7245
оңу ңұралы
Ш : .€
Н -Ч £
Қаман Ұлықпан
ЖАНУАРЛАР ЭКОЛОГИЯСЫ
I Ж алп ы бөлім
Жогары оқу орындарының студенттеріне арналган
оқу құралы
Э В Е Р О
Алмагы, 2015
Эверо
ББК 28.680я73
УДК 574.2 (075.8)
¥ 4 6
Баспаға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университетінің ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір сарапшылар:
Биология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Қ.Ахметов
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент
¥ 46 Қамая Ұлықпан
Жануарлар экологиясы. Оқу құралы I (жалпы бөлім).Алматы:
Эверо, 2015. — 224 бет.
І8ІШ 978-601-240-288-8
Оқу құралында жануарлар мен оларды қоршаған ортаның өзара
байланысы,
ортаның
факторларының
эсеріне
жануарлардың
бейімделу заңдылықтары баяндалды.
Жануарлардың тіршілігіндегі мезгілдік өзгерістер, тіршілік
нышандары, жануарлардың популяциясы мен қауымдастығының
тұрақты тіршілік ету механизмдері экологиялық жэне эволюциялық
тұрғыдан қарастырылды. Географиялық эрбір белдемнің экологиялық
ерекшелігіне сәйкес қалыптасқан жануарлар әлемінің негізгі құрам,
құрылымдары сипатталды.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының биология, экология,
география мамандығының студенттеріне арналған.
ББК 28.680я73
УДК 574.2 (075.8)
© Қаман Улықпан, 2015
©-Эверо,
2 0
15
978-601-240
АЛҒЫ СӨЗ
Экология әуелден биология ғылымының бір саласы ретінде
дамып қалыптасқаны баршага аян. Заманауи қажеттіліктерге орай
казірде ғылым мен өнеркәсіптің барлық саласы экологиялық
талаптарға сэйкес өркендеу мақсаты қойылып отыр.
Бұл максатты жүзеге асыруда экологиялық білім алудың маңызы
орасан зор. Экологиялық, технологиялық, медициналык. табиғат пен
әлеуметтік және басқарушы қызмет саласының барлық мамандарын
даярлап оқытуда экологиялық білім беруге басым назар аударылуға
тиіс.
Тіршілік ету, өмір сүру туралы гылым ретінде алғаш негізі
қаланган экология гылымы бүгінгі таңда ғылымның басқа да
көптеген салаларыиа етек жайып, бірнеше тарапқа бөлініп жылдам
дамып келеді.
Биологиялық экология тарабының негізгі бір бөлігін жануарлар
экологиясы құрайды.
Жануарлар экологиясының ғылыми жетістіктері
тірі ағзалар
мен оларды қоршаган ортаның арасындагы және тірі ағзалардың
өзара катынас, байланыстарының
табиғи заңдылықтарын зерттеп
тұжырымдауга үлкеи рөл аткарды. Себебі жануарлар біздің
планетамызда ең көп түрді құрайтын (1,5 млн. түр) тірі ағзалар тобы.
Сонымен қатар алуан түрлі ортада (суда, топырақта, жер бетінде, тірі
ағзалардын денесінде т.б.) тіршілік етеді. Сондықтан олардың
қоршаган ортамен байланысы да, өзара қарым - қатынасының түрі де,
табиғатқа жэне адамның шаруашылыгы мен денсаулығына тигізетін
эсері де сан алуан.
Жануарлар әлемінің алуантүрлі экологиялық құбылыстарының
гылыми негізін зерттеп, оның сырын ашу
арқылы жалпы тірі
агзалардың барлыгына ортақ экологиялық заңдылықтарды терең
түсінуге мүмкіндік туады.
Жануарлар мен оны қоршаған ортаның өзара қатынасы немесе
байланысы дегеніміз дәлірек айтсақ жануарлардың көбею, дамып
жетілу, өмір сүруіне қоршаған ортаның тарапынан тигізетін жэне
жануарлардың қоршаған ортаға тигізетін эсер, ықпалдарының
жиынтығы болып табылады.
Жануарлардың өзара жэне қоршаган ортамен жасайтын қарым-
қатынасы эртүрлі факторлардың эсер етуі арқылы жүріледі. Сол
факторларга бейімделу нәтижесінде жануарлар табиғи сүрыптаудан
өтіп,
тарихи
даму үрдісін
жалғастырады.
Сондықтан жануарлардың
экологиялық
ерекшеліктерін
қарастырғанда
сыртқы
ортаның
факторларының әсерін әрдайым есте
сақгау
керек.
Жануарлар экологиясы негізгі үш бөлімнен құралады: дарақтар
экологиясы, популядиялық экология және қауымдастык экологиясы.
Дарақтар
экологиясы жеке дарак жануарлардың сыртқы
коршаған
ортамен
қарым-катынасын,
ортаның
факторларына
талгамын
және
төзімділігін;
жануарлардың
физиологнялык,
морфологиялык жэне
мінездік
сипатына фактордын тигізетін әсерін;
жануарлардын мекен орнын, географиялық таралуын, сандық
көрсеткіштерін, белсенділік деңгейін зерттейді.
Популяциялық экология жануарлардын түрінің динамикалык
құбыдыстарын, олардың санының өзгерістерін және ол құбылыс пен
өзгерістердін себебін зерттейді.
Жануарлардын кауымдастық экологиясы ягни зооценология бір
мекенде тіршілік ететін барлық жануарлардын кауымдасып тіршілік
ету
көрінісін,
олардың
өзара
жэне сол
мекендегі
өсімдік,
микроагзалармен
карым-катынасының
сипатын.
өлі
табигат
факторларынын тарапынан жануарлардын кауымына тигізетін ықпал
эсерлерді зерттейді.
Жануарлар экологиясынын қагидалары
мен деректерінің
нэтижесінде сирек жэне жойылып бара жаткан жануарларды коргау,
экономикалык маңызы зор жануарларды өсіру,
мекендестіру,
шаруашылыққа және денсаулыққа зиянды жануарлармен күрес
жүргізу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік туады.
Аталмыш мәселелер туралы ұғым, шешім, дәлелдеме деректерді
бүл оқу күралында мүмкіндігінше толық карастыруға назар
аударылды.
Оқу құралының жаппы мазмүны Қ.С. Көшкімбаев (2002)
қүрастырып
Қазақстан
Республикасының
білім
және
ғылым
министірлігі бекіткен «Жануарлар экологиясы» пәнінің типтік
бағдарламасына негізделді.
4
1 ЖАНУАРЛАР ЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
Адамның тарихи даму дэуірі жануарлар әлемімен тығыз
байланыста жүріліп келеді. Адамзат пайда болған алғашқы кезінен
бастап жануарларды және оның өнімін тамақ, киім, баспана, дәрі-
дәрмек, қару-жарақ т.б. шаруашылық бұйым ретінде кеңінен
пайдаланып келеді. Сондықтан жануарлардың өмір
тіршілігі,
олардың пайдасы мен зияны туралы ұғым, түсінік адамдарда ерте
заманнан қалыптаса бастаған.
Жануарлар экологиясы - жануартану (зоология) гылымының
тарабына жататын дербес ғылым. Ол жануарлар физиологиясымен
тығыз байланыста, физиологияның зерттеу эдістерін кеңінен қолдану
арқылы көптеген табыстарға қол жеткізді.
Жануарлардың тіршілік ету ерекшеліктері туралы гылыми
деректер біздің дәуірімізге дейінгі табиғат зерттеуші білімгерлердің
еңбектерінде айтарлықтай орын алады. Гректік ұлы ғалымы
Аристотелдің
(б.д.д.
384-322ж.)
«Жануарлар
тарихы»,
«Жануарлардың шығу тегі туралы» атты еңбектерінде 500-дей түрлі
жануарларды эртүрлі топтарға жіктеп, оларға морфологиялық
анықтама
берумен
қатар
солардың
көбісінің
мінездік
ерекшеліктеріне әсіресе балықтар мен жыл қүстарының көшіп қоныс
аудару, мекен ауыстыру, ұя салу, өзін қорғау үшін жасайтын іс
әрекеттеріне сипаттама жасайды. Аристотелдің аса көрегендікпен
жасаған жануарларды топтарға бөліп жіктеу жүйесі ешбір түзетусіз
XVIII
ғасырға дейін қолданылып келді. Қазіргі замандық жіктеу
жүйесінің негізін қалаган К. Линнейдің өзі Аристотельдің жүйесіне
айтарлықтай өзгеріс енгізген жоқ.
Біздің дәуірдің 27-79 жылдарында өмір сүрген Плиний «Табигат
тарихы» деп аталатын 37 кітап еңбегінде жануарлардың шығу тегі,
жіктелуі, тіршілік етуі және мінездік ерекшеліктеріне қатысты
мәліметтер береді.
Орта ғасырлар дэуірінде діни - философиялық ілімдер кең өріс
алып,
шіркеулер
ғылымға басымдық
көрсетуіне
байланысты
табиғатты зерттеу жүмыстары тоқырап қалды. Құдайга құлшылық,
дінге сенушіліктің күшті болғаны соншалық 6 аягы бар шыбынды
діни кітаптарда: «шыбында 4 аяқ бар» деп жазылганы бойынша
гасырлар бойында қайталап жаттай берді. Шыбынның аягы шынында
4 пе, әлде басқаша ма? - деп ешкім де байқап бір қараган жоқ.
5
Қайта өрлеу дәуірінде географиялық ірі жаңалыктардың
ашылуы, техниканың біртіндеп дамуына байланысты
әлемнің әр
бөлігіне саяхат жасауға мүмкіндік тууының нәтижесінде биология
ғылымының өріс алып дамуына жол ашылды. Әлемдік құрлықтың әр
бөлігіндегі өсімдік, жануарлардың айырмашылыгы мен ұқсастығын
сапыстырып, жер - жердің ерекшелігіне ондағы жануарлар қалай
үйлескеніне ой жіберіп көз жеткізуге мүмкіндік туды. Соның
нәтижесінде ХУІ-ХУІІ ғасырдың биолог-ғалымдары (А. Цезальпин,
Д. Рей, Ж. Турнефор т.б) өсімдік жануарлардың дене құрылысы,
түрлік құрамы т.б. сипаттары олардың мекен орнына байланысты
екені туралы дәлелді мысалдар келтірді.
ХУІІ-ХУІІІ ғасырда ғалымдар жануарлардың эрбір тобын
жекелеп зерттей бастайды. А. Реомюре (1734) жәндіктердің
экологиялық ерекшелігін, Трамбле (1744) гидраның тіршілігі туралы,
П.С. Паллас «Зоогеография» атты
іргелі еңбегінде 151 түрлі
сүтқоректі жануарлардың,
425 түрлі қүстардың тіршілігі, көшіп
мекен ауыстыру, қысқы үйқыға кету, туыстас кейбір түрлердің өзара
қарым қатынасы туралы айқын сипаттап көрсетті.
Жануарларға сыртқы ортаның эсер ықпалы туралы француздың
табиғат зерттеуші галымы Ж. Бюфонның (1707-1788) еңбектерінде
баяндалады. Жануарлардың дамып жетілуіне қажетті жылудың
мөлшері туралы және аралар өзінің үясындағы жылылықты
реттейтіні туралы Бюффеннің еңбектері қазірге дейін өзінің
қүндылыгын сақтап келеді.
Жануарлар экологиясын зерттеген жүмыстардың жетістіктеріне
сүйене
отырып
француз
галымы
Ж.
Ламарк
«Зоология
философиясы» деген еңбегінде жануарлардың эволюциялық даму
дәуірінде оларды қоршаған сыртқы ортаның атқарған рөлін айкын
көрсетті.
Орыс елінде экологиялық идеялар алғаш К.Ф. Рульенің
еңбектерінде жарык коре бастады. Ол: «Егер біз қандай бір тірі ағза
басқа ешбір затпен байланыссыз жеке дара тіршілік етеді деп
пайымдасақ, онда ол ағза тыныс алмай, қоректенбей, ешбір
кимылдамай және әлемдік тартылыс күшіне, қысым мен булану т.б
заңдылықтарға бағынбай өмір сүреді деп оғаш қорытынды жасаган
болар едік» деп түжырымдады.
К.Ф.Рульенің ізбасар шэкірті К.А. Северцов (1950) жануарлар
тіршілігіндегі мезгілдік оқигалар мен көріністер туралы, көбею
қарқыны мен жас жасау мөлшерінің өзара байланысы туралы және
6
жануарларды тіршілік нышаны бойынша жіктеу туралы ұсынымдар
жасады.
Ч. Дарвинның «Түрлердің шығу тегі» (1959) атты еңбегіндегі
эволюциялық теорияның көптеген деректі қағидалары экологиялық
құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсінуге мүмкіндік туғызады.
Эволюциялық теориядан нәр алған Қ. Мебиус (1877), Бахметьев
(1901), Сэтон (1911), Шелфорд (1911) қатарлы көптеген ғалымдар
жануарлардың
өзара жэне жануарлар
мен
сыртқы ортаның
факторларының арасындағы байланыстарды егжей-тегжейлі дәлелдей
бастады.
Экологиялық зерттеу жұмысын теориялық жэне эдістемелік
дұрыс бағытта жүргізуде Д.Н. Кашкаров туындылары орасан зор рөл
атқарды. Оның «Орта және қауымдастық» (1933), «Жануарлар
экологиясының
негіздері»
атты
жинақтары
экологиялық
зерттеулердің әрі қарай дамуына үлесін қосты.
XX гасырдың екінші жартысынан жануарлар экологиясы
теориялық
мэселелермен
қатар
денсаулық
сақтау,
ауыл
шаруашылығы мен орман шаруашылығы салаларының практикалық
мәселелерін ғылыми түрғыдан шешуге өзінің пайдалы ықпалын
тигізе бастады. В.А. Догель, Ю.И. Полянскийлер қарапайым
жәндіктерді зерттеу (протистология) шеңберінде, К.И. Скрябин
тоғышар қүрттарды зерттеу саласында (гельминтология) Е.Н.
Павловский, В.Н. Беклемишевтер ауыру тудыратын және аурудың
қоздырғышын тасымалдап, жүқтырып тарататын жәндіктер туралы
кең көлемді зерттеу жүргізіп, соның нәтижесінде табиғи ошақты
жүқпалы аурулар туралы ілім жүйесі қалыптасып дамыды.
Академик М.С. Гиляровтың еңбектерінің нәтижесінде топырақ
жануарларын экологиялық тұрғьщан зерттеу бағыты өріс алып
дамыды. Теңіз, мұхит жануарларын зерттеуде Л.А. Зенкевич,
балықтардың экологиясын зерттеу бағытында Е.К. Суворов, Г.В.
Никольский, құстардың биологиясы мен экологиясын зерттеу де А.В.
Михеев, В.Д. Ильичев, И.А. Шиловтар үлкен үлес қосты.
Жалпы жануарларды дарақтық, популяциялық, қауымдастык
экология деңгейінде зерттеу мәселелерін
жүйелі түрде жинақтап
оқулық, оқу құралдарын қүрастыру ісіне И.В. Кожанчиков (1961),
М.П. Акимов (1959), Б.Г. Иоганзен (1959), Н.П. Наумов (1963),
В. В. Яхонтов (1964), И.А. Шилов (1985), А.М. Гиляров (1990),
Г.В.Никольский (1974) қатарлы профессор ғалымдар өздерінің
ең бегін арн ады .
7
2 ОРТАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Жануарлардыц тіршілігіне тікелей және жанама түрде
әсерін тигізетін, оларды қоршаган табигаттың бөлігі - тіршілік
ортасы деп аталады. Тіршілік ортасының құрамы мен сипаты
эралуан жэне өте құбылмалы. Тек жануар ғана емес эрбір тірі агза өте
күрделі жэне ауыспалы әлеМде тіршілік етеді. Сондыкгган да тірі
ағзалар ездерінің іс эрекетгерін сол өзгерістерге сәйкес реттеп,
ортаның жағдайына әрдайым бейімделіп отырады.
Тірі ағзаның ортаға
бейімделуі адаптация деп аталады.
Бейімделуге (адаптация) қабілеттілік барлық тірі ағзаға тән қасиет .
Себебі олар сол бейімделудің нэтижесінде дамып жетіліп, көбейіп.
қолайсыз әсерлерден өзін сақтап тіршілік ете алады. Қандай да бір
түрдің тарихи даму кезеңдерінде бейімділік жаңадан туындап,
қалыптасып және қайтадан
өзгеріске
түсіп отырады.
2.1
Факторлардың алуантүрлілігі. Қоршаған ортаның тірі
агзаларға эсер, ықпалын тигізетін жеке қасиеттері мен бөліктері
экологиялық фактор деп аталады
Ортаның факторлары әртүрлі. Кейбір фактор жануарларға
қажетті: олардың тіршілік етІп, дамып жетілуіне қолайлы жағдай
жасайды. Ал факторлардың енді біреулері жануарларга зиянды,
тіршілік етуіне кесірін тигізеді. Әрбір тіршілік ортасында,
әрбір
географиялық
белдемдерде
жэне
жылдың
әр
мезгілінде
факторлардың эсер ету сипаты әртүрлі.
.
Факторларды олардың тегі мен эсер ету ерекшелігіне қарай негізгі
үш топқа бөледі.
Абиоталық факторларға температура, ылғалдық, жел, кысым,
жарық, судың тұздык құрамы, ағын екпіні, жер бедерінің ерекшелігі
тәрізді жануарларга тікелей немесе жанама түрде әсерін тигізетін өлі
табигаттың факторлары жатады.
Биоталык факторларға тірі агзалардың бір бірімен өзара
қарым-қатынас жасауынан туындайтын эсер ықпалдардың барлық
түрлері жатады. Эрбір тірі агза өзімен бірге тіршілік ететін басқа
ағзалардың тікелей немесе жанама әсеріне ұшырап жэне өзі де
басқаларға әсерін тигізеді. Бір ағзаның әсері екіншісіне пайдалы
немесе зиянды да болуы мүмкін.
8
Адамзат қоғамның тірі ағзаларға жэне олардың тіршілік ететін
ортасына тигізетін барлық ықпал әсері антропогендік факторлар
тобына
жатады.
Жылдан
жылға
антропогендік
фактордың
жануарларларға тигізетін әсерлерінің түрі молайып, қарқыны
күшейіп келеді. Антропогендік фактор табиғи жағдайды мезгілсіз
күрт өзгертетіндіктен жануарлар оған бейімделіп үлгере алмай
жаппай өлімге ұшырайтын жағдай жиі кездеседі.
Бір жерде тіршілік ететін эртүрлі жануар қандай бір фактордың
әсерін әртүрлі мөлшерде сезініп қабылдайды. Мысалы қысқы
бұрқасын жел жазық далада мекендейтін тұяқты жануарларға (бөкен,
қарақүйрық т.б.) аса қолайсыз эсер етеді. Ал сол далада інде тіршілік
ететін кеміргіштерге ешбір ықпал жасамайды.
Ортаның кейбір факторы үзақ уақыт бойында соншалықты
өзгеріске түспей түрақты сақталады, мысалы мүхиттың түздылығы,
жердің тартылыс күші, ауаның қүрамы т.б. Керісінше температура,
ылғалдылық, жел, жауын шашын, қоректік заттың қоры, жыртқыш
және бәсекелес жануарлардың саны т.с.с. экологиялық факторлар өте
тез өзгереді. Факторлардың өзгеру деңгейі мен жылдамдығы эртүрлі
ортада бірдей емес. Мысалы қүрлықтың бетінде температура үнемі
ауытқып өзгеріп отырады, ал топырақтың қалың қабатында, судың
түбінде температура айтарлықтай тұрақты болады жэне өзгерсе де
баяу жэне аз мөлшерде ғана ауытқиды. Паразит жануарлардың қорегі
әрдайым тұрақты жэне жеткілікті, ал жыртқыштар қоректік жемтігін
таба алмай аштыққа үшырауы жиі кездеседі.
Факторлар олардың қүбылып өзгеру уақытына сәйкес кезеңдік
жэне бейкезеңдік фактор деп жіктеледі. Дәлме-дэл бір мезгілде
түрақты қайталап тұратын факторлар - күн мен түннің, қыс пен
жаздың алмасуы, табиғи су айдындарының қатуы мен еруі, өсімдік
жамылгысының көктеп шығуы мен қурауы т.б. - кезеңдік факторға
жатады. Кезеңдік факторларға жануарлар ежелден бейімделіп
эдеттенген. Кездейсоқ, кенеттен эсер ететін түрақсыз факторлар
бейкезеңдік факторлар тобын қүрайды. Мысалы жер сілкіну, вулкан
атылу, жыртқыш жануарлар шабуылдау, көшкін түсу, су тасқыны
т.б.. Кезеңдік факторлар шығу тегіне байланысты біріншілік және
екіншілік фактор деп бөлінеді. Біріншілік кезеңді факторлар әдетте
ғарыштық, ғаламдық себептерге байланысты.
Олар тірі агзаларға
алғашқы сезімдер мен әсерлерді тудыратын дабылдың (сигналдың) да
рөлін атқарады. Біріншілік факторга мысал ретінде күннің үзаруын,
теңіздің лықсуы мен қайтуын атауға болады. Екіншілік фактор
біріншілік
фактордың
әсерінен
туындайды
Мысалы
күннің
ұзаруының әсерінен климаттың жылынуы.
Экологиялық факторлар жануарларға эртүрлі жолмен эсер
етеді:
тітіркендіруші
эсер:
жануарларга
түйсік
тудырып
тітіркендіреді. Оған жауап ретінде жануарларда физиологиялық,
биохимиялық өзгерістер жүрілуі нәтижесінде фактордың әсеріне
бейімделеді;
- шектеуші эсер: фактордың ықпалына төзе алмайтындай
дәрежеде эсер көрсетеді. Ондай жағдайда жануар ол жерде мекендеп
түра алмайды. Не өлімге үшырап жойылады, немесе басқа жаққа
ығысып
мекен ауыстыруға мәжбүр болады;
- модификациялаушы эсер: анатомиялық,
морфологиялық
өзгерістер тудырып, сол арқылы жануарлардың бейімделуіне
себепкер болатын эсерлер жиынтығы;
-
дабылдық
немесе
хабарлаушы
эсер:
ортаның
басқа
факторларының өзгерісі туралы алдын ала мәлімдейтін белгі (сигнал)
ретінде эсер етеді.
Факторлар жануарларга жеке-жеке емес, біріккен кешенді түрде
эсер етеді. Тіршілік ортасының ағзаға тигізетін факторлар кешенінің
жиынтығы ол ағзаның дамып жетіліп, көбеюіне шектеу жасамай,
тіршілігіне толық мүмкіндік тудыратын мөлшерде болса ондай орта
сол ағза үшін қолайлы орта болып саналады.
2.2 Экологиялық факторлардың эсер етуініц негізгі
заңдылықтары
Қоршаған ортаның факторларының тірі ағзаға тигізетін әсерінің
мөлшері фактордың күшіне (сандық көрсеткішіне) байланысты.
Әрбір
фактордың тірі
ағзаға
қолайлы
эсер
ететін,
ағзаны
қолайсыздандырып жаурататын жэне ағзаның төзімділігінің шегінен
асатын мөлшері бар. Фактордың эсер ету мөлшері қолайлы деңгейде
болса ағзаның тіршілік әрекеті қалыпты жағдайда жүріледі. Бұл
мөлшер қолайлы белдем делінеді. Фактордың сандық мөлшері
қолайлы белдем мөлшерінен азайып, не көбейсе ағзаның тіршілік
жағдайы нашарлап мазасызданады, жаурайды. Бұл - беймазалық
белдем. Фактордың сандық көрсеткіші өте азайып немесе өте көбейіп
кетсе ағза ол фактордың әсеріне одан эрі қарай төзе алмай өлімге
үшырайды. Фактордың әсерінің бүл мөлшерін төзімділіктіц шегі деп
ю
атайды
(1-сурет).
Фактордың мөлшері өте аз болуына да, өте көп
болуына да ағза төзе алмайды. Бұдан төзімділіктің жоғарғы және
төменгі деген екі шегі барын білуге болады. Мысалы тундраның
ақтүлкісі +30°С жылылықта (жоғарғы шек) бастап -55 °С суықтыққа
(төменгі шек) дейін төзе алады. Экологиялық факторлардың сандық
мәнінің азайып, көбейіп ауытқуына ағзалардың төзу қабілеті
валенттілік немесе төзімділік (толеранттылық)
аталады.
▲
к
&
•е*
Т ү р д щ
т ө з із ү щ іл ік
ш е г і
1 - сурет. Эюологшоіық фактор дьщ қаріданы т.тен
оньщ эсер ету нәтююесінің ара башіакысы [В.А.
Радкевкч (1 9 7 7 ) бойьшша]
Факторлардың
төменгі
жэне
жоғарғы
мэнінің
аралық
айырмашылығы төзімділік белдемін құрайды. Жоғарыда айтылған
ақтүлкінің төзімділік белдемі
+30°С-тан -55°С
аралығында
болғандықтан
ақтүлкі
ортаның
температурасының
85°С-тық
ауытқуына төзе алады. Яғни ақтүлкінің температураға төзімділік
белдемінің ауқымы кең (85 °С). Төзімділік белдемінің ауқымы кең
и
ағзалар эврибионттар деп аталады . Егер төзімділік белдемінің
ауқымы
тар
болса
Достарыңызбен бөлісу: |