Жануар физол


-  толу  кезеңі  үш  сатыға



Pdf көрінісі
бет67/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   504
4-  толу  кезеңі  үш  сатыға  бөлінеді.  Жүрекшелердегі  қысымның 

қарыншамен  салыстырғанда  жоғары  болуының  салдарынан  жармалы 

қақпақшалар  ашылған  кезде  қан  қарыншаларға  тез  ығысады  да,  жылдам 



толу  сатысы  басталады.  Оның  ұзақтығы  0,08  сек.  Одан  əрі  қарыншадағы 

қысым  өсе  бастайды  да,  қанның  қарыншаға  өту  қарқыны  азаяды.  Бұл  баяу 



толу сатысы. Оның ұзақтығы 0,16 сек. Бұдан əрі толу кезеңі жүрекшелердің 

жиырылуымен аяқталады. Бұл сатыны пресистола деп атайды. 

Бұл  кезде  ет  талшықтарының  ұзындығы  өзгермей,  тек  олардың  ширығу 

деңгейі төмендейді. Бұл изометриялық босаңсу сатысы. Оның ұзақтығы 0,08 




 

90

сек  тең.  Осы  аталған  процестердің  əсерінен  қарыншалардағы  қысым 



жүрекшелердегі қысымынан көп төмендеп, жармалы қақпақшалар ашылады 

да, жүрек жұмысының жаңа кезеңі - толу басталады. 

Əр  түлік  малда  жүрек  айналымы  кезеңдерінің  ұзақтығы  əр  түрлі.  Ол 

жүрек жұмысының жиілігіне байланысты (25-сурет). Мысалы, ірі қарада бір 

минутта  орта  есеппен  60  жүрек  айналымы  байқалады.  Демек,  жүректің  бір 

толық  айналымының  ұзақтығы  1,0  секундқа  тең.  Осы  аталған  уақыттың  0,1 

сек  жүрекшелердің  жиырылуына,  0,3  сек  қарыншалардың  жиырылуына,  ал 

0,6  сек  жалпы  тыным  кезеңіне  жұмсалады.  Сонымен  жүректің  бір  толық 

айналымына  кететін  уақыттың  көп  мөлшері  еттердің  демалысына 

жұмсалады.  Жоғарыда  келтірілген  цифрларға  қарағанда  жүрекше  еттері 

жүректің  бір  толық  айналымында  тек  0,1  сек,  ал  қарынша  еттері  0,3  сек 

жұмыс  істейді.  Басқа  кезде  олар  дем  алады.  Осының  арқасында  ғана  жүрек 

ұзақ уақыт тынымсыз, шаршамай қызмет атқара алады. 

 

 



  Тыныштық 

 

Жүрекше 



 

0,1 


0,7 

0,1 


Қарынша 

 

 



0,08 

0,25 



0,12 


0,35 


 

                   0,1          0,2            0,4         0,5         0,6        0,7          0,8    с 



 

Жүрек айналымы 

 

25-суретҚойдың жүрек айналымының схемасы (жүрек минутына 75   рет 

соққанда): 

1 - қарыншалардың жиырылуы; 2 - қанды қуу,3 – босаңсу, 4 – толу кезеңдері 

 

Жалпы  тыным  кезінде  жүректің  қызметін  қамтамасыз  ететін  энергия 



қоры 

жинақталады. 

Арнаулы 

жүргізілген 

зерттеулер 

тіршілік  əрекеті  кезінде  жүрекке  үлкен  күш  түсетінін  дəлелдеді. 

Мысалы,  жүрек  6  сағат  ішінде  салмағы  70  кг  адамды  25  қабатты 

үйдің  биіктігіне  көтеруге  жарайтындай  энергия  шығындайды.  Бір 

минутта  жүрек  8,5  кГм,  бір  тəулікте  -  12  мың  кГм,  ал  бір  жыл- 

да  –  4260  мың  кГм  жұмыс  атқарады.  Жүректің  бір  тəулік  ішінде 

жұмсаған  энергиясына  18  т.  жүкті  бір  метр  биіктікке  көтеруге 

болар еді.  

Жүректің  жұмысы кезінде оның  қуыстарындағы  қысым мөлшері өзгеріп 

отырады.  Мысалы,  жүрекшелер  жиырылғанда  олардың  қуысындағы  қысым 

сынап  бағанасымен  10-30  мм  дейін  көтеріледі,  ал  диастола  кезінде  ол  күрт 

төмендеп,  0-ге  дейін  түсіп  кетеді.  Систола  кезінде  сол  қарыншада  қысым 




 

91

сынап бағанасымен 150-180 мм, ал оң қарыншада -70-80 мм дейін көтеріледі 



де, диастола кезінде 2-5 мм-ге дейін төмендейді. 

Жүрек қуысындағы қысым деңгейін Шово-Марей əдісі арқылы жүрекке 

ұшына баллон орнатқан арнаулы түтікшелер жіберу арқылы анықтайды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет