдегеннен  соң  алғашқы  5–7  күн  бойына  бөлінетін  сұйықты  уыз  деп 

атайды.    Уыздың  құрамында  каротин  көп  болғандықтан  ол  сарғыш-қоңыр 

немесе  бозғылт  ақ  сары  түсті  келеді.  Уыз  қоймалжың,  кермек  дəмді, 

құрамында  құрғақ  зат  көп  (25%)  сұйық.  Оның  құрамында  сүтпен 

салыстырғанда  белоктар,  каротин,  натрий,  хлоридтер,  темір,  А,Е 

дəрмендəрілері,  рибофилавин,  никотин  көбірек  те,  лактоза  мен  калий  - 

азырақ  (41-таб.).  Минералды  заттардың,  əсіресе  магний  тұздарының,  көп 

болуымен байланысты уызға іш жүргізетін қасиет тəн, сондықтан ол ішекті 

тоңғақтан  тазарады.  Уыз  құрамында  лейкоциттер  (“уыз  түйіршіктері“)  мен 

иммундық  денелер  көп.  Уыз  нейтрофилдері  фагоцитоздық  қабілетінің 

арқасында  əртүрлі  бөгде  заттарды,  сонымен  қатар  микробторды  жұтады, 

залалазсыздандырады,  жояды.  Нейтрофилдер  6,6  сағат  тіршілік  етеді. 

Олардың  құрамында  қышқылдық  жəне  сілтілік  фосфатаза,  рибонуклеаза, 

протеаза, антибактериялық заттар - фагоцитин, лизоцим болады. Сондықтан 

бұл  торшалар  жаңа  туған  төлге  иммунитет  береді.  Макрофагалар    өлі 

торшаларды  жояды,  ал  эозинофилдер  -  гистамин  мен  кининдерді 

бейтараптайды.  Базофилдер  фагоцитоз  жүргізеді  жəне  түйіршіктерінде 

гепарин  мен  гистаминнің  болуына  байланысты  қан  тамырларын  кеңейтеді. 

Белоктық  құрамы  жағынан  уыз  қанға  жақын,  онда  альбуминдер  мен 

глобулиндер  көп  мөлшерде  болады.  Уызда  лизоцим,  трипсин  басытқысы 

сияқты заттар да кездеседі. Соңғы аталған зат уыз антиденелерін ас қорыту 

жолының белоктарды ыдырататын ферменттерінің  əсерінен қорғайды. 

Уыздағы  антиденелер  ас  қорыту  жолынан  еш  өзгеріссіз  сорылады. 

Мысалы,  төл  организміне  алғашқы  емген  уыз  құрамындағы  антиденелердің 

50%, жиырма сағаттан соң - 15%, ал 1,5 тəуліктен соң аз ғана мөлшері сіңеді. 

Əрбір  келесі  сауында  антиденелер  мөлшері  азая  түседі,  сондықтан  төлдің 

алғашқы уызды тоя емгені дұрыс. 

Күн өткен сайын біртіндеп уыз құрамы өзгереді де, ондағы белоктардың, 

минералды  тұздардың  мөлшері  төмендеп,  қант  мөлшері  өседі,  лейкоциттер 

жойылады. 7-12 күн ішінде желіннен сүт бөліне бастайды.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет