Жануар физол



Pdf көрінісі
бет346/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштер деп айтады. 

Ұлпалар  физиологиялық  тыныштық  күйінен  қозу  жағдайына  көшу  үшін 

тітіркендіргіштің  белгілі  деңгейде  күші,  əсер  мерзімі  (уақыты)  жəне  əсер 

күшінің  өсу  шапшаңдығы  (градиенті)  болуы  шарт.  Осы  тəуелділікті  үш 

заңмен бейнелейді. 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

154-сурет. Күш заңы: 

А – табалдырықтан төмен күш;  

Б – табалдырықты (бастау) күш;  

В – субмаксимальды күш; 

Г – максимальды күш;  

Д – супермаксимальды күш;  

Абсцисс осінде – тітіркендіргіш күші,  

Ординат осінде – жауап реакция  

мөлшері бейнеленген.  




 

456


    А    Б      В       Г    Д 

 

Күш заңы тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым, (белгілі бір 



шекке дейін) ұлпаның жауап реакциясы да күшті болады (154-сурет). 

Қозу процесін тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі шамада күші болу 

керек. 

Тітіркендіргіштің 

қозу 

процесін 



тудыратын 

ең 


аз 

күшін  тітіркену  табалдырығы  деп  атайды.  Бұл  күш  мөлшері  ұлпаның 

қозғыштығына байланысты. Ұлпаның қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, 

оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті. Сондықтан бұл 

күшті  қозу  табалдырығы деп  те  атайды.  Қозу  табалдырығын реобоза  деген 

атаумен сипаттайды.   

    Мерзім  заңы  -  тітіркендіргіштің  əсер  мерзімі  неғұрлым  ұзақ  болса, 

соғұрлым  (белгілі  бір  шекке  дейін)  ұлпаның  жауап  реакциясы  да 

күшті болады (155–сурет). Қозу процесі пайда болу үшін  

 

 



                 

                                                    

 

                                                     



 

                        

         А             Б      

 

 

 

 

 



 

 

 



тітіркендіргіш  əсері  белгілі  бір  мерзімге  созылуы  керек.  Табалдырықты 

тітіркендіргіш  əсерімен  қозу  процесінің  пайда  болуы  үшін  қажет  уақыттың 

ең аз шамасын əсер мерзімі, тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші 

мен  оның  əсер  мерзімі  арасында  белгілі  тəуелділік  болады.  Тітіркендіргіш 

күші неғұрлым зор болса, соғұрлым əсер мерзімі қысқарады. Егер абсцисс осі 

бойына  тұрақты  токтың  əсер  мерзімін,  ал  ординат  осі  бойына  оның  күшін 

салсақ, онда күш мерзім сызығы деп аталатын  қисық  сызық  шығады   (156- 

сурет).   Бұл  сызық заңдылықтарын Л. Гоорвег, Г. Вейсс, Л. Лапик зерттеген. 

Осы  қисық  сызықтан  күші  табалдырықтан  төмен  тітіркендіргіш  қаншама 

ұзақ  əсер  етсе  де,  қозу  процесі  туындамайтынын  байқауға  болады.  Ал, 

тітіркендіргіш  күші  артқан  сайын  қозу  процесі  туындауға  қажет  мерзім 

 

155-ñóðåт

.Ìåðçiì çа»û: --¸ñåð 

ìåðçiìi,  ìåðçiì  т-á-ëäûðû¹û; 

Á-á-ðûíø- 

ê¾øтi 


æ-ó-ï 

-ëûí-тûí 

ìåðçiì; 

-áöèññ 


îñiíäå — тiтiðêåíäiðó ìåðçiìi, 

Îðäèí-т îñiíäå — æ-ó-ï 

ðå-êöèÿ ì¼ëøåði

 

156- ñóðåа. Ê¾ø-ìåðçiì 



ñûçû¹û: 0—- — 

õðîí-êñèÿ; 0—á — ¸ñåð 

ìåðçiìi; 0—1— ðåîá-ç-; 

0—2—åêi åñåëåíãåí 

ðåîá-ç-.

 



 

457


қысқара  түседі,  бірақ  оның  белгілі  шегі  болады.  Өте  қысқа  мерзімді 

тітіркендірулер  кезінде  күш-мерзім  сызығы  ординат  осіне  параллель 

жағдайға келеді. Демек, тітіркендіргіш күші қаншама зор болса да, оның əсер 

мерзімі  жеткіліксіз,  өте  қысқа  болса,  қозу  процесі  туындамайды.  Сонымен 

қатар  бұл  сызықтан  тиімді  мерзімді  бейнелейтін  В  нүктесінің  сызықтың 

абсцисс осіне параллель күйге көшкен тұсында орналасқанын көруге болады. 

Осы  себепті  бұл  нүктені  өте  сезімтал  құралдармен  де  дəл  анықтау  қиын. 

Сондықтан  күш-мерзім  қисық  сызығын  математикалық  талдаудан  өткізіп, 

француз ғалымы Л.Лапик 1909 жылы тиімді мерзімнің орнына басқа шартты 

шама - хронаксияны анықтауды ұсынды. Хронаксия деп екі еселенген реобаза 

əсерімен қозу процесі пайда болу үшін қажет уақытты айтады. Хронаксияны 

арнаулы 


құралмен 

өлшеп, 


секундтың 

мыңнан 


бір 

бөлшегімен 

(миллисекундпен)  белгілейді.  Хронаксия  мөлшері  ұлпа  құрылымына, 

органдар мен бүкіл организмнің физиологиялық күйіне байланысты өзгереді. 

Қозғалтқыш  жүйкелер  хронаксиясы  етпен  салыстырғанда  қысқа.  Мысалы, 

хронаксия  жылқы  мен  ірі  қара  қозғалтқыш  жүйкесінде  0,09–0,2  мс, 

вегетативтік  жүйкелерде  5  мс,  ал  қаңқа  еттерінде  0,2–0,4  мс.  Бүккіш  еттер 

хронаксиясы  жазғыш  еттермен  салыстырғанда  1,5–2  есе  аз  болады.  Ең  ұзақ 

хронаксия  ішек-қарын  жəне  жатыр  бірыңғай  салалы  еттеріне  тəн,  ол 

секундтың оннан немесе жүзден бір бөліктерімен өлшенеді. 



Градиент  заңы.  Қозу  процесі  туындау  үшін  тітіркендіргіш  күшінің  өсу 

шапшаңдығының  -  градиентінің  маңызы  зор.  Тітіркендіру  градиенті 



неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі ұлпа 

реакциясы  күшті  болады.  Тітіркендіру  градиенті  баяуласа,  қозғыштық 

табалдырығы  жоғарылайды.  Тітіркендіргіш  күші  баяу  өссе,  қозу  процесі 

туындамай  да  қалады.  Оған  ұлпаларда  жүретін  өзгерістер  əсерінен  қозу 

табалдырығының  өсуі  себеп  болады.  Күші  баяу  өскен  тітіркендіргішке 

ұлпалардың  бейімделуін  аккомодация  деп  атайды.  Аккомадация  неғұрлым 

тез жүретін болса, соғұрлым тітіркендіргіш күші тез өсу керек. 

Əртүрлі  ұлпаларда  аккомадация  түрлі  шапшандықпен  жүреді.  Мысалы, 

қозғағыш  жүйкелерде  ол  сезімтал  жүйкелермен  салыстырғанда  жоғары 

болады. Жүрек еттерінің, ішек-қарын жəне зəр түтікшелері бірыңғай салалы 

еттерінің аккомадациясы өте баяу жүреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет