Жануар физол



Pdf көрінісі
бет47/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

10. Қан тобының тұқым қуалау заңдылықтары 

12-ñóðåт

. Қан 

топтары 

үйлесімділігінің 

схемасы

 



 

69

 



Əке 

қанының 


топтары 

Ана қанының топтары 

О 

А 

В 



АВ 

О 

 



А 

 

 



 

В 

 



 

 

АВ 



О 

 

О немесе А 



 

 

 



О немесе В 

 

 



 

А немесе В 

   О немесе А 

 

О немесе А 



 

 

 



О немесе А 

О немесе В       

Онемесе АВ 

 

А немесе В     



Анемесе АВ 

Онемесе В    

 

Онемесе А 



Онемесе В 

О немесе А 

 

А немесе В 



 

 

 



А немесе В 

А немесе 

АВ  

 

А немесе В 



 

А немесе В 

А немесе В 

 

 



А немесе В 

А немесе АВ 

 

 

А немесе В 



А немесе АВ 

 

Оң  резус  фактор  əркез  теріс  резус  фактордан  басым  келеді,  сондықтан 



соңғы фактор байқалмайды. Демек, теріс резус - факторлы қанда тек бір ғана 

теріс факторлы генотип болады. Ал оң резус-факторлы адамдарда геннің екі 

түрлі  үйлесімі  болуы  мүмкін:  тек  оң  фактор,  не  оң  жəне  басылып, 

байқалмайтын теріс фактор. 

Егер некеде теріс резус факторлы жұбайлар тұрса, онда балада теріс резус 

фактор ғана болады. Ал жұбайлар қаны оң резус факторлы болса, онда бала 

оң  немесе  теріс  фактормен  тууы  мүмкін.  Соңғы  жағдайда  ол  ата-анасынан 

байқалмай келген теріс резус факторын қабылдайды. 

Қанның тобы да тұқым қуалайды. Оның генетикалық заңдылықтарын 10- 

кестеден байқауға болады. 

Қазіргі кезде қан тобы жайындағы ілім өте күрделіленіп кетті. Мысалы, А 

агглютиногені  бірнеше  түрге  бөлінетін  көрінеді  (А

2

,  А


З 

А

4



,  А

5

).  Қан 



сарысуындағы  агглютининдердің  белсенділігі  төмен  болса,  онда 

агглютинация  байқалмай,  екінші  топты  жаңылып,  І-  топ  ретінде  қабылдау 

мүмкін.  Сонымен  қатар,  А  мен  В  агглютиногендерінен  басқа  эритроцит 

құрамында  М,  N,  S,  Р,  К  жəне  т.б.  агглютиногендер  болатын  көрінеді.  Бұл 

агглютиногендерге  қарсы  агглютининдер  болмайды  жəне  олар  организмде 

түзілмейді, сондықтан оларға көңіл бөлінбейді.  

Мал қанының топтарына келсек, əлі күнге дейін белгісіз жайлар көп. Мал 

эритроциттерінде  көптеген  агглютиногендер  болады.  Сондықтан  оларды 

төрт  топқа  бөле  салу  мүмкін  емес.  Əрбір  топты  бірнеше  агглютиногендер 

түзеді,  сол  себептен  мал  қаны  генетикалық  жүйеге  бөлінеді.  Мəселен,  ірі 

қарада  85  агглютиноген  болғандықтан,  оларды  11  генетикалық  жүйеге 



 

70

бөледі.  Жылқыда  16  агглютиноген  8  жүйе,  қойда  26  агглютиноген  7  жүйе, 



шошқада  50  агглютиноген  14  жүйе,  тауықта  60  агглютиноген  14  жүйе 

болады. 


Қан  тобы  мен  жүйесін  білу  тек  қана  қан  құю  жұмысын  дұрыс 

ұйымдастыру  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  малдың  тегін  анықтауға  да 

мүмкіндік береді. 

Адамның  қан  тобын  анықтау  үшін  зерттелетін  қанның  бір  тамшысын  ІІ 

топтың  плазмасымен,  ал  екінші  тамшысын  ІІІ  топтың  плазмасымен 

араластырады  да,  алдын  ала  белгілі  агглютининдер  арқылы  қанда  қандай 

агглютиноген  бар  екенін  анықтайды.  Егер  екі  тамшыда  да    агглютинация 

жүрмесе, онда қанның І топқа жатқаны (қанда агглютиногендер болмағаны), 

ал  екі  тамшыда  да  агглютинация  жүрсе,  қанның  ІV  топқа  жатқаны. 

Агглютинация  тек  ІІІ  топ  плазмасымен  жүрсе,  қан  ІІ  топқа  жатады,  ал 

агглютинация   тек ІІ топ   плазмасымен   жүрсе, қан ІІІ топқа жатады.  

Мал қанының топтарының толық зерттелмеуіне   байланысты бұл əдіспен 

олардың  қанының  генетикалық  жүйесін  анықтауға  болмайды.  Сол  себепті 

малда  қан  жүйесінің  үйлесімділігін  анықтау  донор  қаны  мен  реципиент 

плазмасының  бір-бір  тамшысын  төсеніш  шынының  үстінде  араластырып 

байқау  керек.  Агглютинация  жүрмеген  жағдайда  қан  жүйелері  үйлесімді 

болады  да,  ондай  қанды  реципиентке  құюға  болады.  Ескертетін  жағдай  – 

малдың бір түлігінің қанын екінші түлікке құймаған жөн, себебі əр түліктің 

тек  өзіне  ғана  тəн  белоктары  болады.  Сондықтан  реципиент  организмінде 

бөгде  белоктарға  қарсы  қорғағыш денелер  түзіледі. Мұндай  қан  екінші рет 

құйылса,  организмнің  бөгде  белокқа  сезімталдығының  күштілігінен 

анафилактиялық шок (естен тану) байқалады. 

Өте  мұқтаж  жағдайда,  егер  реципиент  плазмасы  донор  эритроциттерін 

төсеніш  шыны  бетінде  жабыстырмаса,  əр  текті  қанды  бір  ғана  рет  кұюға 

болады.  Мұндай  жағдайда  итке  ешкінің,  жылқыға  ірі  қараның,  сиырға 

қойдың қанын құюға болады. 

5.10.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет