Жануарлар экологиясы


Адамның іс-әрекетінің жануарлар дүниесінс тікелей және жанама әсері



бет2/7
Дата19.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44275
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Æàíóàðëàð ýêîëîãèÿñû

Адамның іс-әрекетінің жануарлар дүниесінс тікелей және жанама әсері.

Жануарлар дүниесінің кейбір түрлерінің жер бетінен құрып кетуі бір қарағанда табиғат заңдылығы. Өйткені эволюциялық даму барысында бір түр жоғалып, екінші түр пайда болып отырады. Бұл құбылыстар көбінесе климаттың өзгеруіне және басқа да табиғи факторларға байланысты.


Адам баласы жануарлар дүниесін өзінің материалдық игілігін жақсарту үшін міндетті түрде пайдаланған. Сондықтан аң мен құстарды аулап, нәтижесінде, олар жойылып отырған. Ал ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресу жолында улы химиялық заттарды пайдаланып, кейбір организмдердің тіршілігін жойған.
Сол сияқты тірі организмдерді тікелей жоюдың ауыр түрі -мемлекетаралық соғыстар. Дүниежүзілік соғыстарда бүкіл тіршілік атаулыны жойып жіберетін қарулар қолданылды. Олар - атом бомбалары, соғыс ракеталары, жарылғыш заттар, т.б.
Бейбіт жағдайда адам баласы ірі құрылыстар, каналдар, суқоймаларын, өндіріс пен өнеркәсіп, автокөліктер, т.б. шаруашылық салаларын дамыта отырып, тірі организмдерге тікелей әсер еткен.


Адам баласының жануарлар дүниесіне жанама әсері.

Орманды қырқуда, тың игеруде, батпақтарды құртуда, суқоймасын салуда, жол құрылыстарын жөндеуде және жайылымдарды пайдалануда байқалады. Нәтижесінде, адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйелер өзгеріп, антропогендік ландшафтарға айналады. Олардың негізгі сипаты фауна мен флораның біртіндеп жойылып, құрып кетуі. Мұндай ландшафтар Қазақстан жерінде баршылық. Олар атом полигондары болған жерлер (Семей, Нарын, Азғыр, Тайсойған, т.б.) немесе Байқоңыр ғарыш айлағы, Арал өңірі, Сарышаған ракета полигоны және ашық кен орындары.


Тың жерлерді игеру мен жайылымдарды пайдалану көптеген дала құстарының тұрақты мекендерін жойып жіберсе, полигондар ірі жануарлардың табиғи тұрақтарын жойып, орын ауыстыруға, ақырында түрлі апаттарға алып барады.
Жоғарыда айтылған мәселелер бүкіл дүниежүзіне тән экологиялық жағдайлар. Сондықтан болар жер шары бойынша сүтқоректілердің 120, ал құстардың 600-ге жуық түрінің біржола жойылып кету қаупі бар.
Осы жағдайларды ескере отырып, барлық адамзат қауымдастығы жер бетіндегі аңдар мен құстарды және басқа да организмдерді қорғау бағытында халықаралық деңгейде жұмыс жүргізуде. Солардың бірі - БҰҰ ұйымдастырған (1972) халықаралық "Қызыл кітап".
Біздің республикамызда сирек кездесетін жануарларды қорғау мәселесі жақсы жолға қойылып отыр. Олар - өздеріне таныс қорықтар ұйымдастыру ісі. Бұл бағытта қазақстандық ғалымдардың тәжірибесі мол Мысалы, қазақ жеріндегі 1875-1880 және 1851-1852 жылдардағы жұттар құландар популяциясын біржола жойғаны тарихтан белгілі. Ал бірлі-жарым құландар қаскерлердің (бранконьер) құрбаны болды.
Құлан сияқты түз тағыларын қалпына келтіру үшін 1953-1964 жылдар аралығында Түрікменстанның Бадхыз қорығынан 19 бас құлан әкелініп, Барсакелмес қорығына жерсіндірілді. Адам баласының қамқорлығына алынған түз тағылары айналысы 50 жылдың ішінде көбейіп, өсе бастады. Қазір оның қоры 500-ден асып, байырғы мекен еткен жерлеріне жіберу басталды. Олардың алғашқы жүздеген басы Алматы облысының Кербұлақ ауданына жіберілді. Өздерін еркін сезінген құландар жыл санап өсе түсуде. Болашақта оларды Үстірт, Бетпақдала, Оңтүстік Балқаш далаларына жіберу жоспарланып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет