Жануар физол


 Артқы ми жəне оның қызметі



Pdf көрінісі
бет420/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

19.3.2. Артқы ми жəне оның қызметі 

 

Көпір  –  негізінен  өткізгіштік  қызмет  атқарады.  Ол  мидың  алдыңғы, 

соңғы  бөлімдері  мен  мишықты  бір-бірімен  байланыстырады.  Көпірдің  сұр 

затында V–VІІІ-жұп ми жүйкелері ядролары, торлы құрылым ядролары жəне 

көпірдің  өзіндік  дербес  ядролары  орналасады  (208-сурет).  Ақ  зат  бойлама 

жəне  көлденең  орналасқан  талшықтар  шоғырынан  тұрады.  Бойлама 

талшықтар  көпірдің  төменгі  беткейімен  сопақша  миға  барады  да,  онда 

пирамидалар  құрайды.  Көпірдің  үстіңгі  жағында  олар  өрлеу  жəне  төмендеу 

жолдарын  құрады  да,  қос  бағытты  байланысты  қамтамасыз  етеді.  Ал 

көлденең бағытта орналасқан талшықтар мидың сабағына өтеді. 

Ми  жүйкелері  V–VІІ  жұптарының  сезімтал  талшықтары  арқылы  тілдің 

дəм  сезу  рецепторы,  бас  терісінің  рецепторлары,  көз  еттері  мен  терідегі 

рецепторлар  қабылдаған  сигналдар  өтеді.  Бұл  жүйкелердің  эфференттік 

талшықтары  бассүйек  еттерінің  қимылдарын  қамтамасыз  етеді.  Демек, 

көпірдің  рефлекторлық  қызметі  сопақша  мидың  қорғаныстық  жəне 

қоректену 

рефлекстерін 

толықтырып 

отырады. 

Көпірдің 

торлы 


құрылымының  ядролары  ретикуло-жұлындық  төмендеу  жолын  түзеуге 

қатысады.  Ал  көпірдің  өз  ядроларының  аксондары  оны  ортаңғы,  аралық 

мимен  жəне  мишықпен  жалғастыратын  қысқа  өрлеу  жолдарын  түзеді. 

Көпірдің  торлы  құрылымы  мен  V–VІІ  ми  жүйкелері  ядроларының 

қатысуымен  тыныс  алу,  жүрек-тамыр  қызметі,  ас  қорыту  органдарының 

жұмысы реттелінеді. 




 

559


Мишық  - көпір мен  сопақша  мидың  үстіңгі  жағында орналасады.  Оның 

көлемді  бүйір  бөліктерін  жарты  шарлар,  ал  олардың  аралығындағы 

жіңішке  бөлігін  -  құртша  деп  атайды.  Құртша  ІV-ми  қарыншасының 

күмбезін құрайды. 

Сұр  зат  мишықтың  беткей  бөлігінде  қыртыс  түзеді  де,  іш  жағында 

ядролар  құрайды.  Олардың  ішіндегі  ең  ірісі  кертпеш  ядро.  Ақ  зат 

мишықтың  іш  жағында  орналасып,  сұр  затпен  араласа  келе  оның 

құрылымына сүрек бедері бейнесін береді. 

Мишық  қыртысы  сыртқы  молекулалық,  ортаңғы  -  түйінді  жəне  ішкі  - 

дəнді  торшалардан  құралады.  Ортаңғы  қабатта  алмұрт  пішіндес  тежегіш 

нейрондар  -  Пуркинье  торшалары  орналасады.  Осы  торшалар  аксондары 

мишықтан шығар жолды түзеді.  

Мишық арнаулы жолдар арқылы ми сабағымен байланысады (208-сурет). 

Алдыңғы  жол  арқылы  ол  ортаңғы  мимен,  ортаңғы  жол  арқылы  -  ми 

көпірімен, артқы жол арқылы - сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми 

жарты  шарлары  қыртысымен  байланысады.  Мишықтың  рецепторлармен 

жəне  эффекторлармен  тікелей  байланысы  болмайды,  бірақ  оған  өте  көп 

афференттік  импульстер  жетіп  отырады.  Жұлын-мишық  жолдары  жəне 

сопақша  ми  мен  торлы  құрылым  арқылы  мишыққа  тері,  бұлшық  ет  жəне 

сіңір  рецепторларынан  импульстер  үздіксіз  жеткізіледі.  Сопақша  ми 

арқылы  мишыққа  вестибулалық  мүшеден,  ортаңғы  ми  арқылы  көру  жəне 

есту анализаторларынан импульстер келеді. 

Мишыққа  жеткен  импульстер  Пуркинье  торшалырына  беріледі.  Олар  өз 

кезегінде  мишық  ядроларына  жəне  солар  арқылы  торлы  құрылым  мен 

Дейтерс  ядроларына  тежеуші  ықпал  етеді.  Осының  нəтижесінде  жұлынға 

төмендеу  жолымен  өтетін  импульстер  мишықтың  тежеуші  ықпалының 

бақылауында болады. 

  

208-ñóðåт.

  Ìèøûºтû» 

á-éë-íûñ 

æîëä-ðûíû» ñõåì-ñû: 

1  —  ìè  ºûðтûñû;  2  — 

т

-ë-ìóñ;  3  —  º-óûç;  4 



—  áîç¹ûëт  ø-ð;  5  — 

ºûçûë ÿäðî; 6 - ºûðтûñ 

-ê¼ïiðëiê  т-ðì-ºт-ð;  7 

—  îðт-»¹û  тåãìåíттiê 

æîë;  8  —  êåðтïåø  ÿäðî; 

9  —  ê¼ïið  ÿäðîñû;  10  — 

ìèøûºтû» 

-ëäû»¹û 


æîëä-ðû;  11  —  ê¼ïið-

ìèøûº  т-ëøû¹û;  12  — 

ç¸éт¾í-ìèøûº 

т

-ëøû¹û;  13  —  т¼ìåíãi 



ç¸éт¾í;  14  —  ç¸éт¾í-

æ½ëûí-ìèøûº æîëû. 

 



 

560


 

Мишық құрылысының күрделілігі, байланысының молдығы нəтижесінде 

дене қимылының үйлесімін, дене кейпі мен тепе-теңдігін сақтауда маңызды 

рөл  атқарады.  Оның  қатысуымен  бұлшық  ет  тонусы  өзгеріп,  қимыл  əрекет 

кезінде  жеке  ет  топтарының  жиырылу  күші  реттелініп,  орынсыз  қимылдар 

байқалмайды.  

Мишықтың қызметін анықтау үшін зерттеушілер бұл құрылымды сылып 

тастау  əдісін  қолданған.  Мұндай  операцияларды  алғаш  рет  1890  жылы 

Л.Лучиани  ит  пен  маймылға  жасаған.  Мишық  қызметін  А.А.Орбели  мен 

оның шəкірттері де жан-жақты зерттеген. 

Мишықты  алып  тастағаннан  кейін  бұлшық  ет  тонусы  бұзылады. 

Операциядан кейінгі алғашқы сағаттарда бұлшық ет тонусы күрт төмендеп, 

тіпті жойылып кетеді. Мұндай жағдайды атония деп атайды. Бірақ бірнеше 

сағаттан  кейін,  кейде  2–3  тəулік  өткен  соң  ет  тонусы  күрт  жоғырылайды, 

мойын  еттері  тартылып,  малдың  басы  кекшиіп,  алдыңғы  аяқтары  сіресе 

жазылады. Дегенмен, ет тонусы барлық кезде жоғары жағдайда қалмайды, ол 

бірде  əлсіреп,  бірде  күшейіп  отырады.  Операциядан  10–12  күн  өткен  соң 

бұлшық ет тонусы төмендей бастайды да, қалыпты жағдайға келеді. 

Мишықты  алып  тастағаннан  кейін  қимыл  үйлесімділігі,  атқарылатын 

қимыл  мен  бұлшық  еттің  жиырлу  күшінің  арасындағы  сəйкестік  бұзылады. 

Бұл құбылыс атаксия деген атпен белгілі. Жүрген кезде аяқтар тым жоғары 

көтеріліп, жерге қатты соғылады, не шамадан тыс алшақ, не тым жақын, тіпті 

айқасып  басылады  (209-сурет).  Жануардың  кез  келген  қимылы  икемсіз, 

ебетейсіз болады да, нақтылығын жоғалтады. Мысалы, ит тамақты жеу қүшін 

басын бірнеше рет иіп-шалқайтады, тіпті тербелмелі қимылдар жасайды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет