артқа теңселіп тұрады. Оның басы да бірқалыпта тұрмайды: не екі жағына
561
жүйке орталықтары қызметіндегі əрекеттестіктің бұзылуының салдарынан
бұлшық еттердің үйлесімді жиырылу қабілеті жойылады (асинергия).
Мишықсыз жануар артық қимылдан тез қажиды, ұзақ жүре алмай,
жатаған келеді. Бұл құбылысты астения деп атайды.
Мишық пен үлкен ми жарты шарлары қызметінде тығыз байланыс,
ықпалдастық байқалады. Ми қыртысы неғұрлым жақсы дамыса, соғұрлым
мишық та жақсы жетіледі. Мишық ми қыртысының күрделі қимыл-
əрекеттерді реттеудегі қызметін жеңілдетіп отырады. Ол экстрапирамидалық
жүйе арқылы таралатын қозу ағымын тежеп, пирамидалық жүйемен жылдам
таралатын импульстерге жол ашады.
Мишық организмнің қимыл-əрекетімен қатар, оның вегетативтік
қызметіне де əсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы
үлкейіп, артерия қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, қажыған
еттің жұмыс қабілеті қалпына келеді, демек симпатикалық эффект
байқалады. Мишықты алып тастағаннан соң ас қорыту жолының қимылы
баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі əлсірейді, малдың жүні үрпиіп
кетеді. Малдың қуат шығыны артады, бұлшық еттің қантты сіңіруі
нашарлайды, еттің нəрленуінің бұзылуы салдарынан атрофия (сему)
басталады.
Баяндалған
жайлар
мишықта
симпатикалық
жəне
парасимпатикалық жүйкелену орталығы орналасады деген болжам жасауға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: