22-ТАРАУ.
БЕЙІМДЕЛУ (АДАПТАЦИЯ)
22.1. Негізгі түсініктер
Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы жағдайына
организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо-физиологиялық
процестер жиынтығын айтады (латынша аdарtаtіо – бейімделу). Адаптация
нəтижесінде организмнің тіршілік ортасының экологиялық жағдайына
(температура ауытқуларына, оттегі, жарық тапшылығына, азық түріне т.с.с.)
төзімділігі қалыптасады. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті
түрде организмде функциялар ауытқуларын тудырып, шектен артып кеткен
жағдайда дертке ұшыратады.
Жануарлардың сыртқы ортаның жаңа, тосын, жат жағдайларына (мекен,
ауа райы) көндігуін жерсіну (акклиматизация), ал жасанды туғызылған
жағдайларға (лаборотория, космос аппараты т.б.) үйренуін көндігу
(акклимация) деп атайды.
Экологиялық-генетикалық тұрғыдан физиологиялық адаптацияны екіге
жіктейді: түрлік - тұқым қуалаған жəне дарақтық - жеке өкілдерге тəн.
Жануарлардың бір түрі суық климатқа, екіншісі - қоңыржай температураға,
үшіншісі - биік таулы аймаққа (қодас, лама) бейімделген. Кейбір жануарлар
салыстырмалы қолайлы жағдайда тапшы азықты жақсы пайдаланады, бірақ
олардың өнімділігі төмен болады. Басқа біреулері сапалы азықты талап етеді
жəне оларды өнімге өте тиімді айналдырады. Шөлейт аудандарда сирақты,
тұрпаты қатқыл, ал ылғалды ойпатта тұлғасы болбыр жануарлар өседі.
Тірі организм жоғары деңгейдегі өздігінен реттелетін, өзін өзі
сүйемелдейтін, қалпына келтіретін, бағыттайтын, тіпті жетілдіретін күрделі
жүйе. Бірақ организм сыртқы ортаның мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын
өзгерістеріне (күн мен түннің, жыл мезгілінің алмасуларына, температура
667
ауытқуларына жəне басқа экологиялық жəне климат құбылыстарына)
тəуелді. Сондықтан организм үшін сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл
атқарады. Үй жануарларының бейімделу ерекшеліктерін анықтағанда осы
жайларды ескерген жөн.
Барлық экологиялық факторлар абиотикалық жəне биотикалық болып
үлкен екі топқа бөлінеді. Абиотикалық (жансыз) факторға сыртқы ортаның
табиғи жағдайлары: жер бедері, температура, ылғалдық, ауа құрамы т.с.с.
жатады. Биотикалық (жанды) факторларды тіршілік əрекеті организмге
ықпал ететін басқа жан-жануарлар құрайды.
Абиотикалық факторлар организмге тікелей немесе жанама жолмен
(басқа факторлар көмегімен) зат алмасу процесінің қарқынын өзгерту
арқылы əсер етеді. Олардың кейбіреуі сигнал рөлін атқарып, организмді
қоршаған ортаның болашақ өзгерістеріне алдын ала дайындайды. Мысалы,
күннің ұзаруы организмде белгілі бір бейімделу процестерінің туындауына
себепкер болады. Абиотикалық факторлар тек біржақты əсер етеді. Организм
олардың əсеріне тек бейімделіп отырады, өзі оларға кері ықпал жасай
алмайды.
Абиотикалық факторларға бейімделудің екі түрі болады. Оның біріншісі,
осы факторға, оның əсер күшінің өзгерістеріне төзімділік қалыптастыру,
организм функцияларының қалыпты күшін сақтауды қамтамасыз ету жолы.
Бұл пассивті (ырықсыз) бейімделу, толеранттық (латынша tоlerantіo -
Достарыңызбен бөлісу: |