Жануар физол


 Іштөлдің қан айналым ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет97/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

5.19. Іштөлдің қан айналым ерекшеліктері 

Іштөлдің  қан  айналымында  бірнеше  ерекшелік  болады.  Оның  кіші  қан 

айналым  шеңбері  қанды  өкпеге  аз  ғана  мөлшерде  өткізгенімен,  газ  алмасу 

процесіне  қатыспайды.  Ұрық  оттегіні  кіндік  тамыр  арқылы  ене  денесінен 

серік  (плацента)  арқылы  алады.  Кіндік  ұрық  денесіне  өткеннен  кейін  екі 

тамырға  бөлінеді.  Оның  бір  тармағы  төменгі  қуыс  венамен  тікелей 

жалғасады,  ал  екіншісі  –  төменгі  қуыс  венамен  бауыр  арқылы  қосылады. 

Қуыс веналармен оң жүрекшеге құйылған қанның бір бөлігі жүрекшеаралық 

тесік  арқылы  сол  жүрекшеге  өтеді.  Ал  жүрекшелер  жиырылғанда  қан 

қарыншаларға, одан əрі қан айналым шеңберлеріне бағытталады. 

Кіші шеңберге өкпе артериясымен бағытталған қанның бір бөлігі өкпеге 

барады да, негізгі бөлігі артериялық өзек арқылы үлкен шеңберге қосылады. 

Осының  нəтижесінде  қанның  көбі  қолқа  арқылы  үлкен  шеңберге  -  ұрық 

денесіне таралады (49-сурет). 

Алдымен  қан  жүрек  артериялары  арқылы  жүректің  өзіне,  содан  кейін 

қолқа  доғасынан  шығатын  артериялар  арқылы  ұрықтың  бас  жəне  дене 

бөлігіне тарайды. Ал қолқаның төмендеу бөлігінен тарайтын артериялармен 

қан ұрық денесінің артқы бөлігіне жайылады. Ұрық денесінен жиналған вена 

қаны  кіндік  артериялары  арқылы  кіндік  бауының  құрамында  серікке 

бағытталады.  Серікте  қан  оттегімен  қанығып,  қоректік  заттар  сіңіреді  де, 

кіндік венасы арқылы қайтадан ұрыққа оралады. 

Төл  туғаннан  кейін  кіндік  бауының  үзілуіне  байланысты  кіші  қан 

айналым  шеңбері  іске  қосылып,  өкпе  жұмыс  істей  бастайды.  Осының 

нəтижесінде кіндіктің венасы мен артериясы, артериялық өзек істен шығады 

да,  олардан  қан  жүрмей,  бұл  құрылымдар  біртіндеп  сіңір  байламдарға 

айналады.  Мысалы,  кіндік  венасынан  -  бауырдың  жұмыр  байламы, 

артериялық  өзектен  –  артериялық  байлам,  кіндік  артериясынан  -  кіндік 

байламы пайда болады. Екі жүрекше аралығындағы саңлау бітеледі. 

 



 

125


 

49-сурет. Ірі қара іштөлінің қан айналым схемасы: 

1  -  сол  жақ  қарынша;  2-  оң  жақ  қарынша;  3  -  сол  жақ  жүрекше;  4-  оң  жақ 

ж

Ү

рекше; 5 - өкпе; 6 - кіндік венасы; 7- веналық өзек; 8-қақпалық вена; 9 - 



бауыр венасы; 9а- бауыр; 10 – артқы қуыс вена; 11-алдыңғы қуыс вена; 12 - 

өкпелік  вена;  13  -  қолқа;  14  -  өкпелік  артерия;  15  –  артериялық  өзек;  16  – 

бауырлық артерия; 17 - кіндік артериясы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет