Жануар физол


 Ет жиырылуының  қуаттануы



Pdf көрінісі
бет366/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

15.5. Ет жиырылуының  қуаттануы 

 

Бұлшық  ет  химиялық  энергияны  механикалық  жəне  жылу  энергиясына 

айналдыратын құрылым. Əрекет үстінде ол энергияның көп мөлшерін жылу 

түрінде  жоғалтады,  бірақ  бұлшық  ет  өте  жетілдірілген  іштен  жанатын 

двигательмен салыстырғанда əлде қайда үнемді жəне тиімді жұмыс істейді. 

Оның пайдалы əсер коэффициенті 50 пайызға дейін жетеді, ал бұл көрсеткіш 

іштен жанатын двигательде 35 %- тен аспайды. 

Қуат  көзі  ретінде  бұлшық  ет  АТФ-ті  пайдаланады.  Осы  макроэргиялық 

қосылыс  ыдыраған  кезде  бөлінген  қуат  торша  мембранасының  ішкі  жəне 

сыртқы  бетінде  натрий  мен  калий  иондары  концентрациясының  градиентін 

қамтамасыз  ететін  натрий-калийлік  сораптың  қызметі  атқарылуы  үшін, 

актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің бойымен жылжытып, етті жиырылту 

үшін,  кальций  иондарын  саркоплазмалық  торға  қайта  айдайтын  кальцийлік 

сорап қызметін қамтамасыз ету үшін жұмсалады. 

Бұлшық  етте  АТФ  қоры  онша  көп  емес,  5  ммоль/л  шамасында.  Ет 

жиырылған кезде АТФ ыдырап, АДФ, анорганикалық фосфор жəне энергия 

бөлінеді.  АТФ    миозиннің  АТФ-азалық  белсенділігі  арқасында  ыдырайды. 

Бұл  фермент  əсерін  актин  мен  магний  иондары  жандандырады.  Демек, 

бұлшық  ет  жұмысы  барысында  АТФ  қоры  кеми  түседі,  сондықтан  ет  тек 

АТФ-тің  қайта  түзілуі  (ресинтезі)  толассыз  жүріп  отырғанда  ғана  дұрыс 

қызмет  атқарады.  АТФ  ресинтезі  креатинфосфаттың  креатин  мен  фосфор 

қышқылына  ыдырауы  нəтижесінде  жүреді.  Одан  əрі  ферменттік  жолмен 

фосфор қышқылының қалдығы АДФ-ке ауысады да, АТФ түзіледі. 

 

 Креатинфосфат + АДФ   



креатинкиназа   

      АТФ + креатин  

 

Бұлшық ет құрамында АТФ-пен салыстырғанда креатинфосфат əлдеқайда 



көп  (30  ммоль/л  шамасында).  Бұл  қосылыс  та  химиялық  реакциялар 

нəтижесінде қайта синтезделіп отырады. 

 

Креатин + Р + тотығу энергиясы          Креатинфосфат  



 


 

490


Бұлшық еттің ұзақ  жəне қарқынды əрекеті кезінде креатинфосфат қоры 

да  азаяды.  Мұндай  жағдайда  АТФ  гликолиз  жəне  ұлпалық  тыныс 

реакциялары арқылы қайта синтезделеді. 

АТФ-ті  бұлшық  етте  қайта  синтездеу  үшін  глюкоза  мен  гликогеннің 

қуаты пайдаланылады. Гликолиз реакциясына араласа отырып, глюкоза мен 

гликоген  өз  құрамдарындағы  қуатты  береді  де,  сүт  қышқылына  айналады. 

Глюкоза анаэробты тотыққан кезде АТФ-тің екі молекуласы түзіледі. 

 

С



6

Н

12



О

–  2СНз                СНОН–СОО



  +  2  Н

+

  +  2  АТФ 



 глюкоза 

                      лактат 

  

Бұлшық  ет  жұмысы  кезінде  гликогеннің  мөлшері  азайып,  сүт  қышқылы 



жиналады.  Аэробты  жағдайда  сүт  қышқылы  Кребс  айналымында  тотығып, 

көміртегінің қос  тотығы, су  бөлінеді жəне  АТФ  түзіледі. Сүт  қышқылының 

негізгі  бөлігі  гликонеогенез  процесі  арқылы  қайтадан  гликогенге  айналады. 

Ауыр  жұмыс  кезінде  АТФ-ті  қайта  синтездеу  процесінде  май 

қышқылдарының тотығуы нəтижесінде бөлінген қуат пайдаланылады. 

Ұлпаларда  АТФ  негізінен  көмірсулардың  аэробты  тотығуы  кезінде 

түзіледі.  Мысалы,  бұлшық  ет  торшалары  митохондрияларында  тотыға 

фосфорлану  нəтижесінде  глюкозаның  бір  молекуласынан  АТФ-тің  38 

молекуласы синтезделеді. 

 

С



6

Н

12



О

6   


+ 6 О

2

         6 СО



2

 + 6 Н


2

О + 38 АТФ. 

 

Сонымен,  бұлшық  ет  жиырылуы  үшін  қуат  көзі  ретінде  АТФ 



пайдаланылады.  Қайта  синтездеу  процесі  дұрыс  жүрген  жағдайда  оның  ет 

құрамындағы мөлшері өзгермейді, тек гликоген қоры ғана азаяды. 

Бұлшық ет жиырылғанда көп мөлшерде жылу бөлінеді. Бұл процесте екі 

кезең байқалады. Бірінші кезең бастапқы жылу түзу сатысы деп аталады. 

Ол  бұлшық  ет  қозған  кезден  басталып,  ол  жиырылған  жəне  босаңсыған 

кезде  де  жалғаса  береді.  Мұнда  жылу  АТФ-тың  ыдырауымен  байланысты 

реакциялар нəтижесінде түзіледі. 

Жылу  түзудің  екінші  сатысы  ет  босаңсығаннан  кейін  бірнеше  минут 

ішінде  жүреді,  оны  жылу  түзудің  кешіккен  немесе  қалыптастыру  кезеңі 

деп  атайды.  Бұл  құбылыс  АТФ-ті  қайта  түзу,  гликолиз  жəне  тотыға 

фосфорлану процестерімен байланысты. Бұлшық етте түзілетін жылудың 40 

пайызы бірінші, ал 60 пайызы екінші кезеңде түзіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет