653
бөлімі соматосенсорлық қыртыстың (сильвиев сайы маңындағы орталық
иірімнің) төменгі бөлігінде орналасады (252-сурет).
Соңғы кезге дейін дəмнің төрт түрі - ащы, тұзды, қышқыл жəне тəтті,
болады деп санаған. Кейінгі жылдары дəмнің бесінші түрі – су дəмі қосылды.
Оған негіз - тіл рецепторлары кəдімгі ауыз су əсерімен тітіркенгенде, қозу
импульстері орталыққа арнаулы жүйке талшықтары арқылы хабарланатын
көрінеді.
Қышқыл дəмді сутегінің еркін иондары, тұзды дəмді - кейбір тұздар, ал
ащы мен тəтті дəмді - əр түрлі құрылымды заттар тудырады. Бір дəм
буылтығы тек ащы дəмді, екіншісі - тұзды дəмді, үшіншісі - қышқылды,
төртіншісі - тəттіні қабылдауға бейімделген. Дегенмен тілдің бүртігінде
əртүрлі дəмді қабылдайтын рецепторлар қатар орналаса береді. Осымен
байланысты көбінесе бір бүртік дəмнің бірнеше түріне реакция бере алды.
Түрлі дəмді қабылдайтын рецепторлар тіл беткейінде бірдей таралмаған.
Тілдің ұшы тəттіге, бүйір беткейінің орта бөлігі - қышқылға сезімтал. Ащы
дəмді тілдің түбі, ал тұзды дəмді - ұшы мен бүйір беткейі жақсы сезінеді.
Бір зат дəм рецепторларына ұзақ уақыт əсер етсе, онда оған деген
сезімталдық біртіндеп төмендейді. Дəм рецепторларының сезімталдығы ас
қорыту жолының физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Қарынның кілегей қабығының интерорецепторларынан тараған импульстер
орталық жүйке жүйесі арқылы дəм рецепторларының сезімталдығына əсер
ете алады. Ашқарында дəм рецепторларының сезімталдығы артады, ал тоқ
жағдайда ол күрт төмендейді, уақытша істен шығып, дəмді сезу қабілетінен
айырылады.
252-ñóðåт
. ĸì ñåçiíó
ìåõ-íèçìi:
1 — ºûðтûñтûº ä¸ì
ñåçiíó
ÿäðîë-ðû,
2
—
т
-ë-ìóñ ÿäðîë-ðû, 3 —
ñîï-ºø-
ìèä-¹û
ä¸ì
ñåçiíó ÿäðîë-ðû, 4,6 —
æ¾éêå т¾éiíäåði, 5 — тië
æ¾éêåñi,
7
—
т
ië-
æ½тºûíø-º æ¾éêåñi, 8 —
т
ië
ìåí
îíä-¹û
ä¸ì
á¾ðтiêтåði.
654
Шөп қоректі жануарларда дəм сезу анализаторы өте жақсы дамыған. Ірі
қара мен қой қышқыл, ащы, тұзды жəне тəтті дəмді жақсы ажыратады. Ал
жыртқыш жануарларда дəм анализаторы нашар дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: