Жануар физол



Pdf көрінісі
бет96/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Мидағы  қан  айналымы.  Миға  қан  виллизий  шеңбері  арқылы  мидың 

жұмсақ  қабығының  алдыңғы,  ортаңғы  жəне  артқы  артерияларымен  келеді. 

Ал виллизий шеңбері күре тамыр мен омыртқа артериясының ми сауытына 

кірісімен  өзара  қосылып,  ерекше  өрімделуі  нəтижесінде  пайда  болады.  Ми 

артериясы  тармақтарының  арасында  көптеген  анастомоздар  болады  да,  қан 

бір артерия бассейінен екінші артерия бассейіне оңай ығысып, ми ұлпаларын 

қоректік заттармен жылдамырақ қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. 

Миды  қанмен  жабдықтайтын  күре  тамыр  мен  омыртқа  артериясы 

көптеген  иіндер  мен  иректер  түзеді.  Ми  артерияларының  қабығы  серпімді 

ұлпаларға  бай,  сондықтан  ми  тамырлары  соқпайды,  пульс  миға      жеткенше 

өшіп  үлгереді.    Мидың  бас    сүйек  қорабында  тұмшаланып  жабылуы  да 

тамырлардың  соғуына  мүмкіндік  бермейді.  Ми  капиллярлары  үнемі  ашық 

жағдайда      болады,  сондықтан  ми  арқылы  өтетін  қан  мөлшері  өзгермейді. 

Мидан  кері  ағатын  вена  қаны  мидың  қатты  қабығындағы  вена  қойнауына 

құяды. 



 

124


Ми торшалары оттегі мен қоректік заттардың тапшылығына өте сезімтал, 

сондықтан  бұл  заттар  тұрақты  мөлшерде  жеткізіліп  отырады.  Э.А.Астратян 

деректеріне  сəйкес миға  қан 3  минут  келмей қалса,  торшалар  құрылысында 

өзгерістер  пайда  болып,  5-6  минуттан  кейін  олар  өле  бастайды.  Ми 

торшалары  оттегіні  оның  қандағы  үлес  қысымы  күрт  төмендегеннің  өзінде 

сіңіре алады. 

Мидағы  қан  айналымы  жүйкемен  жəне  гуморальды  жолмен  реттеледі. 

Вегетативтік жүйкелер ми тамырларына өзіндік ерекшеліктермен əсер етеді. 

Симпатикалық  жүйкелерді  тітіркендіргенде  тамыр  тек  аз  ғана  уақытқа 

тарылады да, соңынан тез кеңиді.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет