Болымыстың
сигналдау жүйелері. Адам мен жануарлардың жоғары
дəрежелі жүйке қызметі сыртқы немесе ішкі ортаның əр түрлі
тітіркендіргіштерінің əсерінен қалыптасады. Бұл тітіркендіргіштер түрлі
сезім мүшелері арқылы əсер етеді. Осы сезім мүшелерінің қызметі
нəтижесінде жануарлар нақты жағдайды талдап жəне жинақтап отырады,
сондықтан сезім мүшелері бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бұл жүйе
адамға да, жануарларға да ортақ, ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі
болып табылады.
Болмысты сигналдаудың тағы да бір ерекше екінші жүйесі болады. Ол
əлеуметтік даму процесінің əсерінен адамдарда ғана дамыған. Бұл жүйе - сөз.
Сөз арқылы сыртқы жəне ішкі ортада болып жатқан құбылыстар
хабарланады. Екінші сигналдық жүйенің арқасында адамдар ойлау
қабілетіне ие болады. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе
негізінде пайда болады. Адамда екі сигналдық жүйе функционалдық
байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |