Жануар физол


 Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыс



Pdf көрінісі
бет347/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

14.4 Ұлпалардағы биоэлектрлік құбылыс 

Қозу нəтижесінде əртүрлі энергия бөлінеді. Солардың арасында электрлік 

өзгерістер  маңызды  орын  алады.  Оларды  зерттеу  арқылы ұлпалардағы қозу 

процесінің  құпиялары  жайлы  мағлұматтар  жинап,  қозудың  дамуы  жайлы 

теорияны  негіздеуге,  ұлпалар  мен  органдардың  функционалдық  жағдайын 

анықтау тəсілдерін жетілдіруге болады. 

Ұлпалардағы  биоэлектрлік  құбылыстарды  зерттейтін  физиология 

ғылымының  арнаулы  салаларының  бірі  -  электрофизиология  негізі  XVІІІ-




 

458


ғасырдың  соңғы  он  жылында  қаланды.  Осы  кезеңге  дейін  тек  қана  кейбір 

балық түрлерінің (электрлі жайын, электрлі жыланбалық, электрлі жұпбалық 

- скат) арнаулы органында электр зарядтары пайда болатыны белгілі  болған. 

Бұл  «жануарлар  электрің  болары  жайлы  жалғыз  ғана  дəлел  болатын.  Ал 

Италия  ғалымы  Л.Гальвани  1791  жылы  тəжірибе  жүзінде  кез  келген 

жануарлар ұлпасында электр тогы пайда болатынын дəлелдеді. Ол бақаның 

жүйке-ет  препаратының  жүйкесі  мен  бұлшық  еттерін  екі  түрлі  металдар 

арқылы  тізбектеп  жалғастырғанда  бұлшық  еттің  жиырылатынын  аңғарған 

(157-сурет).  Осы  құбылыстың  себебін  ұлпаларда  туындайтын  электр 

тоғының  əсерімен  түсіндіріп,  1791  жылы  Гальвани  «Ет  əрекеті  кезіндегі 



электрлік күш жайлы трактатң деген еңбегін жариялаған. Гальванидің бұл 

тəжірибесі оның отандасы физик А.Вольта тұрғысынан пікірталас туғызады. 

Вольта  бұл  құбылыстың  себебін  қасиеті  əртүрлі  екі  металдан  (темір  мен 

мыстан) құралған тізбекте тұрақты токтың пайда болуымен түсіндірді. Оның 

пікірінше  бұл  тəжірибеде  препарат  тек  өткізгіш  -  электролит  қызметін 

атқарған. Бұл пікірсайыста физик жеңіп шыққан.  

Кейінірек (1794 жылы) Гальвани тəжірибені металдарсыз қайталаған. Бұл 

нұсқада бұлшық еттің бір жері жарақаттанып, оған 

 

 шонданай  жүйкесі  шыны  түтікше  көмегімен  препараттың  зақымдалмаған 



жəне  зақымдалған  жеріне  тиетіндей  етіп  асыра  тасталған  (158-сурет,  А). 

Жүйке  етпен  жанасқан  кезде  ет  дірілдеп,  жиырылып  отырған.  Бірақ 

ғалымның бұл тəжірибесіне көңіл онша бөлінбеді де, оның жануарлар электрі 

жайлы идеясы ұмыт қалды. 

Тарихи  шындық  бұл  екі  ғалымның  да  пікірінің  дұрыстығын  көрсетті. 

Л.Гальвани  тірі  ұлпаға  электрлік  белсенділік  тəн  екенін  дəлелдеп, 

биоэлектрлік  құбылыс  жайлы  ілімнің  негізін  салушы  ретінде  танылса, 

А.Вольта «метал электрінң зерттеу үстінде дүние жүзінде алғаш рет тұрақты 

ток көзін тауып, электротехника ғылымының дамуының жаңа дəуірін ашты. 

Тек  1837  жылы  Л.Гальванидің  шəкірті  К.Матеуччи  ұстазының  екінші 

тəжірибесін  сіңірсіз  бұлшық  етпен  қайталап,  физик  Вольтаның  қарсы 

пікірлерінің  негізсіз  екенін  нақтылы  түрде  дəлелдеп  шықты.  Оның  1838 



157-ñóðåт.

 

Ã-ëüâ-íèäi» 



áiðiíøi т¸æiðèáåñi: 

1  —  ìûðûø  т-á-ºø-;  2  — 

ìûñ  iëãiø;  3  —  á-º-íû» 

-ðтºû -ÿºт-ðû 




 

459


жылы  қозу  кезінде  электр  потенциалы  туындайтынын  дəлелдейтін  екінші 

тəжірибесі  (қайталай  жиырылу)  тіпті  үлкен  əсер  тудырды.  Бұл  тəжірибеде 

екі  тал  жүйке-ет  препараты  дайындалады  да,  олардың  біріншісінің  жүйкесі 

электр  тогы  көзімен  жалғасқан  электродтар  үстіне  орналастырылады,  ал 

екіншісінің  жүйкесі  -  бірінші  препарат  етінің  үстіне  тасталынады  (158-

сурет,Б).  Бірінші  препарат  жүйкесін  тітіркендіргенде  екі  бұлшық  ет  те 

жиырылады. Бұл құбылысты ғалым бірінші препаратта пайда болған əрекет 

тогының əсерімен түсіндірген. 

Гальвани  мен  Матеуччи  тəжірибелері  электрофизиологияның  негізін 

салды. Физиологияның бұл саласын дамытуда неміс ғалымы Дюбуа-Реймон 

да  зор  еңбек  сіңірді.  Тілшікті  гальванометр  көмегімен  Гальванидің  екінші, 

Матеуччидің  бірінші  тəжірибесіне  талдау  жасай  келе,  ол  бұлшық  еттің 

зақымданған  жəне  зақымданбаған  учаскелері  арасында  потенциалдар 

айырмасы пайда болатынын анықтады.  

 

 

 



     

 

Дюбуа-Рейман тəжірибелерімен еттің зақымданған учаскесінде «терісң, 



зақымданбаған  учаскесінде  -  «оңң  заряд  пайда  болатыны дəлелденді.  Бұл 

токты ол «тыныштық тогың деп атады. Кейінірек оның шəкірті Л.Герман 

бұл  токты  «жарақат  тогың  деп  атауды  ұсынды.  Бірақ  соңғы  зерттеулер 

бұл  атаудың  сəтті  еместігін,  оның  ұлпалардағы  электрлік  құбылыстың 

биологиялық  табиғатын  толық  ашпайтынын  көрсетті.  Қазіргі  кезде 

ұлпалардағы токтың бұл түрін тыныштық потенциалы деп атайды. 

Осыдан  кейін  Дюба-Реймон  Матеуччидің  екінші  тəжірибесіне 

гальванометрлік  талдама  жасап,  ұлпаның  қозған  учаскесінде  «терісң  заряд 

пайда  болып,  қозбаған  учаскесінде  -  «оңң  заряд  сақталатынын  дəлелдеді. 

Токтың  бұл  түрін  ол  «əрекет  тогың  деп  атады.  Қазіргі  кезде  оны  əрекет 



потенциалы дейді. 

ХІХ-ғасырдың  соңында  жəне  ХХ-ғасырдың  басында  барлық  тірі 

ұлпаларда  электр  потенциалдары  пайда  болатыны  дəлелденді  жəне  оның 

туындау механизмдеріне талдама жасалды. Электрофизиологияның дамуына 

орыс  ғалымдары  да  зор  үлес  қосты.  Тіпті  1875  жылы  В.Я.Данилевский  ит 

миының  əрекет  тогын  жазып  алуға  талпынған.  Сəл  кейінірек  И.М.Сеченов 

гальванометр  көмегімен  бақа  сопақша  миының  əрекет  тогын  жазды. 

 

158-ñóðåт

.  Ã-ëüâ-íè  ìåí  Ì-тåó÷÷è         

т

¸æiðèáåëåði: 



 

 



— 

øûíû 


т

-ÿºø-ë-ð; 

— 

øîíä-í-é  



æ¾éêåñi; 

3 —á-ëтûð åтi; 4 — ýëåêтðîäт-ð. 

 



 

460


Н.Е.Введенский  телефон  аппаратын  қолданып,  жүйке  жүйесі  қызметіне 

ырғақтық  сипат  тəн  екенін  ашты.  Басқа  орыс  физиологы  А.Ф.Самойлов 

тілшікті  гальванометр  көмегімен  жүрек  биотогын  жазып,  Ресейде 

электрокардиография əдісінің негізін салды, ал 1912 жылы Киев физиологы 

В.В.Правдич-Неминский сау адам миының биотогын (ЭЭГ) жазған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   343   344   345   346   347   348   349   350   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет