Жануар физол


 Динамикалық стереотип жайлы ілім жəне болмыстың сигналдық



Pdf көрінісі
бет456/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

20.12. Динамикалық стереотип жайлы ілім жəне болмыстың сигналдық 

жүйелері 

 

Табиғи жағдайда сыртқы дүние организмге белгілі бір ретпен əсер ететін 

тітіркендіргіштер  көзі  болып  табылады.  Демек,  тіршілік  барысында 

организм  тітіркендіргіштердің  белгілі  стереотипті  тіркесімен  кездесіп 

отырады.  Осындай  стереотипті  тітіркендіргіштер  тіркесі  көп  мəрте 

қайталанса,  ми  қыртысында  белгілі  бір  ретпен  бірін-бірі  алмастырып 

отыратын қозу жəне тежелу ошақтарының өрнегі (мозайкасы) пайда болады. 

Осыдан үлкен ми жарты шарлары қызметінде жүйелілік, немесе И.П.Павлов 

айтқандай  динамикалық  стереотип,  қалыптасады.  Мұның  нəтижесінде 

организм  үнемі  қайталанып  отырылатын  тітіркендіргіштер  жиынтығына 

белгілі  əрекеттер  ретімен  жауап  береді.  Сонымен,  динамикалық  стереотип 

дегеніміз  ми  қыртысындағы  уақытша  байланыстар  жүйесі,  белгілі  бір 



ретпен атқарылатын шартты рефлекстердің жүйелі тізбегі. 

Егер  жануарда  белгілі  ретпен  қайталанып  отыратын  бірнеше  рефлекс 

қалыптастырылса,  онда  олар  өзара  тығыз  байланысқан  жүйеге  бірігеді. 

Мысал  ретінде  тəжірибесі  аз  ит  үйретушілері  жиі  жіберетін  қателікті 

келтіруге болады. Кейбір жағдайда «отырң деген бұйрықтан кейін ит отыра 

қалады  да,  одан  əрі  өз  бетімен  жатады,  кедергіден  əрі-бері  қарғи  бастайды. 

Мұндай  əрекеттің  себебі  жаттықтырушының  кезінде  осындай  ретпен  көп 

мəрте бұйрық қайталағанында. Осының салдарынан динамикалық стереотип 

қалыптасып,  алғашқы  берілген  бұйрық  иттің  бірнеше  тізбекті  əрекетінің 

атқарылуына  себепші  болады.  Динамикалық  стереотип  қалыптастыру  ми 

қыртысының  өте  күрделі  синтездеу  жұмысымен  байланысты  жəне  жүйке 

жүйесі  үшін  ең  қиын  міндет  болып  табылады.  Бірақ  бір  рет  қалыптасқан 

стереотипті  сақтау  онша  қиынға  соқпайды,  оны  жою  немесе  өзгерту  өте 

қиын.  Жақсы  қалыптасқан  стереотипті  өзгерту  мүмкін  болмайды  жəне  көп 

жағдайда  бұл  жоғары  дəрежелі  жүйке  қызметінің  бұзылуына  соқтырады. 



 

615


Сондықтан  жас  малды  белгілі  тəртіпке  үйреткен  кезде  олардың  қойылған 

талапты  толық  орындауын  жүйелі  түрде  қадағалап  отырған  жөн.  Өйткені 

малды  үйретуде  жіберілген  қателер  оларды  болашақта  тиімді  пайдалануға, 

малдың  шаруашылыққа  пайдалы  қасиеттерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 

бермейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет