жағдай емес. Мысалы, қос бүйрек, қос өкпе, т.с.с. Ал организмге ең қажет
94
мембраналық тетіктерінен, ферменттік жүйелерінен құралады. Бұл тетік
миокард торшаларында қозу мен жиырылу процестерінің туындауын,
олардың ара байланыстарын, энергия жəне зат алмасуларын қамтамасыз
етеді.
2. Ағзалық реттеу тетігі миокардтың синцитий түрінде құралуымен,
жүректің өткізгіш жүйесімен, қабырғалық арнаулы жүйке аппараттарымен,
торша аралық иондық жəне гуморальды заттармен қалыптасқан. Бұл
механизм жүректің біртұтастығын, жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз
етеді. Оны атқаруда жүректің қабырғалық жүйке аппараттарының рөлі зор.
Жүректің қабырғалық жүйке түйіндері бұл органның күрделі қызметін
шалғай рефлекс принципімен реттейтін құрылым. Бұл пікір дəлелді болу
үшін бір мысал келтіріп өтейік.
Хирургиялық операция арқылы ауыстырылып отырғызылған, немесе ми
мен жұлыннан келетін барлық жүйкелері қиылып тасталған мал жүрегі
жүйкемен реттеу тетіктерінің бұзылуына қарамай, өз қызметін атқарып қана
қоймайды, сонымен қатар организм мұқтаждығына қарай оны бейімдеп,
өзгерте алады. Бірақ жүйкесізденген жүректің қызметі организмге ауырлық
түскенде тез өзгере қоймайды. Оның организм күйіне бейімделуі баяу
жүреді. Мұндай жүрек жұмысты тоқтатқаннан соң ұзақ уақыттан кейін ғана
қалыпты күйіне оралады.
Жүрек жұмысы үш түрлі жолмен өздігінен реттеледі.
А). Гидродинамикалық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік
“гидродинамикалық кері байланыс” арқылы жүректің оң жəне сол
бөлімдерінің жұмысын үйлестіріп отырады. Мысалы, əр түрлі ырғақта
жұмыс істеп тұрған “оқшауланған” екі жүректі бірінен қуылған қан
екіншісіне, ал екіншісінен қуылған қан қайтадан бірінші жүрекке
оралатындай етіп ортақ жүйеге қосса, олар бір ырғақта жұмыс істей
бастайды. Оған бұл екі жүректің арасында гидродинамикалық “кері
байланыстың” қалыптасуы себеп болады. Демек, жүректің ырғағы мен
жиырылу күші жүректің қуысындағы қысымға сəйкес өзгеріп отырады.
Б). Гетерометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Бұл тетік жүрек
еттерінің жиырылу күшін оның ет талшықтарының бастапқы созылу
дəрежесіне қарай өзгертіп отырады. Осы механизм “Старлинг заңын”
түсіндіруге негіз болады. Жүрек еті неғұрлым көбірек созылса, соғұрлым ол
күштірек жиырылады.
В). Гомеометриялық аутореттеу тетігі арқылы. Қалыпты жағдайда
жүректің жиырылу күші миокард талшықтарының бастапқы ұзындығына
(жүректің толу, керілу дəрежесіне) сəйкес қана өзгермей, жүрек еттеріндегі
иондардың концентрациясына байланысты да өзгеріп отырады. Жүректің
жиырылу кезеңі ұзарса, жүректің ет талшықтарындағы кальций иондарының
концентрациясы көбейеді. Жүректің соғу ырғағы жиілесе де оның еттерінің
жиырылу күші артады. Оның себебі бұл жағдайда диастола қысқарып,
систола кезінде ет талшықтарына енген кальций иондары қайта шығып
95
үлгермей, оның торшалардағы концентрациясы жоғарылайды. Дəл осы
феномен “
Боудич баспалдағының” негізінде жатады.
Демек, жүректің өзінде орналасқан реттеу тетіктері тек жекеленген жүрек
камераларының жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар
олардың белгілі бір ретпен, күшпен жиырылуын, миокард талшықтарының
босаңсу дəрежесі мен оның жылдамдығын реттейді.
Жүректің қызметі сыртқы жəне ішкі ортаның жағдайына бай-ланысты
организмнің мұқтаждығына қарай бейімделе өзгеруі ағзадан тыс реттеу
механизмдерінің əсерімен жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: