562
210-сурет. Ми кесіндісінің ортаңғы ми
деңгейіндегі көрінісі:
1 – ми сабақтары; 2 – көз қимылдатқыш
жүйке;
3 – қызыл ядро; 4 – көз қимылдатқыш
жүйке
ялросы; 5 – орталық сұр зат; 6 – ми
суағары
(Сильвисв суағары); 7 – алдыңғы қос
төмпешіктер; 8 – қара тесемік.
Ортаңғы мидың базальдық бөлігін оның сабақтары құрайды. Əрбір сабақ
үш бөліктен -
бүркемеден,
қара төсеміктен жəне
табан негізден, тұрады.
Бүркемеде қызыл ядро мен шығырлық, көзқимылдық жүйкелер ядролары
орналасады. Демек, ортаңғы мидан ІІІ жəне ІV - ми жүйкелері басталады.
Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелеп, көз қимылдарының
үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-
жұлындық жол арқылы ол жұлынның мотонейрондарымен байланысады.
Қызыл ядро үлкен ми жарты шарларының қозғағыш аймақтарының қыртыс
асты түйінен, мишық ядроларынан жəне қара төсемік нейрондарынан
қоздырғыш сигналдар алады. Өз кезегінде ол сопақша ми орталықтарының
(Дейтерс
торшаларының) қызметін тежей реттеп отырады. Оның
қатысуымен дененің кеңістіктегі қалпына қарай бұлшық ет тонусы өзгеріп
отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз
ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын рететейді (211-сурет).
Жалпы алғанда тонустық (дене қалпын сақтау) рефлекстер ми
сабағының, сопақша ми мен ортаңғы мидың, басқаруымен атқарылады. Дене
қалпын сақтау рефлекстері тепе-теңдік (статикалық) жəне қимыл-қозғалыс
(статокинетикалық) рефлекстері болып, екі топқа бөлінеді. Тепе-теңдік
рефлекстері тыныштық кезінде, мал тұрған немесе жатқанда дененің
қалыпты кейпін, тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін қимыл əрекеттер.
Статокинетикалық рефлекстер - дене қозғалысы кезінде байқалатын
қимыл реакциялары. Олар кейіптену (дене қалпын сақтау) жəне тұлға түзеу
(мақсаттық) болып екі топқа бөлінеді.
211-ñóðåт.
Êîç¹-¹ûø
æ¾éåíi»
íåãiçãi
á-éë-íûñт-ðûíû»
ñõåì-ñû:
1 — ºîç¹-¹ûø -éì-º; 2 —
º½éðûºтû ÿäðî; 3 — º-óûç; 4
—
áîç¹ûëт
ø-ð;
5
—
á-ä-ìø- ÿäðî; т-ë-ìóñ; 7