1 – саға (кіреберіс), 2 – вестибулалык, аппарат, 3 – ұлу, 4 – сопақша тесік,
ампулалары, 8 – сопақша мидың вестибулалық ядросы, 9 – ұлу жүйкесінің
649
пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын
рецепторлық торшалар орын тебеді (248-сурет). Осы құрылым бастың
кеңістіктегі жағдайын бағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы,
қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа
осы рецепторлық торшаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан
рецепторлық торшалар ми құрылымдарына айналмалы қозғалыс, немесе
қимыл бағытының өзгерістері жайлы хабарлар жібереді.
Сағаның қапшықтарында дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады. Осы
жерде де сезімтал торшалар орналасады. Əрбір сезімтал торшаның бір бөлігі
цилиндр пішінді келеді де, екінші бөлігі сүйірлене бітеді. Оның сүйір
ұшында бір бос, қимылдағыш жəне 60–80 бір-біріне жабысқан кірпікшелер
орналасады. Бұл торшалар іркілдек зат массасына батып жатады. Осы
массаны отолит жарғағы (мембранасы) деп атайды. Отолит жарғағы киіз
тəрізді іркілдек ұлпадан құралады. Оның торының үстінде көптеген алты
қырлы өте майда фосфор - көмір қышқылды кальций кристалдары -
отолиттер, жатады (248, б-сурет). Отолит жарғағы басқа ұлпалармен
салыстырғанда салмақтырақ келеді, сондықтан ол сезімтал торшалардың
кірпікшелерін қысып тұрады.
248-сурет. Жартылай
дөңгелек
түтіктер
рецепторлары (А) жəне
отолит
аппаратының
құрылысы (Б):
1 – ескек, 2 – түк, 3 –
түкті
торша,
4
–
сүйеніш торшалар, 5 –
жүйке талшықтары,
6 –
отолиттер, 7 – іркілдек
масса, 8 – базальдық
мембрана.
Сағалық рецепторлық аппарат қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің
немесе бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде тітіркенеді. Мұндай
жағдайларда отолит мембранасы өз салмағымен торша түктерін не кереді, не
басып қысады, не жанына тартады. Түктердің керілу денгейіндегі
өзгерістерді рецепторлық торшалар қабылдап, жағдайды орталық жүйке
жүйесіне хабарлайды. Сонымен, отолит аппараты түзу бағытты қозғалыстың
650
үдеуінен, не баяулауынан жəне кеңістіктегі бастың кейпінің өзгерістерінен
туындаған тітіркеністерді қабылдап, оларды орталыққа бағыттап отырады.
Вестибулалық аппараттың рецепторлық торшалары вестибулалық түйін
түзетін қос өрісті торшалар өсінділерімен синапс арқылы жалғасады. Бұл
синапстан қозу ацетилхолин бөлу нəтижесінде таралады. Осы қос өрісті
торшалардың екінші өсінділері (аксондары) есту жүйкесінің вестибулалық
тармағын түзеді. Вестибулалық аппаратта пайда болған импульстер есту
жүйкесінің талшықтарымен сопақша мидағы аттас ядроға беріледі. Осы
жерде қимыл сипаты, дене мен бастың кеңістіктегі жағдайы жайлы хабарлар
алғашқы талдаудан өтеді. Сопақша мидың вестибулалық ядроларынан
өткеннен кейін афференттік жол айқасады да, таламустың вентробазальдық
құрылымдарына бағытталады. Бұл құрылымдардан афференттік импульстер
үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлігіне жіберіледі (249-
сурет).
Вестибулалық аппарат өз қызметін басқа сезім жүйелерімен тығыз
байланыста атқарады жəне жануарлардың қалыпты қимыл əрекеттерін
сақтауда маңызды рөл атқарады. Жартылай дөңгелек түтіктер қатты
тітіркенгенде жануарларда көптеген вегетативтік реакциялар байқалады: қан
айналым жүйесінің қызметі өзгеріп, тер бөлінеді, құсу рефлексі басталады.
249-ñóðåт
.
Âåñтèáóë-ëûº
-ïï-ð-ттû»
-ôôåðåíттiê
æ¸íå
ýôôåðåíттiê
á-éë-íûñт-ðû:
1 — ñîï-ºø- ìè, 2 —
âåñтèáóë-ëûº æ¾éêå
ÿäðîñû, 3 — º½ñó
îðт-ëû¹û, 4 —
æ½ëûí, 5 — á½ëøûº
åт, 6 — iøåê, 7 —
º-ðûí, 8 — ê¼ç, 9 —
âåñтèáóë-ëûº
-ïï-ð-ттû»
ðåöåïтèâтiê ¼ðiñi.
651
250-сурет. Вестибулалық аппараты
Достарыңызбен бөлісу: