Жануар физол



Pdf көрінісі
бет94/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   504
Бауырдағы  қан  айналымы.  Бауырға  бауыр  артериясымен  артерия 

қаны,  қақпалық  венамен  ас  қорыту  ағзаларынан  жинақталған  вена  қаны 

келеді. Бауырда қақпалық вена қайтадан капиллярлар торына  тарамдалады, 



 

123


олар  кейін  қайтадан  бірігіп  бауыр  венасына  айналады.  Сонымен  бауырдан 

шыққан  қан  екі  рет  капиллярлар  торынан  өтеді:  алғаш  рет    құрсақ 

ағзаларында, екінші рет  бауырдың өзінде. 

Бүйректегі  қан  айналымы.  Бүйректе  қан  айналымының  бірнеше 

ерекшеліктері  бар.  Бүйректің  қыртысты  қабатында  қанды  əкелетін  майда 

артериялар  Боумен  капсуласына  енеді.  Бұл  жерде  олар  30-50  капилляр 

тұзақтарын құрып, Мальпиги шумағын түзеді. Əрбір тұзақтың ұзындығы 0,5 

мм шамасында. Олар жинақтала келіп, арнасы қанды əкелетін тамырлардан 

екі есе тар, қанды əкететін тамырларға айналады. Шумақтан шыға сала бұл 

тамырлар  сол  нефрон  түтіктерінің  маңында  қайтадан  капилляр  торларына 

тарамданады.  Нефрон  түтікшелері  қанды  əкелетін  тамырлардың  шумаққа 

дейін 

бөлініп 


шығатын 

тармақтарынан 

да 

алады. 


Түтікшелер 

капиллярларынан қан вена ұйыстарына жиналып, одан əрі бүйрек венасына 

өтеді. 

Шумақ  капиллярларында  қан  қысымы  өте  жоғары,  с.б.  70-90  мм-ге 

жетеді.  Оның  бірнеше  себебі  бар.  Біріншіден,  қанды  əкелетін  тамырлар 

арнасы  қанды  əкететін  тамыр  арнасынан  əлдеқайда  кең.  Екіншіден,  қанды 

əкететін  тамырлар  шумақтан  шыққан  соң  қайтадан  капиллярларға 

тарамдалады.  Үшіншіден,  бүйрек  артериясы  өте  қысқа  жəне  тікелей 

құрсақтық қолқадан басталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет