Жануар физол



Pdf көрінісі
бет491/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

эвритермиялы  жануарлар  сыртқы  орта  температурасының  ауытқуына 

төзімді,  стенотермиялы  жануарлар  -  төзімсіз  жануарлар  болып  табылады. 

Сыртқы  орта  факторларының  ауытқуларына  төзімділік  эврибиотты  жəне 

стенобиотты деген атаумен айқындалады.  

Жануарлар  өздері  бейімделген  фактордың  əсер  күшінің  оптимальдық 

деңгейінің  мөлшерімен  де  ерекшеленеді.  Фактор  күшінің  көп  мөлшеріне 

бейімделген  жануарларды  фактор  атына      «филң  -  деген  жалғау  қосылған 

атаумен атайды (грек тілінде phіleo – сүйемін деген мағына береді). Мысалы, 

термофильдер  (жылу  сүйгіштер),  оксифильдер  (оттегі  қалайтындар), 

гигрофилдер (дымқыл сүйгіштер). Ал, қарама қарсы жағдайда тіршілік ететін 



 

669


жануарларды фактор атына «фобң деген жалғау тіркеп атайды (грек тілінде 

phobos  –  үрей  деген  мағына  береді).  Мəселен,  галофобтар  -  тұщы  суда 

тіршілік  ететін  жануарлар,  олар  тұзды  суға  шыдамайды,  хионофобтар  - 

қалың қары бар аймаққа жоламайтын жануарлар. 

Табиғи  жағдайда  организмге  факторлар  жиынтығы  əсер  етеді  жəне 

бейімдеу  механизмдері  қызметін  қамтамасыз  ету  үшін  ол  белгілі  мөлшерде 

қуат  шығындап  отырады.  Сонымен  қатар  жеке  факторлар  арасында  белгілі 

байланыс  қалыптасып,  бір  фактор  екіншісінің  əсерін  не  күшейтіп,  не 

жұмсартып отырады. Мысалы, ауа құрғақ болса ыстықтық жеңіл сезіледі, ал 

ауа  дымқыл  болғанда  температураның  аз  ғана  дейгейге  көтерілуі  жылудың 

алмасуын  қиындатады.  Оның  себебі,  дене  беткейінен  булану  процесі 

қиындап,  ыстыққа  бейімделуді  қамтамасыз  ететін  механизм  əрекеті 

нашарлайды.  Суықтық  та  ауа  құрғақ  болғанда  жеңіл  сезіледі.  Ауаның 

ылғалдығы жоғарласа жылу реттеу қиындап, оны атқаруға жұмсалатын қуат 

шығыны  өсе  түседі.  Оның  себебі  ылғал  ауа  жылуды  жақсы  өткізеді, 

сондықтан жылу шығыны көбейеді. 

Кейбір  факторлар  физиологиялық  процестерге  тікелей  əсер  етпей,  басқа 

факторлар  əсерінің  сипатын  өзгертеді.  Мысалы,  жауын-шашын  ауаның 

ылғалдығына, малдың су ішу режиміне əсер етеді. Жел механикалық əсермен 

қатар  организмдегі  қуат  жəне  су  алмасуын  өзгертеді,  денені  тоңдырып, 

булану  процесін  күшейтеді.  Қалың  қар  азық  табуды,  қимылды  қиындатып, 

қуат  шығынын  арттырады.  Факторлардың  мұндай  əсерін  жанама  əсер  деп 

атайды. 


Организм  сыртқы  ортаның  күрделі  де  құбылмалы  жағдайында  тіршілік 

етеді,  сондықтан  оның  қалыпты  əрекеті  құрылымдық  тұтастығы  мен 

физиологиялық  қасиеттері  сақталғанда  ғана  атқарылады.  Бұл  күрделі 

процесті бейімделу механизмдерінің үйлесімді əрекеті қамтамасыз етеді. 

Биологиялық тұрғыдан бейімделу механизмдерін екі топқа бөлуге болады. 

1.  Тұтас  организм  мен  оның  жеке  жүйелері  қызметінің  сыртқы  ортаның 

ең  кең  тараған  жəне  тұрақты  факторларының  əсеріне  бейімделуін 

қамтамасыз ететін механизмдер. 

2. 

Ортаның 


жеке 

факторларының 

ауытқуларына 

байланысты 

қалыптасатын 

өзгермелі 

реакциялар. 

Бұл 


жағдайда 

бейімделу 

реакцияларының  нəтижесінде  организмге  тəн  зат  алмасу  процесінің  жалпы 

деңгейі сақталады. 

Аталған  механизмдер  мəнін  мысалмен  түсіндірейік.  Гомойотермиялы 

жануарларда  жылу  алмасуды  реттейтін  механизмдердің  бір  тобы 

организмнің  маусымдық  ауытқуларға  бейімделуін  қамтамасыз  етеді. 

Мəселен,  жыл  маусымымен  байланысты  тері  түгінің  тығыздығы,  шелдің 

қалындығы,  зат  алмасу  қарқыны  жəне  термобейтараптық  аймақ  шегі 

өзгереді. 

Ал 

реакциялардың 



басқа 

тобы 


организмнің 

орта 


температурасының  қысқа  мерзімдік,  қалыпты  жағдайда  кездесе  бермейтін 


 

670


ауытқуларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл процесс химиялық жəне 

физикалық  жылу  реттеу  механизмдері  арқылы  атқарылады.  Организмнің 

тұрақты 

реакцияларымен 

бірлесе 

отырып 


аталған 

бейімделу 

реакцияларының  өзгермелі  (лабильді)  түрлері  организм  күйін  орта 

жағдайымен толық үйлестіріп отырады.  

Шөл  жəне  шөлейт жерде  тіршілік  ететін  жануарлар бүйрегінің бозғылт 

затының мөлшері көп болады. Ол Генле тұзағының ұзаруымен байланысты. 

Осы өзгерістің нəтижесінде бүйректе судың кері сорылуы күшейіп, денеде 

су  тиімді,  үнемделіп,  пайдаланылады.  Бірақ  кез  келген  организм 

қабылдайтын  су  мен  тұздың  мөлшері  тұрақты  болмайды,  ол  əр  түрлі 

жағдайларға  байланысты  өзгеріп  отырады.  Мұндай  жағдайда  бүйрек 

қызметі  АДГ  əсерімен  реттелінеді.  АДГ  бейімделудің  шапшаң  түрін 

қамтамасыз ететін тетік болып табылады да, тұрақты морфофункционалдық 

бейімделу механизмі аясында (фонында) əсер етеді. 

Жоғарыда  баяндалған  бейімделу  механизмдерінің  екі  түрінің 

биологиялық  маңызы  əр  түрлі.  Олар  бір-біріне  кесір  жасамай  қатар, 

қосарлана  əсер  етеді.  Бұлар  биологиялық    жүйенің  «стратегиясың    мен 

«тактикасың іспеттес.  

Сыртқы  орта  жағдайына  бейімделу  үлкен  ми  жарты  шарлары 

қыртысының 

басқаруымен 

жүреді. 

Түрлі 


əсермен 

алдымен 


анализаторлардың рецепциялық аппараты ұшырасады. Олар тітіркендіргішке 

белгілі  ретпен  реакция  беріп,  сигналдарды  тиісті  жүйке  орталықтарына 

бағыттайды.  Организмге  қолайсыз  факторлар  əсер  етсе  (суықтық,  жарақат, 

қатты шу, уытты заттар т.б.) оларға екі мағыналы жауап-реакция туындайды. 

Оның  бірі  сол  тітіркендіргіш  табиғатына  байланысты  нақтылы  реакциялар 

да,  екіншісі  -  əртүрлі  стрессорлар  əсерінен  туындай  беретін  жалпылама 

реакциялар.  Мұндай  реакцияларға  қорғаныстық  -  бейімдеу  қызметі  тəн 

болады.  Олар  организмді  сыртқы  орта  жағдайына  бейімдеуге,  функциялар 

ауытқуларын қалпына келтіруге бағытталады. 

А.А.Орбели  зерттеулеріне  сəйкес  сыртқы  орта  жағдайларына  бейімделу 

процесін  қамтамасыз  етуде  симпатикалық  жүйке  маңызды  рөл  атқарады. 

Жүйке  жүйесінің  бұл  бөліміне  бейімдеу  -  нəрлендіру  қызметі  тəн. 

Симпатикалық  жүйке  жүйесінің  қызметі  нəтижесінде  қуаттық  қор 

жұмылдырылып,  қан  айналым  жүйесі  мүшелерінің  жұмысы  жанданады, 

бұлшық ет əрекеті күшейеді, иммундық процестердің белсенділігі артады. 

Организмдегі  бейімделу  процесі  қан  айналым жəне  тыныс алу  жүйелері 

қызметінің  өзгеруімен  (жүрек  жұмысы  мен  тыныстың  жиілеуінен) 

басталады.  Бейімделу  барысында  дене  температурасы,  ас  қорыту  жүйесінің 

қызметі, қанның морфологиялық құрамы, зат алмасу процесінің қарқыны, су 

мен тұздардың алмасуы, торша мен ұлпа аралық су мөлшерінің ара қатынасы 

өзгереді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет