642
Сыртқы жəне ортаңғы құлақты бір-бірінен бөліп тұратын қалыңдығы 0,1–
0,2 мм жұқа мембрананы дабыл жарғағы деп атайды. Ол талшықтары
сақиналы жəне сəулелі бағытта орналасқан серпімді ұлпадан тұрады. Дабыл
жарғағы дыбыс жолының сүйекті ұшында керіліп жатады да, өзіне жеткен
дыбыс толқынын ортаңғы құлаққа өткізеді.
Дабыл жарғағының арғы жағында ортаңғы құлақ (дабыл) қуысы
орналасады. Онда бір-бірімен буындана байланысатын есту сүйекшелері -
балғашық, төс жəне үзеңгі, - орналасады (242-сурет).
Балғашық дабыл жарғағына, ал
үзеңгі - ішкі құлаққа баратын сопақша
тесікті жауып тұратын жарғаққа бекиді. Аталған сүйекшелер арқылы дыбыс
толқыны дабыл жарғағынан сопақша тесікті жауып тұратын жарғаққа
беріледі. Сүйектің ерекше байланысының жəне үзеңгі ауданының дабыл
жарғағы беткейінен көп кіші болуының салдарынан дыбыс толқынының
күші 40–60 есе артады. Дыбыс тым күшейіп кеткен жағдайда құлақ
қуысының еттері жиырылып, дабыл жарғағы керіле түседі де, сүйектер
қимылы шектеліп дыбыстың əсер күші азаяды.
Дабыл қуысы евстахий (дыбыс) түтігі арқылы аңқамен байланысады.
Қалыпты жағдайда бұл түтік жабық болады. Ол сыртқы орта мен дабыл
қуысы арасындағы қысым айырмасы артқан кезде дабыл жарғағын
зақымданудан, жарылып кетуден сақтайды. Сыртқы ортадағы қысым
жоғарыласа дабыл жарғағы құлақтың ішіне қарай ойысады. Мұндай
жағдайда евтахий түтігі арқылы дабыл қуысына ауа кіреді де, жарғақтың екі
жағындағы қысым теңгеріледі, жарғақ жарылып кетуден сақталынады. Егер
сыртқы ортадағы қысым төмендесе, онда ортаңғы құлақтағы қысымның
əсерінен жарғақ сыртқа қарай ойысады. Мұндай жағдайда евстахий түтігі
ашылып, дабыл қуысындағы ауа сыртқа шығады да, қысым теңгеріліп,
жарғақ тағы да жарылып кетуден қорғалады.
Дабыл қуысының ішкі беті, есту сүйекшелері, евстахий түтігі
жыбырлағыш эпителийлі кілегей қабықпен көмкерілген. Тақ тұяқты
жануарларда евстахий түтігі ауданында сиымдылығы 450 см
3
шамасында
ауа қуысы түзіледі.
Ортаңғы құлақты ішкі құлақтан бөліп тұратын сүйекті қалқанда екі тесік
болады. Олар жұқа дəнекер ұлпалы жарғақпен жабылған дөңгелек жəне
сопақша тесіктер. Дөңгелек тесікті ұлу терезесі дейді. Одан сəл төменірек
орналасқан сопақша тесікті саға (кіреберіс) терезесі деп атайды.