660
дененің жеке бөлімдерінің белсенді жəне баяу қозғалыстары сезіліп, қимыл-
əрекет үйлестіріледі (256-сурет).
Сіңір рецепторлары жеке-жеке жіңішке сіңір талшықтарын орап жататын
афференттік жүйке ұштары болып табылады. Буын рецепторлары жалаңаш
немесе қапшықты жүйке ұштарынан құралады. Сіңір рецепторлары бұлшық
еттердің ширығу, кернеу деңгейін, ал буын рецепторлары - буын қабының
керілу күшін сезінеді.
Ең күрделі құрылым бұлшық еттің ұршық тəрізді торшаларына тəн
болады. Əрбір ұршық тəрізді торша бірнеше интрафузальдық талшықтан
(латынша fusіs - бүйірлі, ұршық) тұрады. Олар жақсы маманданған, сыртынан
қабықшамен қапталған жіңішке ет талшықтары болып табылады. Бұл
торшалар қимыл-əрекетті қамтамасыз ететін негізгі (экстрафузальдық) ет
талшықтарына қатарласа орналасып, олардың дəнекер ұлпалы қабығына
бекиді.
Ұршықтың ортаңғы, жиырылмайтын, сезімтал бөлігінде жүйке ұштары
ядро қабығына оралып, аннулоспиральдық құрылым (шумақ) түзеді. Оны
негізгі (бастапқы) афференттік жүйке ұштары деп атайды. Осы «негізгі
афференттіңң екі шетінде талшық ұшына қарай жүйке талшықтары шоғыр
құра аяқталады. Бұл шоғырды «қосалқы немесе екінші афферентң деп
атайды. Екінші құрылымның қозу табалдырығы жоғары, сондықтан олардың
буындағы динамикалық өзгерістерге сезімталдығы төмендеу болады (205-
суретті қара).
Интрафузальдық
талшықтарды
жұлынның
майда
гамма-
мотонейрондары, ал экстрафузальдық талшықтарды - ірі альфа-
мотонейрондары жүйкелендіреді. Интрафузальдық талшықтар өте əлсіз
жиырылады, сондықтан олар бүкіл бұлшық ет қызметіне əсер ете алмайды.
Гамма-мотонейрондардан келген импульстер интрафузальдық талшықтардың
ортаңғы сезімтал аймағының ширығуын, ұршықтың керілуге сезімталдығын
реттейді. Гамма-мотонейрондар белсенділігі артқанда альфа-мотонейрондар
белсенділігі де өзгереді.
256-ñóðåт
.
-ÿº
åттåðiíäåãi
ïðîïðèî
ðåöåïтèâтiê ¼ç-ð- á-éë-íûñ:
1 — á¾êêiø åт, 2 — æ-ç¹ûø åт, 3
— æ½ëûí, 4 — -ð-ë-ñ æ¾éêå, 5 —
åт ðåöåïтîðë-ðû, 6 — ñi»ið
ðåöåïтîð
ë-ðû
(Ãîëüäæè
äåíåøiêтåði), 7 — -ôôåðåíттiê
т
-ëøûºт-ð,
8
—
-ð-ëûº
íåéðîíä-ð, 9 — ºîç¹-ëтºûø
æ¾éêå,
11
—
æ½ëûííû»
á-éë-íûñ æîëä-ðû.
661
Проприорецепторлар «ет сезімінң қамтамасыз етеді. Оларға бейімделу
құбылысы жат, сондықтан қимыл анализаторы дененің кеңістіктегі жағдайы,
бұлшық еттің жиырылу деңгейі жайлы импульстерді толассыз алып
отырады.
Проприорецепторлар бұлшық еттің жиырылу - босаңсу деңгейі, сіңірдің
тартылу - керілу дəрежесі жайлы үздіксіз əрі дəл хабарлайды. Осының
нəтижесінде дене кейпіндегі болмашы өзгерістердің өзі сезіліп, қажетті
реакция туындайды. Дененің жеке мүшелерінің кеңістіктегі күйі жайлы
сезімді И.М.Сеченов «көмескі сезімң деп атаған. Шындығында
проприорецепторлардың қозуы нəтижесінде тек көмескі, бұлыңғыр түйсік
туындайды. Бірақ осы түйсіктің өзі тас қараңғыда кез келген кейіпті
қабылдауға, мақсатты рефлекстер атқаруға, дененің қажетті бөлігін - құлақ,
тұмсық т.б. дəл қасуға, т.с.с. əрекеттерге мүмкіндік береді.
Бұлшық ет пен ОЖЖ-ің арасында екі жақты байланыс орныққан.
Осының нəтижесінде əртүрлі қимыл-əрекеттер бір-бірімен дер кезінде
үйлестіріліп отырылады. Қимыл үйлесімі ОЖЖ-ің көптеген бөліктерінің
қатысуымен жүзеге асады.
Соматосенсорлық рецепторлардан орталыққа бағытталған импульстер
ОЖЖ-ің кез келген бөлімінде эфференттік жолға бұрылып кетуі мүмкін.
Осымен байланысты атқарылатын қимыл-əрекет сипаты осы афференттік
импульстер қабылданып, өңделген құрылымның функционалдық маңызына
сəйкес болады.
Достарыңызбен бөлісу: