Жануар физол



Pdf көрінісі
бет75/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

               ШКБ 























































































 



                            Қан қысымы (с. б. мм) 

ШКБ  неғұрлым  көп  болса,  қан  ағынына  кедергі  соғұрлым  жоғары 

болады.  Бұл  өлшемнің  өсуі  қан  тамырлары  тонусының  жоғарылауының 

белгісі. 



5.10. Қан тамырларының функционалдық топтары 

Қан  айналым  жүйесінің  тамырлары  құрылысы  мен  қызметі  жағынан 

əртүрлі  болып  келеді.  Атқаратын  қызметіне  қарай  қан  тамырлары 

амортизациялық (магистральдық), кедергілік, сфинктерлік (қысқыш), алмасу, 

сиымдылық  жəне  төте  (шунттық)  тамырлар  болып  6  топқа  бөлінеді  (29-

сурет). 


Амортизациялық тамырлар деп қанның бірқалыпты, тоқтаусыз жылжуын 

қамтамасыз ететін ең ірі артерияларды атайды. Бұл тамырлар қабырғасында 

бірыңғай  салалы  ет  элементтері  азырақ,  ал  оралымды  талшықтар  көбірек 



 

101


болады.  Қан  ағынына  кедергінің  көп  мөлшері  осы  амортизациялық 

тамырларда қалыптасады. 



Кедергілік  (резистивтік)  тамырлар  прекапиллярлық  (ұсақ  артериялар) 

жəне  посткапиллярлық  (венулалар  мен  ұсақ  веналар)  болып  бөлінеді.  Осы 

пре–  жəне  посткапиллярлық  тамырлардағы  тонустың  мөлшеріне  қарай 

капиллярлардағы  гидростатикалық  жəне  фильтациялық  қысым  деңгейі, 

демек,  тамыр  мен  ұлпалар  арасындағы  сұйықтардың  алмасу  қарқыны 

қалыптасады. Тамырлардағы шеткі кедергілердің негізгі бөлігі (шамамен 2/3)  

осы  резистивтік  тамырларда  туындайды.  Бұл  тамырлардың  физиологиялық 

күйіне  қарай  органдардан  өтетін  қан  мөлшері  өзгеріп  отырады.  Кедергілік 

тамырлар симпатикалық жүйкелермен мықтырақ жүйкеленеді жəне олардың 

ет қабаты қалың келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет