Жануар физол



Pdf көрінісі
бет490/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

шыдамдылық,  көнбістік  деген  мағына  береді)  принциппен  бейімделу

Бейімделудің  бұл  жолы  жануарлардың  жеке  түріне  тəн  тұрақты  қасиет 

ретінде  қалыптасады  да,  негізінен  торша-ұлпа  деңгейінде  жүреді. 

Бейімделудің  екінші  -  белсенді  жолы  организмнің  арнаулы  бейімделу 

механизмдері  арқылы  сыртқы  орта  əсерін  жұмсартып,  ішкі  ортаның 

салыстырмалы  тұрақтылығының  сақталуын  қамтамасыз  етеді.  Демек, 

белсенді  бейімделу  немесе  резистенттік  принциппен  бейімделу  (латынша 

resіstentіa - қарсыласу, кері əсер) организмінің ішкі ортасының тұрақтылығын 

сақтауға  бағытталады.  Пассивті  бейімделуге  мысал  ретінде  пойкилотермді 

немесе  пойкилоосмостық  жануарларды,  ал  белсенді  бейімделуге  мысал 

ретінде гомойотермді немесе гомойоосмостық жануарларды алуға болады. 



Биотикалық 

факторлар 

(жыртқыштар, 

ауыру 

қоздырғыштар, 



бəсекелестер  т.с.с.)  басқа  түрге  əсер  ете  отырып,  өздері  де  солардың 

ықпалында, өзара əсерлестік жағдайында болады. 

Түрлі  факторлардың  организмге  əсері,  оларға  қайтарылатын  жауап 

сипаты  көбіне-көп  сол  фактордың  əсер  күшіне,  оның  мөлшерленуіне 

(дозасына) байланысты. Организмнің қалыпты тіршілігін сақтау үшін орта 

факторларларының  (жылулық,  ылғалдық,  жауын-шашын,  оттегі  т.б.) 

жағымды  мөлшерде  болуы  қажет.  Олардың  тапшылығы  немесе 

молшылығы  организм  функцияларында  түрлі  ауытқулар  тудырады.  Кез 

келген  фактордың  организм  мұқтаждығына  сəйкес  жəне  оның  тіршілігі 



 

668


үшін  ең  қолайлы  жағдай  туғызатын  мөлшерін  оптимальдық  мөлшер  деп 

атайды.  Фактордың  қолайлы  əсері  сақталатын  шекті  оңтайлы 



(оптимальды) аймақ дейді. 

Түрге  тəн  бейімделу  механизмдері  фактор  оптимальдық  шектен  белгілі 

мөлшерде  ауытқыған  жағдайда  организм  функцияларын  қалыпты  деңгейде 

сақтауға  мүмкіндік  береді.  Фактор  оптимумнан  ауытқығанымен  организм 

функцияларының  өзгермей  қалыпты  деңгейде  сақталатын  аймағын  норма 

(қалып)  аймағы  деп  атайды.  Бұл  аймақ  оптимумнан  ауытқу  бағытына  қарай 

тапшылық  не  молшылық  аймақтары  болып  бөлінеді.  Фактор  күшінің  бұл 

аймақ  шеңберінен  шығып  кетуі  (жетпей  қалу  не  артып  кетуі)  организмнің 

бейімделу  механизмдері  қызметінің  нəтижелілігін  төмендетіп,  тіршілік 

əрекеттерінде  ауытқулар  тудырады (өсіп-даму,  көбею процестері  бұзылады, 

түлеу  тежеледі  т.б.).  Сондықтан  бұл  аймақтарды  пессимум  аймақтары  деп 

атайды.  Фактор  мөлшері  пессимум  аймағынан  шығып  кетсе  бейімдеу 

механизмдерінің  қызметі  қалыпты  функциялардың  сақталуын  қамтамасыз 

ете алмайды да, тіршілік тоқтайды. 

Кез  келген  факторға  бейімделу  қуат  шығынын  қажет  етеді.  Оптимум 

аймағында  организмнің  бейімделу  механизмдері  іске  қосылмайды, 

сондықтан  қуат  тек  тіршіліктік  маңызы  зор  процестерді  атқаруға  ғана 

жұмсалады.  Мысалы,  термобейтарап  аймақта  организм  сыртқы  ортамен 

жылу  теңдестігі  жағдайында  болады.  Фактордың  күші  оптимумнан 

алшақтаған  сайын  бейімделу  механизмдерінің  қызметі  ширыға  түседі  де, 

қуат шығыны арта береді. Қуат теңдестігінің (балансының) бұзылуы, фактор 

күшінің  жетіспеуі  не  шектен  артып  кетуі  организмдегі  өзгерістерге 



шыдамдылық  диапазонын  шектейді.  Фактор  күшінің  организм  төзе  алатын 

ауытқулары  осы  факторға  жануар  түрінің  экологиялық  валенттілігі  деп 

аталады. 

Фактор  күшінің  оптимальдық  деңгейден  көп  мөлшерде  ауытқуларына 

төзімді жануарлар түрін осы фактор атының алдына «эвриң - деген сөз қосып 

атайды.  Мысалы,  эвритермиялы  жануарлар  (грек  тілінде  eurus  -  кең  деген 

мағына  береді).  Фактор  ауытқуларына  төзімсіз  жануарларды  сол  фактор 

атына «стеноң деген сөз қосып атайды (грек тілінде stenos - тар). Сонымен, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет