Жануар физол


Эритроциттердің  тұну  жылдамдығы



Pdf көрінісі
бет39/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Эритроциттердің  тұну  жылдамдығы.  Қанды  ұю  процесінен  сақтап, 

пробиркаға  құйып  қойсақ,  эритроциттер  біртіндеп  тұна  бастайды.  Бұл  өте 

күрделі  процесс.  Сондықтан  эритроциттердің  тұну  себебін  түсіндіру  үшін 

екі түрлі теория ұсынылған. 

1. Физикалық теория (Бюркер мен Гюнтер ұсынған). 

2. Физика-химиялық теория (Гетер мен Монд ұсынған). 

Бірінші  теория  эритроциттердің  тұну  себебін  олардың  тығыз-дығымен 

(меншікті  салмағымен)  байланыстырады.  Бұрынырақ  көрсетілгендей,  қан 

 

9- ñóðåт. Эритроциттердің 

осмостық төзімділігін 

бейнелейтін сызық

  



 

52

плазмасының  тығыздығы



 

1,027,  ал  эритроцит-тердің  тығыздығы-1,090. 

Демек,  бұл  фактор  шын  мəнісінде  қанның  қызыл  түйіршіктерінің  тұнуына 

ықпал  етеді.  Осыдан  эритроциттердің  саны  көбейген  сайын,  олардың  тұну 

жылдамдығы  арта  түсуге  тиісті.  Бірақ  көптеген  зерттеулерде  мұндай 

заңдылық  байқалмаған.  Мысалы,  жылқы  мен  сиыр  эритроциттерінің 

тығыздығы

 

бірдей  болғанымен,  олардың  тұну  жылдамдығы  əр  түрлі. 



Жылқының  эритроциттері  жарты  сағат  ішінде

 

тұнып  бітсе,  сиыр 



эритроциттері бірнеше  жұма  ішінде  тұнады.  Тағы бір  жайт.  Аталған  теория 

дұрыс  болған  жағдайда

 

эритроциттердің  тұну  жылдамдығы  мен  қанның 



тұтқырлығының  арасында  кері  тəуелділік  байқалуы  керек.  Шын  мəнісінде 

қанның тұтқырлығы артса, эритроциттердің тұнуы жылдамдайды. 

Жоғарыда  көрсетілген  фактілер  эритроциттердің  тұну  процесінің  таза 

физикалық құбылыс еместігінің дəлелі. Осыған байланысты эритроциттердің 

тұнуын  физика-химиялық  құбылыстарды  негізге  алып  түсіндірген  жөн. 

Қазіргі кезде эритроциттердің тұну жылдамдығы тек қана олардың өзіне ғана 

емес, негізінен қан плазмасының қасиеттеріне байланысты екені дəлелденді. 

Оған  негіз  мына  төмендегі  тəжірибе.  Бір  еркектің  қанынан  алынған 

эритроциттер  екінші  еркектің  плазмасында  сағатына  8  мм  жылдамдықпен 

тұнады. Ал осы эритроциттер жүкті əйел қанының плазмасында сағатына 54 

мм жылдамдықпен тұнады. Жүкті əйелдердің эритроциттері өз плазмасында 

45  мм  жылдамдықпен  тұнса,  ерлердің  плазмасында  9  мм  жылдамдықпен 

тұнады.  Демек,  эритроциттердің  тұну  процесінде  шешуші  рөлді  плазманың 

құрамы мен қасиеттері атқарады. 

Соңғы  жылдары  эритроциттердің  тұну  процесінде  қан  плазмасындағы 

глобулин жəне фибриноген белоктарының маңызы зор екені, олардың тұну 

жылдамдығы  мен  қандағы  осы  белоктар  концентрациясы  арасында  оң 

тəуелділік болатыны дəлелденді. 

Бернштейн  зерттеулеріне  сəйкес  эритроцит  қабығы  жақсы  үйектенген: 

оның  сыртқы  бекейі  теріс  (–),  ал  ішкі  бекейі  оң  (+)  зарядталады.  Бұл 

эритроцит  қабығының  аниондарды  (С1

,  НСО



3

)  жақсы  өткізе  алатын 



қасиетіне  байланысты.  Осыдан  эритроциттер  аттас  зарядты  торшалар 

болғандықтан бірін-бірі теуіп, қанда жүзгін (суспензия) түрінде сақталады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

10-ñóðåт

Эритроциттің 



жабысу 

(агрегация) 

процесін 

бейнелейтін 

электрондық микрофотограмма 

 



 

53

Қанның  қалыпты  əрекетшіл  ортасында  (рН  -7,36)  глобулиндер  де  теріс 



зарядты  бөлшектер,  бірақ  олардың  заряд  күші  эритроциттермен 

салыстырғанда  əлдеқайда  азырақ.  Сондықтан  белоктар  эритроциттерден 

тебілмей,  олардың  бетіне  шөгеді  де,  қанның  қызыл  түйіршіктерінің  заряд 

күшін азайтады, өзара тебіліс күшін əлсіретеді. Глобулиндер шөккеннен соң 

эритроциттердің  беткейлік

 

қасиеті  де  өзгеріп,  жабысқақтық  пайда  болады, 



олар бір-бірімен жабысып, түйіршіктер түзеді де, тұна бастайды (10-сурет). 

Эритроциттердің  тұну  жылдамдығына  əр  түрлі  факторлар  –  түлік  түрі, 

малдың  физиологиялық  күйі  (буаздық,  қабыну),  саулығы,  қандағы 

холестериннің  концентрациясы,  қанның  əрекетшіл  реакциясы  (ацидоз-

баяулатады), т.б. əсер етеді. Ол жылқыларда сағатына 64,0 мм, сиырда -0,58

қойда  -0,8,  шошқада  -30,0,  итте-2,5  мм-ге  тең.  Организм  жұқпалы  ауруға 

шалдықса  не  қабыну  процесіне  ұшыраса    эpитроциттердің  тұну 

жылдамдығы артады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет