492
қимылдарын қамтамасыз ету үшін атқарған жұмысын
динамикалық жұмыс
дейді. Бұлшық ет изометриялық жиырылу жағдайында болғанда, оның
ұзындығы өзгермегеннің өзінде жұмыс атқарылады, мысалы, белгілі
мөлшердегі жүкті ұстап тұру. Бұл жұмысты статикалық жұмыс деп атайды.
Еттің динамикалық жұмысының (W) мөлшерін жүктің массасын (Р) ол
көтерілген биіктікке (h) көбейту арқылы анықтайды да, килограммометр
бірлігімен өлшейді: W = Р h (кгм).
Еттің жұмысы ол көтерген жүк мөлшеріне, жұмыс ырғағына байланысты
өзгеріп отырады. Ет жұмысының жүк салмағына қарай өзгеруін орташа
салмақ заңымен бейнелейді: салмақ орташа болса, ет күшті жиырылады, ет
қызметі мықты болады. Бұлшық еттің ең күшті жұмысы жиырылудың
ырғағы орташа болғанда байқалады (орташа жылдамдық заңы).
Достарыңызбен бөлісу: