Тітіркендіру ырғағын игеру. Оптимум жəне пессимум. Ұлпаларға
белгілі ырғақпан əсер ете бастағанда, олар бірден сол ырғақты игеріп
кетпейді, барлық тітіркендіргіштерге жауап беріп үлгере алмайды. Жұмыс
үстінде ұлпаның құбылмалылығы өзгеріп, онда жүретін процестер
шапшаңдайды. Бұл алғашқыда ұлпа жауап беріп үлгермейтін жиірек
тітіркендірулерге бейімделіп,
олардың ырғағына сəйкес қозу толқынын
туындатуға мүмкіндік береді.
Жұмыс үстінде бастапқы деңгеймен салыстырғанда құбылмалылықтың
жоғарылай немесе төмендей өзгеруін А.А. Ухтомский ырғақ игеру деп
атаған. Ырғақ игеру - жалпы биологиялық құбылыс болып табылады. Ол
организмнің жеке органдары қызметінің арасындағы үйлесімділіктің негізі
болып саналады. Бастапқы құбылмалылық төмен болған жағдайда жиі ырғақ
жеңіл игеріледі. Осымен байланысты ет ұлпасы, жүйкемен салыстырғанда,
тітіркендіру ырғағын жақсырақ игереді.
Н.Е.Введенский тəжірибелері жүйке-ет препаратының жүйкесін сирек
ырғақпен тітіркендіргенде еттің күшті жиырылатынын дəлелдеген. Осындай
ұлпа əрекеті үшін тиімді тітіркендіру ырғағы оптимальды ырғақ деп аталған
(латын тілінен аударғанда орtіmus деген сөз өте жақсы деген мағына
береді). Ұлпаны мұндай ырғақпен тітіркендіргенде əрбір жаңа қозу импульсі
экзальтация сатысында туындайды. Қозудың оптимальды ырғағы
максимальды ырғақтан бірнеше есе кем. Мысалы, бақаның қозғағыш жүйкесі
үшін максимальды ырғақ секундына 500, ал оптимальды ырғақ 100 - 150
тітіркендіруге тең, балтыр еті үшін бұл көрсеткіштер тиісінше 120–150 жəне
30–50 тітіркендіруге тең.
Ұлпаға жиілігі оптимальды ырғақтан асып кететін тітіркендіргішпен əсер
еткенде
жауап
реакция
əлсірейді
немесе
тітіркендіруге
жауап
қайтарылмайды. Тітіркендірудің мұндай ырғағын пессимумдік ырғақ деп
атайды (латын тілінен аударганда реsіmиs - өте нашар деген мағына береді).
Пессимум - тітіркендіру жиілігі құбылмалылық шегінен асып кеткенде
байқалады. Мұндай жағдайда бірінші тітіркендіргіш əсерімен ұлпа қозады
да, келесі тітіркендіргіш əсері оның абсолюттік рефрактерлік күйге өткен
кезімен тұстас келіп отырады. Сондықтан бұл тітіркендіргішке ұлпа жауап
қайтармайды. Бірақ оның əсерімен ұлпаның абсолюттік рефрактерлік
жағдайы тереңдей түседі де, келесі тітіркендіргіштердің жауап реакция
тудыру мүмкіндігі қиындайды. Осымен байланысты жиі ырғақпен əсер
454
ететін əрбір келесі тітіркендіргіш ұлпаның құбылмалылығын төмендете
түседі де, қозу процесі емес, керісінше тежелу процесін тудырады.
Дəл осындай құбылыстар тітіркендіргіш күшінің өзгерулерімен сəйкес те
байқалады. Мысалы, белгілі бір ырғақпен тітіркендіре отырып, біртіндеп ток
күшін өсіре берсе, еттің жиырылу күші жайлап максимальды деңгейге дейін
арта түседі де (оптимальды күш), токтың күші тым жоғарылап кеткен
жағдайда жауап кеми бастайды, немесе жойылып кетеді (пессимумдік күш).
Оптимум жəне пессимум құбылыстары барлық ұлпаларға тəн жалпы
биологиялық қасиет. Бапты тітіркендіру ұлпалар реакциясына оптимальды
ықпал жасаса, күші, жиілігі, əсер мерзімі шектен артып кеткен
тітіркендіргіштер пессимальды реакциялар тудырады. Оптимум мен
пессимум құбылыстары тек қимыл əрекеттерде ғана емес, секрециялық
органдар, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінде де байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |