Жануар физол


 Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің типтері жайлы ілім



Pdf көрінісі
бет458/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

20.13. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің типтері жайлы ілім 

 

Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметінің типтері (нұсқалары) деп жүйке 

жүйесінің  жеке  дарақтарға  тəн  қасиеттерінің  жиынтығын  айтады. 

И.П.Павлов ілімі жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің жеке сипаттары қозу 

мен тежелу процестерінің пайда болып, өршу ерекшеліктеріне байланысты. 

Бір текті тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал өкілдері негізінен бірдей 

реакциямен  жауап  қайтарады.  Дегенмен,  мұқият  бақылағанда  əрбір 

дарақтың  тек  өзіне  ғана  тəн  өзгешеліктері  болатынын  байқауға  болады. 

Мысалы,  бір  атқорада  бағылатын  жылқылардың  жылқышының  жем 

үлестірер  кезіндегі  əрекеттеріне  реакциялары  əртүрлі  келеді:  бір  жылқы 

тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, осқырынады, үшіншісі бір орында тұра 

алмай,  əрлі-берлі  қозғала  бастайды  т.с.с.  Мал  реакциясындағы  бұл 

ерекшеліктер  оның  жүйке  жүйесінің  қасиеттерімен  байланысты.  Өз 

кезегінде  жүйке  жүйесінің  қасиеттері  ОЖЖ-де  пайда  болатын  қозу  жəне 

тежелу  процестерінің  ара  қатынасына  сəйкес  қалыптасады.  Əр  малда  қозу 

жəне  тежелу  процестері  бір  деңгейде  қалыптаспайды.  Олар  күшімен, 

теңдестігімен  жəне  жылжымалылығымен  ерекшеленеді.  Осы  қасиеттер  ара 

қатынасындағы  өзгешеліктер  жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметтің  типтік 

ерекшеліктерінің негізіне алынады. 




 

616


Жүйкелік  процестердің  күші  ми  қыртысы  торшаларының  жұмыс 

қабілетімен, олардың ұзақ əрі ауыр жұмыстарға төзімділігімен анықталады. 

Бұл қасиет қыртыс торшаларының жұмыс қабілетінің шегін сипаттайды. Ол 

дұрыс 


не 

бұрыс 


шартты 

рефлекстер 

қалыптастыруға 

қажет 


тітіркендіргіштердің  ең  жоғары  күшімен  анықталады.  Жүйкелік  процестер 

күшті немесе əлсіз болуы мүмкін. Кейбір иттерде шартты рефлекстер əлсіз 

тітіркендіргіштерге  де,  күшті  тітіркендіргіштерге  де  оңай  қалыптасады,  ал 

басқа біреулерінде күшті тітіркендіргіштер əсерінен, керісінше, шектен тыс 

тежелу туындайды. Оларда шартты рефлекстер тек əлсіз жəне орташа күші 

бар  тітіркендіргіштерге  ғана  қалыптасады.  Организмге  тым  күшті 

тітіркендіргіш əсер етсе, онда жүйкелік процестері күшті жануар оған тиісті 

реакциямен  жауап  береді,  немесе  мұндай  тітіркендіргіштің  əсерін 

жұмсартып жібереді. 



Жүйкелік процестердің теңдестігі қозу жəне тежелу процестері күшінің 

ара  қатынасымен  анықталады.  Егер  жүйке  жүйесінде  аталған  процестер 

күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса - теңгерілмеген 

болып  табылады.  Жүйкелік  процестері  күшті,  бірақ  қозу  процесі  басым 

жануарларға  күшті  қозғыштық  тəн  болады,  оларда  оң  шартты  рефлекстер 

жеңіл  қалыптасады,  бірақ  жіктеу  процесі  өте  нашар  жүреді.  Егер  қозу 

процесі тежелумен салыстырғанда əлсіздеу болса, ондай жануарларда күшті 

тітіркендіргіштер көбінесе ми қыртысында тежелу тудырады. 



Жүйкелік  процестердің  жылжымалылығы  қозу  мен  тежелудің  бірін-бірі 

алмастыру  жылдамдығымен  сипатталады.  Бұл  қасиетпен  сыртқы  орта 

жағдайына  байланысты  жануардың  мінез-қылығының  өзгеру  шапшаңдығы 

байланысты.  Жүйкелік  процестер  жылжымалы  (лабильді)  немесе 



тоқыраңқы  (инертті)      болуы    мүмкін.    Жүйкелік    процестердің 

жылжымалылығы  жоғары  болса,  жануар  сыртқы  ортаның  құбылмалы 

жағдайларына шапшаң бейімделеді. 

Жүйкелік процестердің қасиеттері жүйке торшаларының өзіндік құрылым 

ерекшеліктерімен  байланысты.  И.П.Павлов  пікірінше  жүйке  торшаларының 

өзіне  тəн  функционалдық  қоры  болады  жəне  ол  торша  əрекетімен 

байланысты    шығындалып  отырады.  Күшті  жүйке  торшаларында 

функционалдық қор мол болады, сондықтан олар ұзақ мерзім бойына жоғары 

деңгейде қызмет атқара алады. Əлсіз жүйке торшалары ұзақ, күшті жұмысқа 

шыдай алмайды, олар  функционалдық қорын тез шығындайды. 

Жүйкелік  процестердің  жылжымалылығы  тек  жүйке  торшаларының 

құрылым  ерекшеліктері  мен  қасиеттеріне  ғана  емес,  вегетативтік  жүйке 

жүйесінің  тонусына,  гуморальдық  реттеу  механизмдерінің  деңгейіне 

байланысты.  

Жоғарыда  аталған  жүйкелік  процестердің  үш  қасиеті  -  күші, 

теңдестігі 

жəне 

жылжымалылығы 

жүйке 

жүйесінің 

типтік 

ерекшеліктерінің  негізінде  жатады  да,  жануардың  мінез  -  қылықтық 



 

617


реакцияларына  организмнің  жалпы  тонусына,  оның  жұмыс  қабілеті  мен 

өнімділігіне əсер етеді. 

Жүйкелік  процестердің  күшіне,  теңдестігіне  жəне  жылжымалылығына 

қарай  И.П.Павлов  жоғары  дəрежелі  жүйкелік  қызметті  төрт  типке  бөлген. 

Олардың  біреуі  əлсіз,  ал  қалған  үшеуі  -  күшті.  Күшті  типтерді  ол  ұстамды 

жəне ұстамсыз,  ал  ұстамды  типтерді  - ширақ  жəне инертті  деп  бөледі  (235-

сурет). 

Демек,  И.П.Павлов  жіктеуі  бойынша  жоғары  дəрежелі  жүйке  қызметі 



əлсіз, ұстамсыз, ширақ жəне инертті болып бөлінеді. 

Ұстамсыз  типке  жататын  жануарларда  қозу  мен  тежелу  процестерінің 

күші  жоғары  болады  да,  қозу  процесі  тежелуден  басымырақ  келеді.  Ми 

қыртысында  қозудың  күші  басым  болғандықтан  ол  тез  жайылады  да,  ішкі 

тежелу  процесінің  туындауы,  жіктеу  процесі  қиынға  соғады.  Бұл  типке 

жататын жануарлар шамадан тыс қозғыш, агрессивті, ұстамсыз, үркек келеді, 

үйретуге қиын көнеді. 



Ширақ типке жататын жануарларда қозу мен тежелу процестерінің күші 

жеткілікті  əрі  шамалас  болады  жене  бір  процесс  екіншісімен  оңай,  шапшаң 

алмасады.  Ми  қыртысында  оң  жəне  теріс  индукция  айқын  байқалады, 

сондықтан  жүйке  процестері  шамадан  артық  жайыла  алмайды.  Бұл  типке 

жататын  жануарлар  сыртқы  орта  жағдайларына  шапшаң  бейімделеді,  əрбір 

жаңа тітіркендіргішті тез аңғарады, олармен оңай қабылдайды. 

 

 

  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет