Жануар физол



Pdf көрінісі
бет353/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   504
14.9. Парабиоз туралы ілім 

 

Н.Е.Введенский 

ұзаққа 

созылған 

химиялық 

жəне 


физикалық 

тітіркендіргіштер  əсерінен  жүйке-ет  препаратының  жүйке  талшықтарында 

шектелген,  таралмайтын  қозу  процесінің  пайда  болу  заңдылықтарын  ашып, 

қозғыш  ұлпаларда  дамитын  функционалдық  өзгерістердің  белгілі  бір 

жүйемен  сатылы  түрде  өрбитінін  анықтаған.  Өз  зерттеулерінің нəтижесінде 

ол 1901 жылы «Қозу, тежелу жəне наркозң атты еңбегін жариялап, парабиоз 

туралы  теорияны  ұсынды  (грек  тілінде  para  -  маңы,  bіos  –  өмір,  тіршілік, 

демек парабиоз деген сөз тіршілік шегі, өлара күй) деген мағына береді). Бұл 

теория  қозу  жəне  тежелу  процестерінің  биологиялық  мəнін  ашып,  қозудың 



 

470


тежелуге  айналу  сырын  жəне  соңғы  құбылыстың  тіршіліктің  тоқтауына 

соқтырар қауіпі бар екенін көрсетеді. 

Парабиоз  құбылысының  физиологиялық  мəнін  Н.Е.Введенский  ашса, 

оның шəкірттері бұл құбылыстың табиғатына талдау жасады. 

Н.Е.Введенский тəжірибесін бақаның жүйке-ет препаратымен жүргізген. 

Алдымен жүйкенің бір учаскесі эфир, хлороформ, новокаин, калий хлориды 

т.б.  тітіркендіргіш  əсерімен  еліттірілген  (альтерациялаған).  Жүйке 

еліткенге  дейін  еттің  жиырылу  күшінің  тітіркендіру  күші  мен  жиілігіне 

сəйкес  өзгеретіні  анықталған.  Содан  соң  осы  еліткен  жерге,  оның  алдына 

жəне  етке  жақын  бөлігіне  индукциялық  катушка  электродтары  қойылған 

(166-сурет).  Жүйкенің  еліткен  жерінің  электрлік  күйін  гальванометрмен 

бақылап отырған.  

Енді  осы  жүйкені  электр  тогымен  тітіркендіргенде  еліткен  бөліктің 

функционалдық күйінің өзгерістерінде үш саты байқалған. Жүйке еліткеннен 

соң күші мен жиілігі əр түрлі тітіркендіргішке ет бір деңгейде жауап береді. 

Оны жүйкенің құбылмалалық қасиетінің өзгерісімен түсіндіріп, бұл сатыны 

Н.Е.Введенский теңестіру немесе трансформациялық саты деп атаған. 

 

166-сурет

Парабиоз 

(өлера 


күй) 

сатылары: 

А  –  тітіркендіру  күші  мен  жауап 

реакция 


 арасындағы сəйкестік; Б – теңестіру  

сатысы; В – бұрмалау сатысы. 

 

 

 



 

 

 



Тəжірибе  əрі  қарай  жалғасқанда  препарат  күшті  жəне  жиі 

тітіркендіргішке  əлсіз  жиырылумен,  ал  əлсіз  жəне  сирек  тітіркендіргішке  - 

керісінше күшті жиырылумен жауап берген. Ұлпа қасиетінің бұлай құбылуы 

бұрмалау,  парадоксалдық  саты  деп  аталған.  Осыдан  кейін  препарат  ешбір  

тітіркендіргішке  жауап  бермеген.  Бұл  тежелу  сатысы.  Еліттіруші  əсер  əрі 

қарай жалғасса, тежелу сатысы тереңдеп, тіршілік белгілері - қозғыштық пен 

өткізгіштік,  жойылады,  ұлпа  өлара  (парабиоз)  күйіне  көшеді.  Байқалған 

өзгерістерді парабиоз сатылары дейді.  

Еліттіруші  факторлардың  əсері  тоқтаса,  парабиоз  тиылып,  жүйкенің 

жансызданған бөлігінің бастапқы функционалдық күйі қалпына келеді. Айта 

кетер  жəйт,  парабиоздан  ұлпа  кері  тəртіппен  шығады  (алдымен  тежелу 

сатысына  көшеді,  содан  соң  бұрмалау,  теңестіру  сатыларылары  арқылы 

 



 

471


қалыпқа  келеді).  Ал  еліттіруші  фактор  əсері  тиылмаған  жағдайда  ұлпа  өліп 

қалады. 


Жүйкенің  еліткен  жерінде  əртүрлі  тітіркендіргіштер  əсерінен  туындаған 

əрекет потенциалын зерттеу парабиоздың теңестіру   сатысында   жүйкенің   

еліткен  бөлігінде  құбылмалылық,  онымен  байланысты  өткізгіштік 

төмендемейтінін  көрсеткен.  Сондықтан  жүйкенің  бұл  бөлігі  зақымданбаған 

бөліктен  жеткен  жиі  тітіркеністерге  синхронды  жауап  бере  алмайды,  оны 

өзгертіп,  өз  күйіне  сəйкес  сирек  ырғақпен  жауап  қайтарады.  Ал,  сирек 

ырғақты  тітіркеністер  бұл  жерден  өзгеріссіз  өткізіледі.  Еліткен  бөлікте 

тітіркеніс  күші  мен  ырғағының  өзгеруі  нəтижесінде  олар  белгілі  шамада 

теңгеріледі,  сондықтан еттің жиырылу күші де теңеседі. 

Парабиоздың  бұрмалау  сатысында  еліткен  бөлікте  құбылмалылық, 

демек  жүйкенің  өткізгіштігі,  одан  əрі  төмендей  түседі.  Сондықтан  еліткен 

бөлікке  жиі  тітіркеністер  абсолюттік  рефрактерлік  сатысында  жетеді  де, 

елітуді  күшейте  түсіп,  пессимум  тудырады.  Тітіркендіргіш  күші  артса,  не 

оның  ырғағы  жиілесе,  құбылмалалық  нашарлай  береді.  Осымен  еліткен 

бөлік тек əлсіз жəне сирек ырғақты тітіркендіргіштерді ғана өткізеді, себебі 

олар  салыстырмалы  рефрактерлік  сатыда,  немесе  экзальтацияның  басында 

əсер етеді. Сол себепті күшті немесе жиі ырғақты тітіркендіргіштерге əлсіз 

жауап, ал əлсіз, немесе сирек тітіркендіргіштерге - күшті жауап алынады. 

Тежелу  сатысында  лабильділік  одан  əрі  төмендейді,  абсолюттік 

рефрактерлік саты ұзара түседі, сондықтан əрбір тітіркендіргіш əсері онымен 

тұстас  келеді  де,  еліткен  бөліктен  тітіркеніс  өткізілмейді.  Еліткен  бөлік 

қозуды  өткізбегенімен,  қозғыштық  қасиетін  жоғалтпайды.  Оған  дəлел, 

жүйкенің  еліткен  бөлігін  токпен  тітіркендіргенде,  ет  жиырылып  жауап 

береді.  Егер  жүйкенің  еліткен  жəне  оның  алдындағы  сау  бөліктері  бір 

мезгілде  тітіркендірілсе,  онда  ет  жауап  бермейді,  жиырылмайды.  Демек, 

жоғарыдан келген қозу толқыны жүйкенің еліткен жерінде туындаған тежелу 

салдарынан  өшіп  қалады.  Сонымен,  парабиоз  дегеніміз  əртүрлі  сыртқы 

əсерлерге  жауап  ретінде  туындайтын  қозудың  ерекше,  ұзақ  мерзімдік, 



толқынсыз орнықты түрі.  

Жоғарыда  баяндалған  жайлар  қозу  мен  тежелу  процестері  ұлпаның 



тітіркендіруге  қайтарған  əртекті  жауабы  деген  тұжырым  жасауға 

мүмкіндік  береді.  Олардың  туындауында  шешуші  рөлді  лабильділік 

атқарады. Лабильділік жоғары болса қозу толқыны еш өзгеріссіз тарайды да, 

ол  төмендесе  -  тітіркеністің  өткізілуі  нашарлап,  тежелу  процесі  пайда 

болады. 

Н.Е.Введенскийдің  парабиоз  туралы  ілімі  организмдегі  бір-біріне 

қарама-қарсы  қозу  мен  тежелу  процестерінің  арасында  тығыз  байланыс 

болатынын  ашты  жəне  бұл  екі  құбылыстың  организмнің  тітіркендіруге 

қайтаратын  жауабының  екі  түрде  бейнеленуі  екенін  анықтады.  Ол  қозғыш 

ұлпада шектелген, таралмайтын қозу процесі пайда болса, ұлпадағы сандық 




 

472


өзгерістер  сапалық  сипатқа  ие  болып,  шектен  тыс  қозу  процесінің  тежелу 

процесін тудыратынын дəлелдеді. Демек, тежелу дегеніміз – қозу процесінің 



дамуындағы белгілі бір саты. Қозу мен тежелудің негізі бір, ортақ. Қозу мен 

тежелу жүйке əрекетінің екі түрде бейнеленуі. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет