эритроциттердің ішіне өтіп, олар ісіне бастайды да, шарға айналады. Ал
51
гемоглобин ерітіндіге шығады, гемолиз жүреді. Негізінен гемолиз
ерітіндінің осмостық қысымы қалыпты деңгейден екі есе төмендегенде
байқалады.
Барлық гипотониялық ерітінділер гемолиз тудырмайды. Эритроциттер
ерітіндінің осмостық қысымының белгілі бір шамада төмендеуіне төтеп бере
алады. Олардың бұл қасиетін эритроциттердің осмостық төзімділігі
(ЭОТ) деп атайды. Бұл көрсеткіш Са
2+
, НРО
4
–
иондары көбейсе - жоғарылап,
ал К
+
жəне СІ
–
иондары көбейсе - төмендейді.
Эритроциттердің осмостық төзімділігі мал саулығын анықтау үшін
қажет. Қалыпты жағдайда гемолиз NaCl-дың 0,4 пайыздық ерітіндісінде
басталады. Ал ерітіндідегі NaCl концентрациясы 0,34 пайызға дейін
төмендесе, толық гемолиз жүреді (9-сурет).
2. Химиялық гемолиз əр түрлі химиялық заттардың əсерінен байқалады.
Мысалы, эфир, хлороформ, спирт, бензол, өт қышқылдары эритроциттер
қабығының құрамындағы липидтерді ерітіп, гемолиз туырады.
3. Биологиялық гемолиз жылан уының, гемолизиндердің жəне басқа
биологиялық заттардың əсерінен туындайды. Гемолиздің бұл түрінің
механизмі толық анықталмаған. Аталған факторлар торша мембранасының
қасиеттеріне, иондық насосқа əсер етсе керек.
4. Термиялық гемолиз қанды мұздатып, еріткенде байқалады. Қан
қатқанда эритроциттің ішінде мұз пайда болып, оның қабығы зақымдалады.
5. Электрлік гемолиз - электр тоғының əсерінен туындайды.
6. Механикалық гемолиз қанды қатты шайқағанда байқалады.
7. Сəулелік гемолиз - рентген сəулелерінің əсерімен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: