Жануар физол



Pdf көрінісі
бет352/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   504
 

 

14.8. Қозуды өткізу 

 

Қозу  процесіне  жүйке  немесе  ет  талшықтары  бойымен  өздігінен  талалу 

қасиеті тəн, сондықтан қозғыш ұлпалардың бір жерінде пайда болған əрекет 

потенциалы оның барлық бөліміне таралады. Тітіркеністі таратуға қажет қуат 

сол  қозғыш  ұлпалардың  өзінде  АТФ-тың  ыдырауы  нəтижесінде  бөлінеді. 

Күші  жағынан  əрекет  потенциалы  ұлпаның  қатар  жатқан  учаскесін 

тітіркендіруге  қажетті  табалдырықты  күштен  5–10  есе  басым  келеді.  Осы 

таралатын  жүйке  импульсі  шеткей  жүйке  ұштарынан  (рецепторлардан)  

хабардың  ОЖЖ-де  ораналасқан  жүйке  орталықтарына,  ал  одан 

эффекторларға (атқарушы органдарға) өтуін қамтамасыз етеді.  

Əрекет  потенциалы  айналмалы  немесе  шектелген  токтың  пайда  болуы 

нəтижесінде таралады. Жүйке немесе ет талшықтарының белгілі бір учаскесі 

қозып,  əрекет  потенциалы  туындаған  кезде,  осы  қозған  жəне  көршілес  - 

қозбаған  учаскелер  арасында  потенциалдар  айырмасы  пайда  болады.  Ол 

қозған жəне қозбаған учаскелердің ішкі жəне сыртқы беткейлерімен айналып 

отыратын  шектелген,  айналмалы  токтың  пайда  болуына  соқтырады. 

Мембрананың  ішкі  бетінде  ток  қозған  учаскеден  қозбаған  учаскеге,  ал 

сыртқы бетінде - қозбаған учаскеден қозған учаскеге бағытталады (163,164-



 

467


сурет).  Айналмалы  токтың  əсерінен  мембрананың  қозбаған  учаскесі 

тітіркеніп,  оның  натрий  иондарына  өтімділігі  артады  да,  осы  жерде  əрекет 

потенциалы  пайда  болады.  Ал  алғашқы  қозған  учаскеде  тыныштық 

потенциалы  қалпына  келеді.  Осы  процесс  қайталана  отырып,  қозу 

импульсінің мембрана бойымен өшпей, ілгерілей таралуын қамтамасыз етеді. 

Импульстердің  кері  бағытта  оралуына  қозу  толқыны  өткен  учаскеде 

рефрактерлік аймақтың пайда болуы мүмкіндік бермейді. 

               

 

 

164-  сурет  Қозудың  нерв  бойымен  таралу  схемасы:  А-  физиологиялық 



тыныштық      күйі,  Б,В,Г-  əрекет  потенциалының  таралу  сатылары.  Натрий 

иондаоының  енуі  мембрананы  үйексіздендендіреді,  калий  иондарының 

шығуы- гиперүйектендіреді. 

 

Сонымен,  қозу  толқыны  ет  немесе  жүйке  талшықтары  бойымен  əрекет 



тогының пайда болып, жайылып отыруына байланысты таралады. 

163-ñóðåт

-éí-ëì-ëû 



т

îê 


т

¾ðiíäå  ºîçóäû»  åт  т-ëøûºт-ðû 

ìåí 

ìèåëèíñiç 



íåðâтåðäå 

т

-ð-ëóû: 



--  ºîç¹-í  á¼ëiê,  á-  ºîçá-¹-í 

á¼ëiê.ͽñº-ì-ë-ð 

— 

т

îêтû» 



т

-ð-ëó á-¹ûтû. 




 

468


Ет  жəне  миелинсіз  жүйке  талшықтарында  қозу  импульсі  мембрана 

бойымен  қозған  бөліктен  іргелес  жатқан  қозбаған  бөлікке  бірсыдырғы, 

үзілмей  таралады.  Бұл  құбылыс  мембрана  кедергісінің  төмен  болуымен 

байланысты.  Осының  салдарынан  айналмалы  ток  талшық  мембранасы 

бойының  əр  жерінен  шығып,  шашырай  жайылып,  не  өшіп  отырады. 

Талшықтарды тек қана мембрананың қозған бөлігіне жақын жерден шыққан 

ток  қана  тітіркендіре  алады,  себебі  олардың  күші  табалдырықтан  жоғары 

келеді.  Қозған  учаскеден  алшақтаған  сайын  айналмалы  токтың  тітіркендіру 

күші əлсіреп, ол қозу процесін туындата алмайды. 

Миелинді  жүйке  талшықтарында  айналмалы  токтар  тек  қана  іргелес 

орналасқан  қозған  жəне  қозбаған  Ранвье  үзілімдері  арасында  пайда  болады 

(165-сурет). Айналмалы токтың осы үзілімде шығуы мембрананы үйексіздеп, 

əрекет  потенциалын  тудырады.  Дəл  осы  сипатта  келесі  үзілім  қозып,  қозу 

толқыны  жүйке  бойымен  тарала  береді.  Осыған  байланысты  қозу  толқыны 

миелинді  жүйке  талшықтарымен  секірмелі,  сальтаторлы  (латын  тілінде 

Salto – секіремінырғимын деген мағына береді) түрде, ырғый тарайды. Қозу 

импульсі  мұндай  сипатпен  тарағанда  қуат  аз  шығындалады  жəне  оның 

таралу  жылдамдығы  шапшаңдайды.  Мысалы,  қозу  импульсінің  таралу 

жылдамдығы  миелинсіз  жүйке  талшықтарында  секундына  0,5–3  м,  ет 

талшықтарында – 5 м, ал миелинді жүйке талшықтарында – 30–120 м. Айта 

кетер  жəйт,  жүйке  талшықтары  неғұрлым  жуан  болса,  соғұрлым  олар  қозу 

импульсін шапшаң өткізеді. Жуан жүйке талшықтарының қозғыштық қасиеті 

де жоғары болады. Сондықтан аралас жүйкелерді əлсіз тітіркендіргіштермен 

тітіркендіргенде 

алдымен 


жуандау 

жүйке 


талшықтары 

қозады. 


Тітіркендіргіш  күші  арта  түссе,  біртіндеп  майда  жүйке  талшықтары  қозады 

да, əрекет потенциалының амплитудасы өсе бастайды. 

    

             Ранвье 



үзілімі                       

Миелин қабығы 



165-сурет.  Миелинді  жүйке  талшықтарында  қозудың  секірмелі  таралуы: 

нұсқамалар  токтың  қозған  (а)  жəне  қозбаған  (б)  үзілімдер  арасындағы 

таралуын көрсетеді. 

 

Жүйке  талшықтары  қозу  импульсін  белгілі  заңдылықтарға  сəйкес 



өткізеді.  Қозу  толқыны  жүйке  талшығы  тұтас  жəне  оның  мембранасының 

ИМПУЛЬСТЕРДІ³

  

ТАРАЛУ


 

БАҒЫТЫ 


 


 

469


иондық арналарының функционалдық белсенділігі қалыпты күйде болғанда 

ғана  өткізіледі.  Бұл  жүйке  талшықтарының  тұтастық  зандылығы.  Жүйке 

талшықтарының  тұтастығы  бұзылса,  немесе  оның  натрий  иондарына 

арналған арналары істен шығарылса, қозу толқыны өткізілмейді. 

Қозу  толқыны  жүйкенің  тітіркенген  жерінен  екі  бағытта  таралады.  Бұл 

жүйке  талшықтарында  қозуды  қос  бағытта  өткізу  зандылығы.  Бұл 

құбылыс  жүйке  құрамында  орталыққа  тепкіш  жəне  орталықтан  тепкіш 

талшықтардың болуымен байланысты деген болжам да бар. Ет талшықтары 

да қозуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. 

Қозу  толқыны  бір  жүйке  талшығынан  көршілес  талшыққа  берілмейді. 

Бұл  қозуды  жеке-дара  өткізу  заңдылығы.  Жүйке  талшықтарының  бұл 

қасиеті  оларды  қоршап  тұрған  миелин  қабығының  болуына  байланысты. 

Миелинсіз  талшықтарда  аталған  құбылыс  оларды  қоршап  тұрған  сұйық 

кедергісінің  төмендігімен  байланысты.  Осының  нəтижесінде  айналымды 

токтың негізгі тұзақтары көршілес талшықтарға жетпей торша аралық сұйық 

арқылы жайылып кетеді. 

Əлбетте қозу кезінде жүйке талшықтарында зат алмасу процесі күшейіп, 

оттегі  шығыны  өседі,  көмір  қышқылының  бөлінуі  артады,  қуаты  мол 

фосфорлы қосылыстардың (АТФ пен креатинфосфат) шығыны көбейіп, сүт 

қышқылы  көп  түзіледі,  аммиак  мол  бөлінеді.  Қозу  кезінде  жылу  да  көп 

өндіріледі.  Бірақта  қозған  жүйке  талшықтары  қуатты  көп  шығындамайды. 

Олар  қуатты  тек  натрий-калий  сорабының  қызметін  атқаруға  жұмсайды. 

Қуатты  аз  шығындап,  ресинтез  процестерінің  күшті  жүруімен  байланысты 

жүйке  талшықтары  қажымайды.  Тіпті  бірнеше  сағат  бойына  үзбей 

тітіркендіргеннің  өзінде  жүйке  талшықтары  өткізгіштік  қасиетін  сақтайды 

(Н.Е.Введенский).  Тұтас  организмде  жүйке  талшықтарының  қажымауының 

себебі  олардың  құбылмалылығының    (лабильділігінің)  жоғарылығымен 



байланысты.  Жүйке  орталықтарында  қозу  импульстері  секундына  50–100 

рет  жиілікпен  туындаса,  жүйке  талшықтарының  импульстер  өткізіп 

үлгеретін мүмкіндігі одан əлдеқайда жоғары. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет