Жануарлар экологиясы


§2   Рі,  мұндағы  £-сандар  жинагының  белгісі;  Рі-



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата03.03.2017
өлшемі12,67 Mb.
#7245
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
§2
  Рі,  мұндағы  £-сандар  жинагының  белгісі;  Рі- 
биоценоздағы  эрбір  түрдің  сандық  немесе  салмақтық  үлесі,  ал  Ьо§2 
Рі- Рі  көрсеткішінін екілік логарифмі.
Биоценоздағы сандық үлесіне қарай түрлерді саны басым  немесе 
доминант  түрлер;  екінші  дәрежелі  басымдар  немесе  субдоминанттар; 
саны қалыпты деңгейдегі түрлер және сирек түрлер деп жіктейді.
Биоценоздағы  басым  түрлердің  кейбіреуі  сол  биоценоздағы 
басқа  түрлердің  тіршілік  етуіне  жағдай  жасап  микроклиматты 
анықтайды  жэне  көптеген  түрлерге  экологиялық  қуыс  бола  алады. 
Биоценоздың  жалпы  тіршілігіне  ықпалын  тигізетін  мүндай  түрлерді 
биоценоздың 
негізін 
қалаушылар 
яғни 
эдификаторлар 
деп 
(аеШ/гсШог-кұрау ш ы, 
қалаушы) 
атайды. 
Әдетте 
өсімдіктер 
биоценозда эдификаторлық рөл атқарады.
Биоценоздың  түрлік  эралуандылығына  эрбір  түрдің  маңызын 
анықтау үшін түрдің молдығы,  кездесу жиілігі,  басымдылық дәрежесі 
деген  көрсеткіштерді  пайдаланады. 
Түрдіц  молдығы 
деп  берілген 
түрдің  агзасының  тіршілік  ететін  ортасының  аудандық 
немесе 
көлемдік  бірлігіне  тиесілі  санын  немесе  салмағын  (масса)  айтады. 
Кездесу жиілігі 
-  бұл  барлық  зерттелген  үлгі,  саналған  алаң  санынан
163

р  

берілген  түрдің  кездескен  санының  иеленетін  пайыздық  көрсеткіші. 
Мысалы  10  алманы  жарып  көргенде  4  алмадан  дәнжемір  көбелектің 
дернәсілі  кездессе,  кездесу  жиілігі  40%.  Б асы м д ы л ы қ   дәрежесі
-  қауымдастықтағы  барлық  түрдің  ағзаларының  жалпы  санынан
белгілі  бір түрдің ағзаларының иеленетін  сандық мөлшері.
Түрдің  молдығы  ұғымы  арқылы  қандай  бір түрдің биоценоздағы
саны  немесе  салмақтық  қоры  анықталады.  Кездесу  жиілігі  түрдің 
биоценоз да  таралу  ерекшелігінен  мағяүмат  береді.  Егер  қаралып 
отырған түр әрбір үлгі  сайын,  эрбір санақ сайын жиі  кездесетін болса, 
ол  түр  биоценоздың  кез  келген  жерінде  біркелкі  таралғанын,  егер 
кейде  кездесіп,  кейде  кездеспесе  ол  түр  биоценоздың  кей  жерлеріне
ғана шоғырланып, біркелкі емес таралғанын  мәлімдейді.
Биоценозда  бірнеше  ғана  түрдің  өсімдіктері  мен  жануарлары 
ерекше  басымдылық  көрсетіп,  қалғандары  өте  аз  болса,  бүл- 
биоценоздың  экологиялық  жағдайы  қолайсыз  екенін  білдіреді. 
Факторлардың  әсері  қалыпты  орташа  мөлшерден  көптеп  ауытқитын 
оңтайсыз  биоценозда  сол  жағдайға бейімделе  алған  бірнеше ғана түр 
ерекше басымдылықпен дамиды да басқа түрлер еркін дами  алмайды. 
Егер  биоценоз  оңтайлы  болса,  ерекше  басымдылық  бәсең,  барлық
түрдің сандық және салмақтық мөлшері деңгеилес болады.
Биоценоздың  қүрылымын  анықтайтын  негізгі  бір  көрсеткіш-
оның 
кеңістіктік  құрылымы. 
Әртүрлі  ағзалардың  биоценоз
кеңістігінде  тік  (вертикаль)  жэне  көлденең  (горизанталь)  бағытпен
таралып  орналасу  ерекшелігі  — биоценоздың  кеңістіктік  құрылымын
түзеді.  Кеңістіктік  құрылым  түзілуге  биоценоздағы  эдификаторлар
негізгі  рөл  атқарады.  Биоценоздағы  өсімдік  жамылғысы  басқа
ағзалардың  (жануар,  микроағза)  тіршілік  ететін  ортасын  түзіп  және
мезо-,  микроклиматты  өзгертетіндіктен  ежелден  биоценоздың  негізін
қалаушы  эдификатор  ретінде  белгілі.  Сонымен  қатар  кей  жағдайда
жануарлар  әлемінің  кейбір  өкілдері  де  эдификатор  бола  алады.
Мысалы  далалық  аймақтардың  биоценозында  басым  түр  ретінде
кездесетін  суырлар,  тоқалтістер  (Місгоіиз),  түйеқұлақтар  (Осһоіопа)
қатарлы  бір жерге жүздеп  мыңдап  шоғырланып,  колониялық тіршілік
ететін  кеміргіштер  мен  қоянтэрізділер  жэне  моманайлар  (Муозраіах)
мен соқыртышқандар (8ра1ах) ін  қазып, топырақтың астыңғы  қабатын
үстіне  шығарып,  жер  бетіне  үйінді  топырақты  пайда  болдырады.
Соның  салдарынан  ол  жердің  өсімдік  жамылғысы  түгелдей  өзгеріп,
жэндіктер,  өрмекшілер  т.б.,  көптеген  омыртқасыз  жануарлар  мен
микроағзалардың  ценозы  түбірімен  өзгеруіне  әкеп  соқтырады.
164

Сондыктан  бұл  жануарларды  да  биоценоздың  эдификаторлары 
ретінде  бағалайды.  Эдификатор  жануарлар  жер  бедерін,  топырақтың 
құрамы  мен  құрылысын,  өсімдік  жамылғысының  құрамын  өзгертуі 
арқылы  биоценозда  ағзалардың  біркелкі  емес  таралуына  себепкер 
болады.  Мысалы суырдың інінен  шығарған үйінді топырақта ала бұта 
бітік  өседі.  Алабұтамен  қоректенетін  қоңыздар  мен  қандалалардың 
бірнеше  түрі  сол  жерге  шоғырланады.  Сондай-ақ  құмырсқаның 
илеуінде,  кеміргіштердің інінің ішінде, тұяқты жануарларға топырағы 
тапталып,  шөбі  оталған  жердің  зооценозы  мен  микробоценозының 
құрамы және тығыздығы биоценоздың басқа болігіндегіден өзгеше.
Жануарлар  биоценоздың  тік  белдеуі  бойынша  да  біркелкі 
орналаспайды. 
Биоценоздың  шөптесін  өсімдік  оскен  томенгі 
кабатында  тіршілік  ететін  жануарлар-филлобионттар,  бұталар  мен 
ағаштың  басында  тіршілік  ететін-аэробионттар,  топырақтың  беткі 
қабатында,  жер  бетінде  тіршілік  ететін  жануарлар  -  
герпетобийлер, 
топырақта  тіршілік  ететін  жануарлар  - 
геобийлер 
деп  аталады. 
Осылайша,  зооценозды  құрайтын  жануарлар  ашық  ауалы  ортадағы 
ағаштың  биік  басынан  бастап  жердің  бетіне  дейін  және  топырақтың 
терең  қабатына  дейін  бірнеше  биіктік  белдеуін  түзіп  орналасады. 
Биоценоздың  кеңістіктік құрылымы-өзгермелі  жэне  ауыспалы:  тэулік 
бойында  жэне  әрбір  маусымда  бір  топтың  ағзалары  екіншісімен 
ауысып,  әрбір  топтың  саны  да  бірде  азайып,  бірде  көбейіп  өзгеріп 
отырады.
Биоценоздын 
экологиялық 
құрылымы 
берілген 
биоценоздағы  эртүрлі  экологиялық  топтардың  сандық  қатынасын 
аныктайды.  Әрбір  биоценозда  ағзалардың  экологиялық  топтарының 
тек 
сол 
биоценозға 
тэн 
сандық 
қатынасы 
қапыптасады. 
Биоценоздардың  экологиялық  құрылымы  ұқсас  болғанмен,  олардың 
түрлік  құрамдары  басқаша  болуы  мүмкін.  Екі  биоценоздағы  бірдей 
экологиялық  қуысты  экологиялық  тұрғыдан  ұқсас,  бірақ  шығу  тегі 
тұрғысынан  туыстас  емес  түрлер  иеленген  болса  ондай  екі  түр  өзара 
викариант, 
яғни бір-бірінің 
орнын басатын 
түрлер деп аталады.
Биоценозда  бір  түрдің  атқаратын  қызметін  екінші  бір  түр 
атқарып,  оның  орнын  басу  көрінісі  табиғатта  кең  таралған.  Мысалы, 
Еуропаның 
тайгалы 
орманында 
сусардың, 
Азиялық 
тайгада 
бұлғынның  биоценозда  иеленетін  экологиялық  қуысы  бірдей. 
Сондай-ақ  Азияның  далалық  аймағында  құланның,  Африканың 
саванналық  даласында  киктердің,  Солтүстік  Американың  прерия 
атты 
далалық 
аймағында 
бизондардың 
экологиялық 
қуысы,
165

атқаратын  қызметі  бірдей.  Бұдан  ұқсас  биоценоздардағы  ұқсас 
экологиялық  қуыстарды  әртүрлі  жануарлар  өзара  орын  басу
(викаризм) арқылы иеленетінін  көреміз.
Биоценоздың  экологиялық  құрылымы  белгілі  бір  климаттық
және 
ландшафттық 
жағдайға 
бейімделіп, 
экологиялық 
катаң 
заңдылық  бойынша  қалыптасады.  Мысалы,  әртүрлі  белдемдердің 
биоценозында  фитофаг  және  сапрофаг  жануарлардың  сандык 
мөлшері  белгілі  бір  заңдылыққа  бағынышты  түрде  кездеседі.  Орман 
биоценозысында  сапрофагтар  айқын  басым,  фитофаг-аз.  Орманды 
далада  сапрофагтардың  саны  бәсеңдеп,  фитофагтар  аздап  көбейе 
бастайды.  Далалық,  шөлейт  және  шөлдік  биоценоздарда  фитофагтар 
басымдылық 
көрсетіп, 
сапрофагтардың 
саны 
азая 
түседі. 
Ылғалдылық  жетіспейтін  қуаң  дала,  шөлейт,  шөл  аймақтардың 
биоценозында  ксерофиль  жануарлар,  ылғал  жеткілікті  биоценозда 
мезофилдер,  ылғалдың  артықшылығынан  сазданып,  батпақтанған 
жерлерде  гигрофилдер  мен  гидрофилдердің  саны  басымдылық
көрсетеді.
Қандай  бір  экологиялық  топтың  өкілдерінің  әралуандылығы, 
молдығы  мен  тығыздығы,  сондай-ақ  әртүрлі  экологиялық  топтардың 
сандық  қатынасы,  берілген  биотоптың  экологиялық  жағдайын 
әртүрлі  аспаптарды  пайдаланып  химиялық,  физикалық  жолмен
зерттегеннен кем емес деңгейде сипаттап бере алады.
Қандай  бір  биоценоздағы  өсімдік,  жануар,  микроағзалардың 
түрлік,  экологиялық  алуантүрлілігі  қаншалықты  мол  болса,  биоценоз 
соншалықты  тұрақты  болады.  Өйткені  егер  биоценоз  көп  түрден 
құралатын  болса,  түрлердің экологиялық атқаратын  міндеті  әр  жақты 
болса,  бір  түрлі  агза  жойылып  кетсе  де,  оның  биоценозда  атқаратын 
қызметін  басқа  бір  түр  атқарып,  биоценоздың  құрылымының  және 
қызметінің біртұтастығын тұрақты сақтап тұра алады.
166

10. 
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БЕЛДЕМДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН 
ЖАНУАРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ
Жер  бетіндегі  геогрфиялық  зоналар,  өсімдіктер  формациялары, 
жануарлар  қауымдастығы,  биомдар  барлығы  да  климатпен  тығыз 
байланысты  түрде  түзіліп  құрылады.  Эвалюциялық  даму  үрдісінің 
нәтижесінде  географиялық  белдемдердің  эрбіреуінің  климаттық 
ерекшеліктеріне  негізделген  өсімдік  жамылғысы  мен  жануарлар 
әлемінің бірлестігі  пайда болып,  өзара бірлестік құрып тіршілік етеді. 
Құрлықтың  эрбір  табиғи  белдемінде  жануарлар  белгілі  үйлесімдік, 
бейімделушілік қағидасына сэйкес қауымдасып қалыптасқан.
Төменде 
эрбір 
белдемдегі 
табиғаттың 
ерекшелігіне 
сәйкес 
жануарлар элемінің негізгі  құрылымының сипаты қарастырылады.
10.1 Арктикалық шөл белдемі
Арктикалық  белдемнің  құрамына  солтүстік  полюспен  іргелес 
жатқан  барлық  аймақ,  солтүстік  мұзды  мұхиттың  полюстік  бөлігінде 
таралған көптеген аралдар мен көшпелі  мұздар кіреді.
Арктикалық  шөл  белдемінің  климаты  жануарлар  тіршілік  етуге 
тым  қолайсыз.  Қыс  айларында  күн  көкжиектен  көтерілмейді. 
Полярлық түн  жарты жылға жуық созылатындықтан, төңірек қараңгы 
түнек  жамылған  күйге  енеді.  Қыс  кезінде  ауаның  температурасы  — 
50°С  -қа жетіп  суиды.  Өте  суық және  сағатына  200км  жылдамдыққа 
жететін күшті дауылдар жиі кездесіп тұрады.
Ақпан  айының  соңына  қарай  күн  біртіндеп  көкжиектен  көтеріле 
бастайды.  Кешікпей  полярлық  үзақ  күн  басталады.  Бұл  кезде  тэулік 
бойында күн батпайды.
Арктикалық  жылы  мезгіл  өте  қысқа.  Көктемнің  белгісі  біліне 
салысымен  ұзамай  жаз  басталып  кетеді.  Мүз  бұзылып  температура 
0°С-тан жоғарылай бастайды.
Арктиканың құнарсыз жүқа топырағы түрлі түсті  қыналарға бай. 
Жаз  мезгілінде  гүлді  өсімдіктерден  көгілдір  жэне  ақсары  гүлді
тасжарған,  аппақ  гүлді  мамықшөп,  сары  гүлді 
қиыр  солтүстік
көкнэрлері, аз уақыттың ішінде гүл жарып, тұқым  шашып үлгереді.
Теңіздердің  мұзы  еріген  бөлігінде,  аралдардың суында планктон 
балдырлар  қарқынды  дамып  көбейеді.  Бұл  балдырлармен  планктон 
шаяншалар,  шаяншалармен  балықтар,  балықтармен  түлендер  (ит
167

балықтар)  қоректеніп  арктикалық  биоценоздағы  қоректік  тізбектің
бір бұтағын түзеді.
Мұзды  мұхиттың  Арктикалық  бөлігінде  ақсаха  (
Соге^опш),
Майшабақ  (
Сіиреа),
  Нэлім 
(Сасіш),
  Сутіл 
(Аіһгезіһез)
  қатарлы
балықтар кездеседі.
Арктикада  жазғы  мысал  басталып,  алғашқы  жылымық  лебіз
білінісімен  мұнда  мұнтазқұстар  қатарына  жататын  көптеген  су 
құстары топ-тобымен  ұшып  келіп  қоныстанады.  Әсіресе жұқатұмсық 
қайралар 
(1]гіа  Іот\>іа),
  маймақ  қаздар 
(Ріп§иіпиз  ітреппіз), 
мұнтазқұстардың 
(А1%ае)
  бірнеше  түрі,  мамық  қаздар 
(Зотаіеһа 
т оііш іт а)
  және  шағала  тұқымдастардан 
(ЬагШае)
:  ақ  шағала 
(Ро£орһіІа  аІЪа),
  қылаң  шағала 
(Ьагив  аг§епІаШ)
  су  құстарының  жаз 
мезгіліндегі 
негізгі 
бірлестігін 
құрайды. 
(24-сурет).
 
Бұлар 
Арктикалық  теңіздер  мен  көлдердің  жағасындағы  тік  жартастарға
ұялап құс базарын түзеді.
Мұнтазқұс  тұқымдастар  жылдам  ұшады  жэне  жүзуге,  сүңгуге
шебер.  Саусақтарының  арасы  жүзуге  арналған  жарғақтармен
қосылған,  қауырсын,  мамық жүні  бітік жэне нығыз, терісінің астында
май қабаты болатындықтан денесінің жылуын жақсы сақтайды.  Бұлар
су  астында  қанатымен  есіп  жүзеді,  ал  аяғы  қозғалысының  бағытын
реттеу  міндетін  атқарады.  Су  астында  30  метрлік  тереңдікке  дейін
сүңги алады.
Бұл  су  құстары  үсақ  балықтармен,  эр  түрлі  шаянтэрізділермен, 
былқылдакденелілермен,  теңіз  құрттарымен  қоректенеді.  Әрбіреуінің 
қорегін  іздеп  табу,  ұстап  жеу  тәсілі  эр  түрлі.  Мүнтазқұс  қорегін 
судың  беткі  қабатынан,  қайралар  едэуір  терең  қабатынан,  ал  маймақ 
қаздар  судың  түбінен  қорегін  тауып  жейді.  Бүл,  әрине,  қорек  үшін 
бәсекелесуді  бәсендетіп,  бір  биоценозда  бірлестік  құрып  тіршілік 
етуге  мүмкіндік  береді.  Мүнтазқүс  тұқымдастарымен  бірге  су 
жағасындағы жартастарда құс базарының бір мүшесі  ретінде тіршілік 
ететін  шағалалар жақсы үшады,  қүрлықта да жақсы  жүре алады,  суда 
да  жақсы  жүзеді. 
Қауырсыны 
қалың, 
мамық  жүні  бітік. 
Шағалалардың  негізгі  қорегі  -   балық,  шаянтәрізділер,  былқылдақ
денелілер жэне теңіз қүрттары.
Арктикалық 
шөл 
белдемінің 
құрлықтағы 
биоценозында
маңызды  рөл  атқаратын  қүстардың  бірі  -   ақ  жапалақ  (Л^с/еа 
зсапсііасіа 
Ь).
 
Оның 
қауырсыны 
өте 
қалың 
және 
жұмсак 
болғандықтан  үшқан  дыбысы  білінбейді.  Бұл  аулап  жейтін  жемтік 
жануарға  білінбей  жақындауына  мүмкіндік  береді.  Ақ  жапалақ
168

Арктикада  лемминг  деп  аталаын  тышқантәріздес  кеміргішпен 
қоректенеді.  Қыста  лемминг  қар  астында  қыстап  жер  бетіне 
шықпайтындықтан  ақ жапалаққа қорек табылмайды.  Арктикалық  күз 
басталысымен  олар  тундра  белдеміне  ұшып  барып  қыстайды. 
Леммингтен  басқа  ол  мамық  қаз,  шагала  т.б.  құстардың  жұмыртқа,
балапандарымен қоректенеді.
Арктикада  өсімдік  қоректі  құстардан  ақ  торгай,  ақ  құр 
мекендейді.  Бұлар  -  жазда  қоңыр  сары,  қыста  ақ  түске  ауысып 
маусымдық  диморфизм  құбылысы  анық  байқалатын  құстар.  Аққұр 
жер  бетінде  тіршілік  етуге  өте  жақсы  бейімделген.  Жермен  өте  тез 
жүгіреді.  Қыста  аққұрдың  саусақтарына  тұягына  дейін  бітік  жүн 
өседі.Сондықтан  оның  аягы  ұлпа  қарга  батып  кетпей  еркін  жүгіре 
алады.  Қандай  бір  қауіп  төнген  кезде  аса  шеберлікпен  жасырына 
алады.  Аққұр  қорегін  жерден  тауып  жейді.  Ол  жазда  жеміс,  тұқым, 
ұсақ жәндіктерді,  қыста аласа талдың,  жатаган  қайыңның  өркендерін
жеп қоректенеді.
Арктикада  жыл  бойы  тұрақты  мекендейтін  жануар  өте  аз.  Күз
басталысымен  мүндагы  өсімдіктер  жаппай  қурап,  өсімдік  қоректі 
құстар  (ақ  торғай,  ақ  құр  т.б.)  тундра,  тайга  белдемдеріне  көшіп 
барып  қыстайды.  Жазда  келіп  ұялап,  құс  базарында  балапан  басып 
өсірген  балыққоректі  құстардың  барлыгы  да  мұз  қата  бастаганда
оңтүстікке ауып көшеді.
Тек  ақ  аю,  сойдақ  тіс  морждар,  түлендер  (ит  балықтар)  жэне
кеміргіштер  тобынан  леммингтер  тәрізді  мүндағы  табигаттың
құбылмалығына  нағыз  бейімделген  аз  ғана  түрлі  сүтқоректі
жануарлар тұрақты тіршілік етеді 
(24-сурет).
Қиыр  солтүстіктегі  арктикапық  суық  белдемнің  сүтқоректі 
жыртқыш  жануарларының  ең  ірісі  және  биоценозда  маңызды  роль 
атқаратыны  і   ақ  аю.  Ол  қиыр  солтүстік  теңіздерінің  (Ақ  теңіз, 
Баренц,  Баффин,  Шыгыс  Сібір  теңіздері)  қалқымалы  мұздарында 
және  солтүстік  мүзды  мүхиттагы  көптеген  аралдардың  (Жаңа  жер, 
Бегичев,  Жаңа  Сібір,  Гренландия,  Франц-Иосиф  жері,  Врангель 
аралы  т.б.)  жағалауында  мекендейді.  Денесінің  тұрқы-3-3,7  м, 
салмағы  900  кг-ға жетеді.  Артқы екі  аягымен  тік тұрып  жүре  алатын, 
жүні  нығыз,  құйрығы  қысқа  алып  денелі  жыртқыш.  Арктиканың 
аязынан  қорғануга  бейімделіп,  жүні  өте  ныгыз  болуымен  қатар
терісінің астында шел майдың қалың қабаты бар.
Ақ  аю  өте  күшті  жануар.  Оның  тұяғының  ұзындыгы  5  см-ден 
астам.  Азуы  мен  сояу  тістері  өте  қарулы  жэне  өткір,  алдыңгы
169

аяғымен  өте  күшті  ұрып  соғатындықтан  қандай  да  ірі  жануарларды
оңай 
жеңіп, 
қорек 
болдырады. 
Табаны 
май 
қабатымен 
қапталғандықтан  жүрісі  сыбдырсыз,  түсі  ақ  болғандықтан  қардан 
ажырап  байқалмайды.  Сондықтан  ол  аса  ептілікпен  баспалап  келіп 
түлендерді  аулайды.  Олар  қысқы  үйқыға  жатпайды,  қыс  бойында 
белсенді  тіршілік  етеді.  Тек  буаз  кірекейлері  ғана  аралдардың 
жағасындағы  күртік  қарды  үңгіп  уақытша  тұрақтайтын  апан  жасап 
апанда балалайды.  Қонжықтары ұзақ уақыт  бойы  енесіне  еріп  жүріп,
жемін іздеп табу, аулауды үйренеді.
Қыс 
кезінде  ақ  аю  көбінесе  түлендермен 
жэне  аздап
балықтармен  қоректенеді.  Түлендер  де  қалқыма  мұзда  тіршілік 
ететіндіктен ақ аюға оңай үсталады.  Арктика теңіздерінде гренляндия 
түлені 
(Ра&орһііиз  §гоеп1апШса ),
  айдарлы  түлен 
(Сузіорһога  сгШа(а) 
«теңіз  қояны» 
(Егі&іаіһиз  Ъагһаіш)
  атты  түлендер  кең  таралған. 
Олардың  негізгі  қорегі  -   балықгар:  Арктикалық  терең  суда  көптеп 
кездесетін  ақсаха,  нэлім,  сутіл,  теңіз  алабұғасы  тэрізді  балықтармен 
қоректенеді.  Теңіз  жағасының  таяз  сулы  бөлігін  мекендейтін  «теңіз 
қояны»  атты түлен  балықтармен  қатар  су түбінен  қос  жақтаулы және 
құрсақаяқты  былқылдақ  денелілер,  ас  шаян,  таңқы  шаяндарды  теріп
жейді.
Балықтар теңіз суында кең таралған омыртқасыз жануарлармен ( 
ас  шаян,  жамбас  шаян,  ескек  аяқ жэне бүтақ мүртшалы  шаяндар т.б.) 
қоректенеді.  Ал  бүл  шаяндар  көбінесе  планктон  балдырларды,  су 
түбіне  шөккен органикалық заттарды сүзіп жеп тіршілік етеді. 
Осылайша,  арктикалық теңіз  суындағы  жануарлардың  қорек  арқылы 
бір  біріне  тәуелденіп  байланысқан  тізбегін  көре  аламыз.  Ол: 
балдырлар—►
 
теңіздің  планнктон  жэне  бентос  омыртқасыз
жануарлары—►балықтар—»түлен  >ақ аю.
Арктикалық 
табиғат 
жағдайына 
ойдағыдай 
бейімделген 
жануарлардың  бірі  -   морждар  яғыни  сойдақ  тістілер 
(ШоЪепШае)

Олар  арктикалық  теңіздердің  былқылдақ  денелілерге  бай,  таяз  сулы 
жағалауларында  мекендейді.  Теңіз,  мұхиттың  жағалауларындағы 
құрлыққа  жэне  мұздың  үстіне  жатып  демалады.  Бір  жерге  бірнеше
мыңдаған сойдақ тіс шоғырланып үйірімен өмір сүреді.
170

24-сурет. Арктикалық суық шөл белдемінің жануарлары:  1- жұқатұмсык қаира: 
2- кэдімгі  мұнтазқұс;  3- шоқпартұмсық мұнтазқұс; 4- кэдімгі  мамық қаз;  5- 
кылаң шағапа;  6- полярдың каркылдақ шагаласы; 7- аккұр (сол жакта -  кысқы, 
оң 
жақта — жазгы түсі  көрсетілді); 
8-  ақ 
жапапак; 
9- 
сібір леммингісі; 
10- 
түлен;
11- сойдақтіс;  12- Гренландия  наһаны (кит).
171

Шоғырланып  жиналатын  орыны  I   сойдақ  тістер  жатыны  деп 
айтылады.  Олар судың 80-90м тереңдігіне дейін  сүңгіп,  қос жақтаулы
былқылдақ  денелілермен 
(В Ш һіа)
  қоректенеді.  Күндіз  көп  уақыт 
бойында  мұздың  үстінде  жатып  дем  алатындықтан  жатын  орнының 
маңында қалқыма мұздың мол  болуы  шарт.  Сойдақ тістердің шыққан 
байырғы  тегі  құрлықта тіршілік  еткен  жануарлар  болғанымен  қазіргі 
кездегі сойдақ тістер суда тіршілік етуге өте жақсы бейімделген:  суда 
жылдам  жүзіп,  терең  сүңгиді.  Терісінің  астында  қос  қалтасы  бар. 
Қалталарына  ауа  толтырып  суға  сүңгиді.  Қалталарына  толтырылған
ауамен 
тыныс  алып  су  астында 
ұзақ  уақыт  бола  алады  жэне
толтырылған ауа салмағын жеңілдетіп, жүзімталдығын арттырады. 
Сойдақ  тістілердің  мүрты  өте  қатты  жэне  айтарлықтай  күшті.  Олар 
мэңгі  күнгірт  қараңғылық  орнап  тұратын  терең  судың  астынан 
қорегін  (былқылдақ  денелілер)  тауып  жеуіне  сол  мүрттарының 
сезгіштігі  көмектеседі.  Мұртымен  су  астындағы  заттарды  сипап
сезумен қатар қоректік затын бөлшектейді.
Ересектерінің 
ұзындығы 
3,7-4,2 
м, 
салмағы 
1270-170
килограмға жетеді.  Олар өздерінің алып денесі, ұзын  сояу тіси үреилі 
пішіні  арқылы қандай да жануарларға қорқыныш тудырады.  Олар аса 
күшті  сойдақ  тістерімен  кез  келген  жануарды  оп-оңаи  жара  салады. 
Ақ аюдың өзі де сойдақтістердің айғырымен шайқасудан сескенеді.
Сойдақтістілер  көбінесе  қос  жақтаулы  былқылдақ  денелілермен 
қоректенеді.  Сонымен  қатар  судың  түбінде  кездесетін  көпқылтанды 
қүртгар,  басқа  да  омыртқасыз  жануарларды  қорек  етеді.  Ашыққан
жағдайда балық, түлендерге де шабуылдайды.
Сойдықтістілерге 
табиғи 
жағдайда 
шабуылдап 
нұқсан
келтіретін  жануарлар  ретінде  ақ  аю,  тісті  киттер  және  адамды  атауға 
болады. 
Олардың  шаруашылыққа  маңызы  зор:  еті  мен  маиынан 
тағам  өндіріледі.  Терісін  эртүрлі  бүйым  өндіруге  паидаланады.  Бірак 
сойдақтістілер  өте  азайып  кеткендіктен  Табиғат  жэне  табиғи 
қорларды  қорғау  Халықаралық  одағының  жэне 
Ресейдің  Қызыл
кітабына кіргізіліп қорғауға алынды.
10.2 Тундра белдемінің жануарлар қауымдастығы
Тундра 
белдемі 
Европаның, 
Азияның 
жэне 
Солтүстік 
Американың солтүстік жағалауын  комкере орналасқан.  Беринг, Охот, 
Норвег  теңіздері  жэне  элемдегі  ең  үлкен  арал-  Гренландия  аралы  да
172

тундра  белдеміне  жатады.  Тундра  белдемі  оңтүстігінде  орман
белдемімен шектеседі.
Тундра  белдемінің  жазы  қысқа  және  суық,  қысы  7-8  ай  бойына
жалғасатын  өте ұзақ жэне  аса қатал.  Қыста мұнда 2  айға жуық ешбір 
күн  көзі  көрінбейді.  Жер  беті  аса қатты  суытып  -70  градусқа  жететін 
сұрапыл  аяз,  қарлы  бұрқасын  жиі  кездеседі.  Тундра  белдемі  жер 
шарының  биік  ендігінде  орналасқандықтан  жазда  түн  болмай,  поляр 
күні  екі  айға  жуық  уақытқа  созылады.  Поляр  күні  кезінде  күн 
көкжиекке  түсіп,  батуға  таяп  барып  қайтадан  көтеріледі.  Сондықтан 
ісүн  батпайды.  Бірақ  күн  биікке  көтерілмейтіндіктен  күннің  сәулесі 
жер бетіне сүйір бүрыш жасап түседі де, жер бетін нашар қыздырады. 
Тундра  белдемінде  ең  жылы  күннің  температурасы  10  градустан 
аспайды.  Жаздың  кез  келген  күнінде  қарлы  қатқақ  кездесіп  тұрады. 
Топырағының  беткі  30-35  см-ге  дейінгі  қабаты  ғана  жібиді.  Бүдан 
төменгі  қабатын  түгелдей  үзақ  жылдық  тоң  иеленеді.  Суық,  салқын 
климат басым болуына байланысты жер бетіндегі судың булануы өте 
аз,  баяу.  Топырақтың  терең  қабатына  суды  өткізбейтін  тоң  қабаты 
орналасуының  әсерінен  тундра  белдемінде  батпақты  жерлер  жиі
ұшырасады.
Жаз 
мезгілі 
салқын 
жэне 
қысқа  болғандықтан 
тундра 
топырағында  өсімдіктің  шіріп,  ыдырауы  өте  баяу  жүріледі.  Мүның 
бәрі  өсімдік  өсуіне  бөгеттік  жасайды.  Сондықтан  тундра  белдемінде 
өсімдік  жамылғысы  өте  сирек,  өсімдіктің  түрлік  қүрамы  өте  аз. 
Көбінесе  суыққа  төзімді  өсімдіктер  (криофит)  басым  кездеседі.  Атап 
айтсақ  өсімдік  жамылғысының  басым  бөлігін  қыналар 
(Ьісһепез), 
мүктер 
(Вгуорһуіа),
  қияқөлеңдер 
(Сагех),
  мүкжидек 
(Үассіпіит 
охусоссш),
  көкжидек 
(Үассіпіит  иІі%іпозит),
  жатаған  қайың 
(Веіиіа
папа),
 тайпақ талдар 
(Заііх)
  құрайды.
Тундра 
белдемінің  табиғи 
экологиялық 
жағдайы 
қатал,
жануарларға  қолайсыз  болғандықтан  ондағы  жануарлардың  түрлік 
құрамы көп  емес.  Тундраның жағымсыз  қатал  табигатына бейімделіп 
төзе  алған  аз  ғана түрлі  жануарлар  кездеседі.  Оның  есесіне  мүндағы 
эрбір түрдің жануары өте өсімтал. Тез көбейіп, аса көп ұрпақ береді.
Тундраның  қүрлығында  тіршілік  ететін  омыртқасыз  жануарлар 
қыста  қар  астында,  өсімдіктің  арасына  кіріп  анабиоз  күйге  түсіп, 
қысқы  үзақ  ұйқы  жағдайында  өткізеді.  Олар  көктем  басталысымен 
жаппай  көбейе  бастайды.  Дернәсіл,  қуыршақ,  жүмыртқа  сатысында 
қыстап  шыққан  омыртқасыз  жануарлар  көктем  шыға  дамуын  қайіа
жалғастырады.
173

Тундраның  жер  беті  батпақ  пен  суға  бай  екенін  жоғарыда 
айтқанбыз.  Осы  су  мен  батпақта  сансыз  құжынаған  ұсақ  шаян 
тэрізділер  мен  жэндіктер,  олардың  дернәсілдері  тіршілік  етеді. 
Олардан  жазда  орасан  зор  мол  маса  шіркей  дамып  жетіледі  де  адам
мен жануарларға мазасыз жағдай тудырады.
Жаз  маусымы  басталысымен  тундраға  ұялап  жұмыртка  оасу
үшін  үйрек  тұқымдастар  тобын  құрайтын  жыл  құстары  ұшып  келіп 
қоныстанады.  Олар-  аққулар,  қаздар және үйректер.  Бұлардың денесі 
нығыз,  бітімі  сымбатты,  мойыны  ұзын,  аяқтары  төрт  саусақты.  Алға 
қарай  бағытталған  үш  саусағы  ұзын,  олар  өзара  жүзбе  жаргақтар 
арқылы  бір-бірімен  жалғасып  қосылады.  Бүлардың  қауырсыны 
нығыз,  мамықтары  қалың  жэне  денесін  біртегіс  тұтастай  жауып 
орнапасады.  Қүйымшақ  безінен  бөлініп  шыққан  майлы  сұйықпен
майланған мамық жүніне су жұқпайды. Суда жақсы жүзеді.
Мамыр  айында  қар  ери  бастасымен  тундра  аққуы 
(Су&шз
Ьем>іекіі)
  алыс  оңтүстіктен  ұшып  келеді.  Бүл  әсем  жэне  маңғаз  қүс. 
Аққулар  көбінесе  өсімдікпен  қоректенеді.  Су  өсімдіктерін  де, 
қүрлықта өсетін өсімдіктерді де  қорегіне жаратады.  Аққулар эрқашан 
да  жүбымен  тіршілік  етеді.  Ұрғашы  аққу  су  жайылмайтын,  биіктеу 
төмпек  жерге  ұя  салып,  оған  өзінің  мамық  жүнін  төсейді. 
Жұмыртқасы 
дамып 
балапан 
болысымен 
олардың 
тіршілігі 
қүрлықтан  суға  ауысады.  Балапандарының  қауырсыны  жетіліп  және 
ересек  аққулар  түлеп  біткен  соң  олар  бағіапандарын  ерітіп 
оңтүстіктегі  қыстайтын  мекеніне  қайтады.  Тундра аққуы-  саны  сиреп
бара  жатқан,  сәнді  де  маңғаз  құс.  Ол 
Ресейдщ  қызыл  кітабына 
енгізілген.  Тундралық  суларға  көктемде  аққулармен  қатар  қаздардың 
бірнеше  түрі  келіп  мекендейді.  Әсіресе  мұнда  ақмаңдай  қаз 
(Ат ег 
аІЫ/гот),
  аққаз 
(А.саегиіезсет),
  сүрқаз 
(А.апзег),
  қызыл  жемсаулы 
қарашақаз 
(ВгапШ  гиГісоІШ)
  жиі  кездеседі  (25
-сурет).
  Солардың 
ішінде  сандық  көрсеткіші  түрғысынан  ақмаңдай  қаз  басымдылық 
көрсетеді.  Ақмандай  қазды  қауырсынының  сүр  түсінен  және 
маңдайдағы ақ меңінен басқа қаздардан оңай айыруға болады. Тундра 
белдемінде  ол  көбінесе  құрлық  жерлерді  мекендейді,  ал  бірақ  суда 
жақсы  жүзеді,  қажеттілік  туса  су  астына  да  жақсы  сүңгиді.  Судан 
алыс  емес  құрлық  жерлерде  ұя  салып  жұмыртқалайды.  Күзде
оңтүстікке қайтып кетеді.
Тундралық 
қаздардын 
тағы 
бір 
өкілі- 
қызылжемсаулы
қарашақаз.  Оның  мойыны  қысқа,  өңі  басқа  қаздардан  ашық:  тұлғасы
қара  ала  бола  тұра  кеудесі,  жемсауы,  ұрттары  қызыл  күрең  болуы-
174

О Һ Ы Ң  
түсінің  негізгі  ерекшелігі.  Ол  тундраның  суға  жақын 
орналасқан  үстірт,  қыраттарын  мекендейді.  Суға  жүзімтал  жэне 
жақсы 
сүңги 
алады. 
Ол 
маусым 
айының 
ортасы 
кезінен 
жұмыртқалайтын жерін таңдап тауып,  шөбі  бітік, бұталы, суға жақын 
жағапауға  ұялайды.  Бір  жерге  4-5  жұп  қарашақаз  колониялы  топпен
ұя салады.
Тундралық өлкелерде шаруашылықтың эртүрлі салалары дамып, 
өлкені  игере  бастауы  және  қаскерлік  түрде  заңсыз  атып  аулаудың 
әсерінен  қызылжемсаулы  қарашақаздың  саны  соңғы  жылдары  азая 
бастацы.  Осыған  байланысты  оны  Ресейдің  қызыл  кітабына  енгізіп 
жэне Таймыр жеріне мемлекеттік қорын орнатып қорғауга алынды.
Тундра  жеріне  үйректерден  айдарсыз  сүңгуір 
(Ыугоса  тагііа), 
қылқұйрық 
(Апаз  асиіа),
  теңізші  үйрек 
(Сіапсіиіа  һуетаііз)
  үшып 
келіп  жүмыртқалайды.  Бүлардың  барлығы  да  суда  жақсы  жүзетін, 
шебер  сүңгитін  қүстар.  Олар  көлдердің  жағалауына  үя  салып, 
жұмыргқалайды.  Жүмыртқадан  жаңа  шыққан  жас  балапандары 
алғашында енесімен  бірге үясының  маңайында тіршілік  етеді  де,  тек 
бірнеше  күннен  кейін  ғана  суда  тіршілік  ете  бастайды.  Енесі  үнемі 
балапандарымен бірге болып,  суга жүзіп  сүңгуге,  қорек тауып  жеуге, 
жыртқыш  аң, 
қүстардан 
сақтануға  үйретеді. 
Үйректер  ұсақ 
шаяндармен 
және 
су 
жәндіктерімен 
қоректенеді. 
Үйректің 
балапанына көбінесе шағалалар шабуыл жасап шығындайды.
Жаз  маусымында  тундра  белдеміне  үйрек,  қаздармен  бірге 
лашын 
(Ғаісо  реге§гіпиз),
  ақ  сүңқар 
(Ғаісо  %уфІсоп),
  жүнбалақ 
жамансары 
(  Виіео  Іо%ориз)
  қатарлы  жыртқыш  қүстар  келіп 
жұмыртқалайды.  Олар  сом  денелі,  саусақтары  үзын,  түмсығы  мен 
тұяқтары  имек  жэне  өткір  болады.  Лашын  үясын  жартасқа, 
жарқабаққа  немесе  батпақ  арасындағы  аралшық,  төмпешіктерге 
салады,  ал  ақсұңқар  көбінесе  басқа  қүстардың  ескі  ұясына 
жүмыртқалайды.  Лашын,  ақсүңқарлар  үсақ  құстармен  (үйрек,
ақторғай, сарыторғай т.б.) қоректенеді.
Жүнбалақ  жамансары  ағаштың  үсақ  бұтақтарын  тоқып  жерге 
немесе  бүталардың  басына  үя  салады.  Ол  лемминг  тышқандармен 
қоректенеді.  Әдетте  2-4  жүмыртқа  табады.  Бірақ  жүмыртқасының 
саны  лемминг  тышқандарының  санына  байланысты:  лемминг  аз 
жылдары мүлдем жұмыртқаламайды.
175

4
5
6
/
25-сурет. Тундра жануарлары:
1- қызыл жемсаулы  қараша қаз;  2- айдарсыз сүңгір (үйрек);  3- жүнбалык 
жамансары; 4- қаратөс қүмдауық;  5- күжіркей; 6- ақ тырна;  7- солтүстік
бұғысы;  8- ақтүлкі.
176

Тундра  белдемінде  ең  көп  тараған  батпақ  құстарының  бірі- 
қаратөс  құмдауық 
(Егоііа  аіріпе).
  Ол  таяз  судан  жэне  батпақтың 
арасынан  ұсақ  жәндіктерді  теріп  жеп  қоректенеді.  Батпақ  пен  таяз 
суда  мекендеуіне  байланысты  аяғы  және  тұмсығы  ұзын.  Тамағы  мен 
жемсауының  түсі  қара,  көкірегі  мен  басқа  бөлігі  түгелдей  ақ. 
Қорегінің 
басым 
бөлігін 
жәндіктер, 
шаянтэрізділер 
және 
былқылдақденелілер  иеленеді.  Қаратөс  құмдауық суда жақсы жүзеді, 
жылдам  ұшады,  жермен  де  жақсы  жүгіреді.  ¥ясын  батпақтың 
арасындағы томпақтарға салады, ескі шөптермен жауып жасырады.
Тундраға  тэн  тағы  бір  құс-  күжіркей 
(Рһііотасһш  риалах). 
Шағылысар  кезінде  еркек  күжіркейдің  мойынының  мамық  жүндері 
эртүрлі  өңге  бөленіп  өзгереді  жэне үзарып  өсіп  мойынды  жуандатып 
көрсетеді,  басының  қауырсындары  да  ұзарып  айдары  бар  тәрізденіп
көрінеді. 
(25-суреттің 5).
Тундрада  әсіресе  қызғылт  шағала 
(КһосІохШһіа  гозеа)
  көптеп 
кездеседі.  Оның  арқа  жағы  сүрғылт,  ал  кеудесі  мен  құрсақ  жағы 
қызғылт  түсті.  Қызғылт  шагалалар  шағын  топ  қүрып  колониямен 
тіршілік  етеді,  су  жағалауының  шөптесін  өсімдіктерінің  арасына  үя 
салады.  Судан  үсақ  шаян,  балық  үстап  жеуімен  қатар  қүрлықтан 
жәндіктерді және жәндіктердің дернэсілдерін теріп жеп қоректенеді.
Тундраға  келіп  жүмыртқалайтын  құстың  бірі-  ақ  тырна 
-С ги з 
Іеисо%егапи$.
  Ақ  тырнаның  аяғы  мен  мойны  үзын.  денесі  зор, 
түмсығы  істік  тәріздес  үшкір.  Ол-  саны  азайып  бара  жатқан, 
сымбатты  қүстың  бірі.  Қауырсындары  мен  мамық  жүндерінің  түсі 
тұтастай  ақ  болғанымен  қүйрығының  ең  үшындагы  желпуіш 
қауырсындарының  ұшы 
қара  түсті. 
Көбінесе 
су 
астындағы 
қияқөлеңдермен  қоректенеді.  Сонымен  қатар  суда  тіршілік  ететін 
омыртқасыз  жануарларды  басқа  қүстардың  жүмыртқасын  жеуден  де 
тайсалмайды.  Әдетте  екі  жүмыртқа  табады.  Жұмыртқадан  жаңа  ғана 
жарылып  шыққан  балапандары  өзара  жиі  төбелесіп,  аяусыз 
шабуылдасады.  Ақырында  бірі  өліп,  біреуі  ғана  қалады.  Күзде  екі 
ересек  тырнаның  жанында  бір  ғана  балапан  тырна  еріп  жүретіні 
осыған  байланысты.  Ақ тырнаға анық жойылып  кету  қаупі төніп түр. 
Адамның  шаруашылық іс-әрекеті,  заңсыз атып  аулау,  қыс  мерзімінде 
табиғи  шығынға  ұшырап  және  өсімінің  аздығы  бұлардың  санының 
күннен  күнге  азаюына  әкеліп  соқтыруда.  Ақ  тырна  табиғат  пен 
табиғат  қорларын  қоргау  Халықаралық  одағының  жэне  Ресейдің 
қызыл кітабына енгізілген.
177

Тундраға  көктемде  ең  ерте  ұшып  келіп  ұя  салатын  кұс-  ақ 
торғайлар 
(  Ріееігорһепах  пінаіів).
  Олар  тундраның  қары  элі  ерімей 
тұрғанда  ұшып  келіп,  таулы  өлкелердің  ұсақ  тастақты,  қорымды 
беткейлеріне  мекендейді.  Ақ  торғайлардың  жалпы  денесі  ақ  болса 
дағы  қанаты  мен  құйрығының  ұшы  қара,  арқасы  да  қаралтым  түсті. 
Ақторғайлар  ұясын  тастың  үңгір,  қуысына  жасырын  жерлерге 
салады.  Балапандары  ересейіп,  үясынан  ұшқан  соң  ақ  торғайлар  бір 
жерге жиналып  тобыр  құрады.  Содан  соң  көп  ұзамай  тобымен  ұшып
жылы жақа қайтып кетеді.
Бүл  аталған  қүстардың  барлығы  да  тундра  белдеміне  көктемде
келіп,  жаз  бойы  жұмыртқа  басып,  балапанын  өсіріп,  күз  бастала
қыстық мекеніне  қайтып кететін жыл құстары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет