Жануар физол



Pdf көрінісі
бет486/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

21.10. Интерорецепция 

 

Интерорецепторлар  (ішкі  рецепторлар)  орталық  жүйке  жүйесіне 

организмнің  ішкі  ортасының  жағдайы  жайлы  хабарлап  отырады.  Олардың 

əрекетінің  нəтижесінде  ішкі  мүшелер  мен  қан  тамырларының  қызметі 

реттелінеді. 

Интерорецепторлар  (висцерорецепторлар)  өте  сезімтал  құрылым, 

сондықтан  олар  гомеостазды  сақтауда,  вегетативтік  функциялардың 

өздігінен реттелуінде маңызды рөл атқарады. 

Қабылдайтын  тітіркендіргіш  сипатына  қарай  оларды  барорецепторлар 

(қысымды  қабылдайтын),  механорецепторлар  (механикалық  əсерлерді 

қабылдайтын),  хеморецепторлар  (химиялық  заттар  əсерін  қабылдайтын) 

жəне  осморецепторлар  (осмостық  қысым  ауытқулары  қабылдайтын)  деп 

жіктейді.  Интерорецепторлар  тобына  жалаңаш  жүйке  ұштарын,  Краузе 

сауытшасын,  Фатер-Пачини  денешігін  жатқызады.  Кейбір  жағдайда  олар 

күрделі құрылым түрінде кездеседі. 

Ішкі  рецепторлардан  тараған  импульстер  қан  айналымын,  ас  қорытуды, 

тыныс  алуды,  зат  алмасуды  т.б.  реттейтін  рефлекстер  тудырады. 

Интерорецепторлар  тітіркенуіне  шартты  рефлекстер  де  қалыптастыруға 




 

662


болады. Бұл ішкі ағзалар қызметін реттеу процесіне үлкен ми жарты шарлар 

қыртыстысының  қатысы  болатынының  дəлелі.  Бірақ  бұл  мəселе  əлі  күнге 

дейін  даулы  болып  келеді,  себебі  ішкі  мүшелерден  ми  қыртысына  келген 

импульстер  нақтылы  айқын  түйсік  тудырмайды.  Сау  организм  өз  жүрегін, 

бауырын, бүйрегін, қарнын т.с.с. сезінбейді. 

Соңғы  жылдарға  дейін  ми  қыртысында  интерорецепторлар  өкілдігі, 

олардың  сигналдарын  қабылдайтын  нақтылы  аймақ  болмайды  деген  ұғым 

қалыптасқан  болатын.  Терең  зерттеулер  интерорецепторлар  орталығы  ми 

қыртысының  артқы  сайында  орын  тебетінін  көрсетіп  отыр.  Тіпті  ядросы 

сопақша мида орналасқан кезеген жүйкенің өзі ми қыртысы нейрондарымен 

тығыз  байланыста  болатын  көрінеді.  Ми  қыртысында  ішкі  органдар 

сигналын 

қабылдайтын 

арнаулы 


аймақтың 

болуына 


қарамастан, 

интерорецепторлар  тітіркенуінен  нақтылы,  айқын  түйсік  туындамауының 

бірнеше себебі бар.  Біріншіден, анализатордың  қызметін қамтамасыз  ететін 

нейрондар  саны  интерорецепторлармен  байланысқан  нейрондар  санынан 

бірнеше  есе  көп  болады.  Демек,  ми  қыртысының  түрлі  анализаторлар 

қамтитын  аймағының  ауданы  интерорецепторлардан  шыққан  импульстерді 

қабылдайтын  аймақ  ауданынан  əлдеқайда  көлемді.  Екіншіден,  ми 

қыртысына  ішкі  органдардан  жеткен  импульстер  жалпылама  жолмен 

тасымалданады.  Ал  анализаторлар  рецепторларынан  импульстер  арнаулы 

жол  арқылы  таралады.  Сондықтан  арнаулы  жолмен  шапшаң  жеткен 

импульстер 

ми 


қыртысының 

басқа 


импульстерге 

сезімталдығын 

төмендететін  болу  керек.  Сонымен  қатар  организмнің  өзінде  ішкі 

органдардан  ми  қыртысына  бағытталған  импульстерді  екшеп,  бөгеп 

отыратын  механизмнің  болуы  да  ықтимал.  Осының  нəтижесінде  ми 

қыртысы  ішкі  ағзалардан  келетін  көптеген  импульстерден  қорғалып,  оның 

жұмысына тəн жүйелілік, реттілік сақталынады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   482   483   484   485   486   487   488   489   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет